J07AL02 Пневмококктық тазартылған полисахаридті конъюгацияланған антиген (Pneumococcus, purified polysaccharides antigen conjugated)
Қолдану көрсеткіштері
| 6 аптадан бастап 18 жасқа дейінгі нәрестелерді, балалар мен жасөспірімдерді Streptococcus pneumoniae туындаған инвазиялық аурулардың, пневмонияның және жедел ортаңғы отиттің профилактикасы үшін белсенді иммунизациялау. 18 жастағы және одан үлкен адамдарды Streptococcus pneumoniae туындаған инвазиялық аурулардың және пневмонияның профилактикасы үшін белсенді иммунизациялау. |
-
Клинические протоколы:
- Аутоиммунная гемолитическая анемия у взрослых
- Гемолитическая анемия у детей
- Иммунная тромбоцитопения у взрослых
- Пневмококковая вакцинация у взрослых
Қарсы көрсеткіштері
| осы вакцинаның белсенді заттарына немесе қандай да бір басқа компоненттеріне, сондай-ақ құрамында күл анатоксині бар қандай да бір басқа вакциналарға аллергия (аса жоғары сезімталдық) бар болса; жоғары температурамен (38 °C-ден асатын) ауыр инфекция дамыса. |
Қауіпсіздік шаралары
| Вакцинаны тромбоцитопениясы немесе қан ұюының бұзылуы бар адамдарда сақтықпен қолдану керек, өйткені бұлшықет ішіне енгізгеннен кейін қан кету пайда болуы мүмкін. Көктамыр ішіне, тері ішіне немесе бұлшықет ішіне бөксе аймағына енгізбеңіз! Вакцинаны басқа вакциналармен/дәрі-дәрмектермен бір шприцте араластырмаңыз. Вакцинация сауығудан кейін немесе ремиссия кезінде енгізіледі. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
| Келесі вакциналық антигендердің кез келгенімен моновалентті түрде де, біріктірілген вакциналар құрамында да бір мезгілде енгізуге болады: күл, сіреспе, жасушасыз көкжөтел компоненті, В гепатиті, Haemophilus influenzae b типі, полиомиелитке, қызылшаға, эпидемиялық паротитке, қызамыққа және желшешекке қарсы белсенділігі жойылған вакциналар Әртүрлі вакциналарды әрқашан дененің әртүрлі жерлеріне енгізу керек. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
| Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдануға шектеу қойылмаған |
Бауыр жеткіліксіздігі
| Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдануға шектеу қойылмаған |
Жүктілік
| Жүктілік, жүктілікке күдік немесе жүктілікті жоспарлау жағдайында осы вакцинаны қабылдар алдында дәрігермен кеңесу керек. |
Емізу
| Бала емізу кезінде осы вакцинаны қабылдар алдында дәрігермен кеңесу керек. |
Жағымсыз әсерлері
| Өте
жиі дамуы мүмкін: тәбеттің
төмендеуі, жоғары температура; ашушаңдық; вакцинаны енгізген жердің ауыруы, ауырсынуы, қызаруы, домбығуы немесе тығыздануы; ұйқышылдық; мазасыз ұйқы, вакцинаны енгізген жердің қызаруы, тығыздануы. Жиі дамуы мүмкін: бас ауруы ,құсу, диарея, жоғары температура, бөртпе Толығырақ ақпарат алу үшін препараттың нұсқауларын қараңыз. |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
| Пневмококк
ауруларының, соның ішінде пневмонияның және Streptococcus pneumoniae
тудыратын инвазивті аурулардың алдын алу. Дәрігер немесе медбике вакцинаның ұсынылған дозасын ересек адамның қолына немесе баланың қолына немесе аяғына енгізеді. Дозалау режимі ресми ұсыныстарға және қаптамадағы нұсқаулыққа сәйкес анықталады. |
Балаларда қолданылуы
| Иммунизацияның бастапқы сериясын жүргізген кезде мерзіміне тым ерте жетпей туылған нәрестелерде (жүктіліктің 28-ші аптасында немесе оған дейін туған) және әсіресе анамнезінде тыныс алу жолдарының жетілмеуі бар балаларда, апноэ пайда болуының әлеуетті қаупін және тыныс алуды 48–72 сағат бойы мониторингтеу қажеттілігін ескеру керек. Нәрестелердің осы тобында вакцинациялаудың пайдасы жоғары болатындықтан, вакцинациялаудан тартынуға немесе оны кейінге қалдыруға болмайды. |