J07CA06 Күл, b типті Haemophilus influenzae, көкжөтелге, полиомиелитке, сіреспеге қарсы вакцина (Diphtheria-hemophilus influenzae b-pertussis-poliomyelitis-tetanus)

Қолдану көрсеткіштері

Бұл вакцина күл, сіреспенің, көкжөтелдің, полиомиелиттің және b типті Haemophilus influenzae туындайтын инвазиялық инфекцияның (менингит, септицемия, целлюлит, артрит, эпиглотит және т.б. сол сияқты) біріктірілген профилактикасында қолданылады
- нәрестелерде 2 айлығынан бастап алғашқы вакцинация үшін
- 11 айлық жасынан бастап бустерлік вакцинация үшін.
Бұл вакцина Haemophilus influenzae басқа типтерінен туындаған инфекциялардан немесе басқа микроорганизмдерден туындаған менингиттен қорғанысты қамтамасыз ете алмайды.
    Клинические протоколы:
  1. Гемолитическая анемия у детей
  2. Вакцинопрофилактика иммунокомпрометированных пациентов

Қарсы көрсеткіштері

Вакцинаның кез келген құрамдас бөлігіне жоғары сезімталдық,
алдыңғы күлге, сіреспеге, көкжөтелге қарсы, белсенділігі жойылған полиовакцинаның немесе Hib вакциналарының енгізілуіне аса жоғары сезімталдық реакциясы,
жедел қызбалы ахуалдар
жедел инфекциялық аурулар
анамнездегі алдыңғы көкжөтел вакцинасын енгізгеннен кейін 7 күн ішінде байқалған шығу тегі белгісіз энцефалопатия белгілері.

Қауіпсіздік шаралары

Осы вакцинаны қантамыр арнасына енгізуге болмайды: вакцинаны енгізер алдында иненің қантамырға енгізілмегеніне көз жеткізу қажет. Тері ішіне енгізуге болмайды!
3 жастан асқан балаларда және ересектерге қолданылмайды.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Басқа да вакциналармен бірге (туберкулездің алдын алуға арналған вакциналардан басқа) енгізуге рұқсат етіледі, егер бұл иммунизациялық тізімге кіретін болса.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бұл вакцинаны қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы, немесе В гепатитіне қарсы рекомбинантты вакцинамен бір мезгілде, бірақ дененің әртүрлі екі аймағына енгізуге болады.
Дәрігер жақын арада жасалған вакцинация жөнінде немесе нәрестеге вакцинациямен сәйкес уақытта кез келген басқа дәрілік препараттың енгізілгені жөнінде хабардар болуы тиіс.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдануға шектеу қойылмаған

Жүктілік

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдануға шектеу қойылмаған

Емізу

Вакцина ересектерге қолдануға арналмағандықтан, жүктілік немесе лактация кезінде адамдарда қолдану туралы тиісті деректер жоқ және жануарлардың көбеюіне қатысты тиісті зерттеулер жоқ.

Жағымсыз әсерлері

Вакцина ересектерге қолдануға арналмағандықтан, жүктілік немесе лактация кезінде адамдарда қолдану туралы тиісті деректер жоқ және жануарлардың көбеюіне қатысты тиісті зерттеулер жоқ.

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Өте жиі: инъекция орнында ауырсыну және қызару, инъекция орнында диаметрі 50 мм-ден аз ісіну, ашушаңдық, әдеттен тыс жылау, мазасыздық, тәбеттің жоғалуы, ұйқышылдық, дене қызуының 38ºC-тан жоғары көтерілуі. Жиі: инъекция орнында қатаю, инъекция орнында диаметрі 50 мм-ден астам ісіну, құсу, диарея. Жиі емес: жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциясы, жөтел, бронхит, ринорея, лимфаденопатия, бөртпе, есекжем, дене қызуының 39,5ºC-тан жоғары көтерілуі, шаршау, инъекция жасалған аяқ-қолдың (соның ішінде көршілес буынның) диффузды ісінуі. Сирек: қышу, дерматит. Маңызды! Бұл жағымсыз реакциялардың қысқаша шолуы. Толығырақ ақпарат алу үшін дәрілік препараттың нұсқаулықтарын қараңыз.

Балаларда қолданылуы

Қолданудың стандартты сызбасы:
- алғашқы курс: екі ай аралықпен екі инъекция, біріншісі өмірінің 2 айлығында және екіншісі 4 айлығында.
- ревакцинация: өмірінің 11 айлығында бір инъекция.
Елдегі вакцинация сызбасы жергілікті ресми нұсқауларға сай белгіленеді.