J07B01 Папилломавирусқа (адамдағы 6,11,16, 18 типтері) қарсы вакцина (Papillomavirus (human types 6, 11, 16, 18))
Қолдану көрсеткіштері
Профилактика ретінде:- обыралдының (жатыр мойнының, вульваның және қынаптың) диспластикалық жағдайларына және адам папилломасы вирусының (АПВ) онкогендік типтерінен туындаған жатыр мойнының обырына,- АПВ спецификалық типтерімен этиологиялық жағынан байланысты сыртқы жыныс мүшелерінің өткір ұшты кондиломаларына (condiloma acuminate).
Қарсы көрсеткіштері
Әсер етуші затқа немесе вакцина құрамына кіретін қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; анамнезде вакцинаны мұның алдында енгізгенде болған анафилаксиялық реакция ; жедел инфекциялық ауру немесе ауырлық дәрежесі орташа немесе ауыр созылмалы аурулардың өршуі; дене температурасының 38°С-ден жоғарылауы.
Қауіпсіздік шаралары
Вакцинация жасалатындарға вакцинация курсы кезінде жүктіліктен қорғану қажеттілігі жөнінде ескерту керек. Жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдерге ұсынылмайды. Вакцины ешбір жағдайда тамыр ішіне немесе тері ішіне енгізуге болмайды. Вакцины тромбоцитопениясы немесе қан ұю жүйесінің бұзылуы бар пациенттерге тағайындағанда сақтық керек, өйткені бұлшықет ішіне енгізу уақытында қан кетулер туындауы мүмкін.Егер пациент жедел аурумен ауырса, вакцинацияны кейінге қалдыруға болады, бірақ қызбасы немесе жүйелік ауруы жоқ кішігірім аурулары бар науқастарға иммундауды кешіктірудің қажеті жоқ.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Вакцина басқа препараттармен араластырылмауы тиіс.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Ақпарат жоқ.
Бауыр жеткіліксіздігі
Ақпарат жоқ.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: бас ауыру, дене температурасының қысқа мерзімдік жоғарылауы, вакцинаны енгізген жердің қызаруы, ісінуі, ауырғыштығы (реакция ұзақтығы 5 тәуліктен аспайды және дәрі-дәрмектік ем тағайындауды қажет етпейді) Жиі: бас айналу, жүректің айнуы, аяқ-қолдың ауыруы, вакцинаны енгізген жерде қышыну, гематома;Өте сирек: бронхтың түйілуі;Постмаркетингтік зерттеу нәтижелері: аса жоғары сезімталдық реакциялары, анафилаксиялық, анафилактоидтық реакцияларды, бронхтың түйілуін, есекжемді қоса, идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура, лимфаденопатия, артралгия, миалгия, астения, қалтырау, шаршау, дімкәстік, дене температурасының жоғарылауы, құсу, жедел шашыранды энцефаломиелит, Гиллан-Барре синдромы, кейде тонико-клоникалық құрысулармен қатар жүретін естен танулар, панникулит (целлюлит)
Балаларда қолданылуы
9-дан 13 жасқа дейінгі балалрға 2-ші дозалы сызба бойынша (0,6 айда немесе 0,12 айда) тағайындалуы мүмкін. 9 жасқа дейігі балаларға қарсы көрсетілген. 13 жастан асқан балалардың дозасы ересектердегідей.