J06AA06 Құтыруға қарсы сарысу (Rabies serum)

Қолдану көрсеткіштері

Құтыру ауруының жедел пассивті иммунопрофилактикасы.
Құтырумен ауырған немесе құтыруға күдікті жануармен жанасқаннан кейін адамдарға қолданылады.
Құтыруға қарсы сарысу құтырудың постконтактілік профилактикасы құрамында құтыруға қарсы вакцинамен бірге қолданылады.
    Клинические протоколы:
  1. Бешенство у взрослых

Қарсы көрсеткіштері

Емдік-профилактикалық иммунизацияға қарсы көрсетілімдер жоқ, өйткені иммунизациялау өмірлік маңызы бар көрсетілімдер бойынша жүргізіледі.

Қауіпсіздік шаралары

Арнайы медициналық мекемелер үшін. Анамнезінде аллергиялық реакциялары немесе жылқы сарысуының компоненттеріне аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерге ерекше сақтықпен тағайындау керек.
Сарысудың тазартылу дәрежесінің жоғары екендігіне қарамастан, қолданар алдында міндетті түрде теріге жасалатын тест жүргізу ұсынылады.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Құтыруға шалдығудың алдын алу үшін, жараланып жұқтырудан кейін иммундық сарысу мен вакцинаны бір мезгілде тағайындау қажет. Вакцина дененің басқа бөліктеріне, егер мүмкін болса – контрлатеральді енгізіледі. Сарысу вакцинамен бір шприцте тағайындалмайды.
Емдік-профилактикалық вакцинациялау курсын жүргізу кезінде басқа препараттармен вакцинация жүргізуге тыйым салынады. Құтыруға қарсы вакцинациялау аяқталғаннан кейін басқа вакциналармен екпе жасауға, кемінде 2 айдан соң рұқсат беріледі.
Құтыруға қарсы вакцинация курсы аяқталғаннан кейін басқа вакциналармен вакцинациялауды 2 айдан ерте жүргізуге болмайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясы бұзылған кезде құтыруға қарсы сарысу дозасын түзету қажет емес.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр функциясы бұзылған кезде құтыруға қарсы сарысу дозасын түзету қажет емес.

Жүктілік

Жүктілік кезінде құтыруға қарсы сарысуды қолданудың қауіпсіздігі анықталмаған. Құтыру ауруы кезінде өлімге әкелу қаупінің жоғары болуын ескере отырып, жүктілік сарысуды қолдануға қарсы көрсетілім болып табылмайды.

Емізу

Құтырумен байланысты өлім қаупін ескерсек, жүктілік және лактация кезеңі сарысуды тағайындау үшін қарсы көрсетілім болып табылмайды

Жағымсыз әсерлері

Артериялық гипертензиямен, ентігумен, аллергиялық бөртпемен қатар жүретін жедел типті аллергиялық реакциялар (анафилаксия) және баяу типті аллергиялық реакциялар, артериялық гипотензия, ентігу, қызба, бөртпе, қышыну, есекжем, қабыну реакциясы, аденопатия (аймақтық лимфа түйіндерінің ұлғаюы), артралгия, енгізу орнында аздап ісіну, қызару, ауырсыну.
Маңызды! Мұнда жағымсыз реакцияларға қысқаша шолу берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа жүгініңіз.

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Құтыруға қарсы сарысу құтырумен ауырған немесе құтыруға күдікті жануармен жанасқаннан кейін постконтактілік профилактика құрамында құтыруға қарсы вакцинамен біріктіріп, мүмкіндігінше ертерек бір рет енгізіледі.
Біріктірілген профилактикаға көрсетілімдер болған кезде алдымен құтыруға қарсы сарысу, содан кейін 30 минуттан кешіктірмей құтыруға қарсы вакцина енгізіледі. Сарысу мен вакцина әртүрлі анатомиялық аймақтарға енгізіледі.
Ересектер мен балаларға ұсынылатын доза дене салмағына 40 ХБ/кг құрайды. Ұсынылатын дозадан асыруға жол берілмейді.
Есептелген сарысу дозасының мүмкіндігінше көп бөлігі жараның айналасындағы және жараның тереңіндегі тіндерге инфильтрациялау арқылы енгізіледі. Дозаның қалған бөлігі вакцинаны енгізу орнынан бөлек жерге бұлшықет ішіне енгізіледі.

Балаларда қолданылуы

Құтыруға қарсы сарысу балаларға ересектердегідей дозада — дене салмағына 40 ХБ/кг мөлшерінде қолданылады.
Препаратты тағайындау және дозаны таңдау кезінде емдеудің ұлттық стандарттарын, мамандандырылған медициналық ұйымдардағы емдеу хаттамаларын және дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты басшылыққа алу керек.