J07AH04 Менингококкты тетравалентті тазартылған полисахаридті антиген (Meningococcus A, C, Y, W-135, tetravalent purified polysaccharides antigen)

Қолдану көрсеткіштері

A, C, W135 және Y серотоптарының менингококктерінен туындаған менингитке қарсы  белсенді иммунизациялауда.Вакцина әсіресе жұғу қаупі жоғары, мысалы, эпидемия ауданында немесе осы жұқпа бойынша эндемиялық аумақта тұратын немесе оларға баратын адамдарға ұсынылады.   Вакцина сондай-ақ оқшау топтарда немесе, A, C, W135  және Y серотоптарының менингококктерінен туындаған менингитпен ауыратын науқастармен жақын қарым-қатынаста болған адамдарға да ұсынылады.
    Клинические протоколы:
  1. Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых

Қарсы көрсеткіштері

Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; бұған дейін енгізілген Менсевакс ACWY вакцинасына жоғары сезімталдық реакциялары.

Қауіпсіздік шаралары

• Препаратты енгізген кезде инъекциядан кейін дамуы мүмкін анафилаксиялық реакцияларды емдеу үшін барлық қажетті заттар әрдайым болуы керек.•  Препаратты инъекциялық жолмен енгізуге психологиялық реакция ретінде естен тану дамуы мүмкін, осыған байланысты пациент құлаған кезде соғылуы және жарақаттануы мүмкін екендігін алдын ала ескерту қажет.    •  Вакцинация алдында пациенттің медициналық карточкасын  зерттеу және клиникалық тексеру жүргізу қажет.  • Вакцинасы ешқандай жағдайда қантамыр ішіне (к/і немесе т/і) тағайындалмауы тиіс.  • препаратын енгізуді дене температурасының жоғарылауымен қатар жүретін жедел ауыр аурулары бар адамдарда кейінге қалдыру қажет. • Вакцина  А, С, W135  және Y серотобынан басқа серотоптарға жататын менингококктерден туындаған менингококктік менингиттен қорғамайды және вакцина  егілгендердің  100%-да иммунитеттің пайда болуына кепіл бола алмайды. Вакцинаны иммунитет бұзылулары бар адамдарға енгізген кезде вакцина тиімді иммундық жауапты туындатпауы мүмкін. • Құрамында полисахаридті С серотипі бар вакциналармен қайталап вакцина жасау, алғашқы вакцинациядағы титрлермен салыстырғанда, осы серотопқа төменірек жауапты тудыруы мүмкін.    • А, С, W135 және Y серотоптарынан туындаған менингиттің даму қаупі жоғары аймақтағы субъектілерде, ресми ұсынымдарға сәйкес, вакцинацияны қайталау мүмкіндігін қарастыру қажет.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

• Вакцинаны басқа вакциналармен бір мезгілде енгізуге болады, мұндайда препараттар дененің әртүрлі жерлеріне әртүрлі еккіштермен енгізілуі тиіс. • Вакцинананы басқа вакциналармен араластыруға болмайды.  

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозасын түзету талап етілмейді.

Бауыр жеткіліксіздігі

Дозасын түзету талап етілмейді.

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда бала үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Емізу

Менингококкты менингитке қарсы вакцина бала емізетін әйелдерге, айқын қажеттілік жағдайында, ана үшін потенциальді пайдасы нәресте үшін ықтимал қаупінен басым болған кезде ғана тағайындалады.  

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: ашушаңдық, қалғу, бас ауыру; инъекция жасалған жердің ауырушаңдығы және қызаруы; шаршауЖиі: тәбеттің жоғалуы; қозу, ұйқышылдық; гастроинтестинальді симптомдар (жүректің айнуы, құсу, диарея); миалгия; инъекция жасалған жерде ісіну, температураның жоғарылауыСирек: бас айналуПостмаркетингтік деректер: анафилаксиялық шокты және анафилактоидтық реакцияларды қоса, аллергиялық реакциялар; есекжем, бөртпе, ангионевротикалық ісіну; артралгия, бұлшықеттердің сіресуі; тұмауға ұқсас симптомдар, қалтырау.

Балаларда қолданылуы

Тері астына 0,5 мл иықтың дельта тәріздес бұлшықеті аймағына егілуге арналған. 2 жастан асқан балаларға, вакцинацияны қайталау кем дегенде 3 жылдан соң жасалады. 5 жасқа дейін вакцинацияланған балаларға, егер олар жоғары қауіп аймағында болса, ревакцинация 2-3 жылдан соң жасалады.2 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.Қолданар алдында қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танусу керек.