J07AN01 Туберкулезді тірі әлсіреген вакцина (Tuberculosis, live attenuated)

Қолдану көрсеткіштері

Балалар мен ересектерді туберкулезге қарсы белсенді иммунизациялау.

    Клинические протоколы:
  1. Рак мочевого пузыря
  2. Вакцинопрофилактика иммунокомпрометированных пациентов

Қарсы көрсеткіштері

  • белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
  • гипогаммаглобулинемиялар
  • біріншілік және екіншілік иммунитет тапшылығы
  • АИТВ/ЖИТС (латентті және манифестті түрлері), АИТВ жұқтырған аналардан туған балаларды қосқанда
  • глюкокортикостероидтармен, иммуносупрессанттармен ұзақ уақыт емдеу, радиотерапия
  • қатерлі ісіктер, лимфоманы, Ходжкин ауруын, ретикулоэндотелиальді жүйенің басқа ісіктерін қосқанда
  • лейкемия, саркоидоз
  • инъекция орнында алдыңғы вакцинацияға келлоидты тыртықтың немесе қызыл жегіге ұқсас тері реакциясының пайда болуы
  • температурамен немесе онсыз жүретін жедел сипатты аурулар (клиникалық біліністері жойылғаннан кейін 4 аптадан соң иммунизация жасалады)
  • күні жетпей туу (бала денесінің салмағы 2000 граммнан төмен)
  • орталық жүйке жүйесінің зақымдануы, оның ішінде орташа ауырлықтағы және ауыр дәрежедегі неврологиялық симптомдарымен босану кезіндегі жарақаттар
  • жаңа туылғандардың гемолиздік аурулары (орташа ауырлықтағы және ауыр түрлері)
  • ауруханаішілік инфекциялар, жаңа туғандар сепсисі
  • оң және күмәнді Манту реакциясы

Созылмалы экзема немесе басқа дерматологиялық ауруларда вакцинаны сау тері аймағына енгізуге болады.

Қауіпсіздік шаралары

Вакцина қатаң түрде тек тері ішіне енгізу үшін ғана қолданылуы керек.

Вакцинаны тері ішілік вакцинация техникасын игерген білікті қызметкер ғана енгізуі керек.

Анафилаксиялық реакция өте сирек кездеседі.

Вакцинациядан кейін бала 30 минут бойы дәрігердің бақылауында болуы керек.

Қалдық тыртықтың болмауы вакцинацияны қайталауға көрсетілім болып табылмайды.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Вакцинаны КДС, ДС, СА, қызылшаға, полиомиелитке (ОПВ және ИПВ), В гепатитіне, b типті гемофильді инфекцияға, сары қызбаға қарсы вакциналармен, және A дәрумені қоспаларымен бір мезгілде, бірақ түрлі инъекция орындарына қауіпсіз және тиімді енгізуге болады. Оны кез келген басқа вакцинамен бір құтыда немесе шприцте араластыруға болмайды.

БЦЖ вакцинасы сияқты бір уақытта инъекцияға арналған басқа вакциналар бір қолға енгізілмеуі керек. Егер олар бір уақытта қолдануға арналмаса, вакцинациялар арасындағы аралық төрт аптадан кем болмауы тиіс.

Жергілікті лимфаденит даму қаупіне байланысты, БЦЖ вакцинациясы жасалған қолға 3 ай бойы келесі вакциналарды жасау ұсынылмайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі

мәліметтер жоқ

Бауыр жеткіліксіздігі

мәліметтер жоқ

Жүктілік

Жүктілік кезінде әйелдерді вакцинациялау үшін ешқандай көрсетілімдер жоқ.

Жүктілік кезінде дәрілік затты қолданар алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады.

Емізу

Вакцинацияға қарамастан, емшек емізуді жалғастыруға болады.

Емшек емізу кезінде дәрілік затты қолданар алдында дәрігермен кеңесу ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі:

  • енгізу орнындағы тыртық
  • енгізу орнындағы папула, түйін немесе ойық жара
  • жергілікті лимфа түйіндерінің 1 см-ден аса үлкеюі

Жиі:

  • сүзбе тәрізді бөліністер
  • енгізу орнындағы индурация
  • енгізу орнындағы эритема
  • пирексия

Жиі емес:

  • лимфаденопатия
  • енгізу орнындағы абсцесс

Сирек:

  • ыстықтау сезімі және бас ауыруы
  • диссеминацияланған БЦЖ асқынулары, остит немесе остеомелитті қоса, біріншілік немесе екіншілік иммунитет тапшылығы бар немесе вакцинацияланған субъектімен қарым-қатынаста өмір сүретін пациенттерде пайда болады (инфекцияның жайылуын бақылау үшін, таңдап алынған туберкулезге қарсы препараттармен сәйкес келетін емдеу режимі туралы міндетті түрде дәрігердің кеңесін алу керек)
  • анафилаксиялық реакция немесе шокты қоса, аллергиялық реакциялар

Өте сирек:

  • жедел эритема және ауырсынумен жүретін инъекция орнындағы реакциялар
  • инъекция орнының ойық жара болуы
  • келлоидты тыртықтар
  • іріңді лимфаденит, абсцесстің пайда болуы

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Вакцинаны алғашқы вакцинация және ревакцинацияда тек тері ішіне төмендегі дозаларда қолданады:

  • бір жасқа дейінгі балаларға 0,05 мл-ден (бір педиатриялық доза);
  • 1 жастан асқан балаларға және ересектерге 0,1 мл-ден.

Алғашқы вакцинацияны күні жетіп туған дені сау жаңа туған нәрестелерге өмірінің алғашқы төрт күні ішінде және күні жетпей туғандарға дене салмағы 2,0 килограммға жеткеннен кейін жүргізеді. Жаңа туған нәрестелерге педиатрмен тексеріліп, нәрестені егуге рұқсат туу тарихында жазылған соң вакцинация жасалады.

Ревакцинация:

  • 6-дан 7 жасқа дейінгі және 11-ден 12 жасқа дейінгі жастағы Манту 2ТБ сынамасына тері ішілік теріс реакциясымен, дені сау, инфекция жұқтырмаған балаларға;
  • күмәнді реакциясымен, Манту 2ТБ сынамасын қайталап (3 айдан кейін) жасағаннан кейін және оның теріс нәтижесі бар тұлғаларға жасалады.

БЦЖ вакцинасы бір жасқа дейінгі балалар үшін 20 дозада (0.05 мл) / бір жастан асқан балалар үшін 10 дозада (0.1 мл) жеткізілген сұйылтқыштың ішіндегісінің бәрін қосу арқылы сұйылтылады.

Балаларда қолданылуы

Жеке бөлек мәлімет келтірілмеген — қараңыз «Показания, способ применения, дозировки» бөлімі (жасқа қарай дозалау көрсетілген).