L01AA06 Ифосфамид¹ (Ifosfamide)
Қолдану көрсеткіштері
Аталық безінің ісіктері, аналық безінің обыры, жатыр мойнының обыры, сүт безінің обыры, бронхтардың ұсақ жасушалы емес обыры, бронхтардың ұсақ жасушалы обыры, жұмсақ тіндердің саркомасы (рабдомиосаркоманы қоса), остеосаркома, Юинг саркомасы, ұйқы безінің обыры, Ходжкиндік емес лимфома, Ходжкин лимфомасы.
Қарсы көрсеткіштері
Ифосфамидке және оның метаболиттеріне жоғары сезімталдық, сүйек кемігі қызметінің ауыр бұзылыстары (әсіресе бұрын цитоуытты агенттермен немесе радиотерапиямен ем қабылдаған пациенттерде), жедел инфекциялар.
Қауіпсіздік шаралары
Гипопротеинемияда, электролиттік теңгерім бұзылғанда, егде жаста, иммуносупрессияда, қант диабетінде, бас миының метастаздарында, церебральді симптомдарда, жедел инфекциялық ауруларда, кардиоуыттылық даму қаупі факторларында, жүрек ауруларында, қайталама ісіктерде сақтықпен қолданған жөн. ОЖЖ әсер ететін препараттар (құсуға қарсы, транквилизаторлар, есірткі немесе гистаминге қарсы препараттар сияқты) ифосфамид индукцияланған энцефалопатия жағдайында аса сақтықпен қолданылуы керек немесе егер мүмкін болса қабылдануы тоқтатылуы тиіс.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Апрепитант - ифосфамид нейроуыттылығының күшеюі.CYP3A4 тежегіштері (флуконазол, итраконазол, кетоконазол, сорафениб) - нейроуыттылығының және нефроуыттылығының күшеюі.Карбамазепин, глюкокортикостероидтар, шілтерлі шәйқурай препараттары, фенобарбитал, фенитоин, рифампицин, бензодиазепиндер, хлоралгидрат - жағымсыз әсерлері көріністерінің күшеюі.Ангиотензин-айналдырушы фермент тежегіштері - лейкопения және агранулоцитоз даму қаупі.Натализумаб - гематоуыттылық және/немесе иммуносупрессияның күшеюі.Цитостатикалық препараттар (аллопуринол, гидрохлоротиазид) немесе сәулелену - ифосфамид миелоуыттылығының күшеюі.Ацикловир, аминогликозидтер, амфотерицин В, карбоплатин, цисплатин - нефроуытты әсерлерінің күшеюі.Амиодарон, ГКСФ, ГМКСФ - өкпелік уыттылықтың артуы.Хлорпромазин, трийодтиронин немесе альдегиддегидрогеназа тежегіштері - емдік әсердің және ифосфамид уыттылығының артуы.Сульфонилмочевина туындылары - қантты төмендететін әсерінің күшеюі.Суксаметоний - миорелаксациялық әсерінің күшеюі.Этанол - ифосфамидпен бір мезгілде қолдану кезінде жүрек айнуы және құсудың дамуы мүмкін.Кумарин, варфарин туындылары - антикоагулянттық әсерінің күшеюі және қан кету дамуының артуы.Тамоксифен - тромбоэмболиялық асқынулар қаупінің артуы.Вакциналар - вакцинацияға ағза жауабының төмендеуі. Тірі вакциналарды пайдалану вакцинамен туындаған инфекцияларға алып келуі мүмкін.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Созылмалы бүйрек қызметінің бұзылыстары бар пациенттер жағдайына мұқият мониторинг жүргізу керек.Сарысудағы креатинин концентрациясы 120 мкмоль/л асатын болса, қолдануды болдырмау керек.
Бауыр жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану. Созылмалы бауыр қызметінің бұзылыстары бар пациенттер жағдайына мұқият мониторинг жүргізу керек.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Цитоуытты дәрілік заттардың жалпы жағымсыз әсерлері: экстравазация, оральді мукозит, ісіктің лизис синдромы, миелосупрессия, гиперурикемия, жүрек айнуы және құсу, ОЖЖ тарапынан уытты құбылыстар, сүйек кемігінің тежелуі, таздану, тромбоэмболия.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
Дәрілік препараттың дозасы жекелей таңдалады. Нефроуыттылық даму қаупінің факторлары балалардың ерте жасы, жиі 5 жасқа дейінгі балалар болып табылады.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.