J05AG03 Эфавиренз¹ (Efavirenz)
Қолдану көрсеткіштері
Біріктірілген антиретровирусты ем құрамында ересектер және жасөспірімдердегі АИТВ-1 инфекциясын емдеу.
-
Клинические протоколы:
- ВИЧ-инфекция у взрослых
- ВИЧ-инфекция у детей
- Сочетанная ВИЧ/ТБ инфекция
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез-келгеніне аса жоғары сезімталдық, терфенадинмен, вориканозолмен, астемизолмен, цизапридпен, мидазоламмен, триазоламмен, пимозидпен, бепридилмен немесе қастауыш алкалоидтарымен (мысалы, эрготамин, дигидроэрготамин, эргоновин, метилэргоновин) бірге тағайындау, эфавиренздің клиникалық тиімділігінің азаюы және қан плазмасындағы концентрациясының төмендеуі мүмкіндігіне байланысты, құрамында шілтерлі шәйқурай (Hypericum perforatum) бар препараттармен бір мезгілде қабылдау, тұқым қуалайтын галактоза/лактозаны көтере алмаушылық, лактаза тапшылығы, глюкоза/галактоза мальабсорбциясы синдромы.
Қауіпсіздік шаралары
Егер біріктірілген емнің құрамына кіретін антиретровирустық препараттардың біреуін, оның жағымдылығына күмәнданғандықтан тоқтатса, онда барлық антиретровирустық препараттарды қабылдауды бір мезгілде тоқтату мүмкіндігін мұқият қарастыру қажет.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Атазанавир - атазанавир әсерінің төмендеуі.Ритонавир - ритонавир әсерінің артуы.Варфарин - варфарин концентрациясының артуы немесе төмендеуі.Вориконазол - плазмадағы вориконазол концентрациясының төмендеуі, вориконазолдың емдік тиімділігінің азаюы, стандартты дозаларда бірге пайдаланбау.Итраконазол - итраконазол әсерінің төмендеуі, гидроксиитраконазол әсерінің төмендеуі, баламалы зеңге қарсы емді қарастыру.Посаконазол - посаконазол әсерінің төмендеуі, пайдасы қауіптен жоғары болған жағдайды қоспағанда, бір мезгілде пайдалануды болдырмау керек.Фелодипин, никардипин, нифедипин, верапамил - кальций өзекшелері блокаторлары әсерінің төмендеуі.HMG-CoA редуктаза тежегіштері (аторвастатин, правастатин, симвастатин) - HMG-CoA редуктаза тежегіштері әсерінің төмендеуі.Гормональді контрацептивтер (пероральді этинилэстрадиол/норгестимат) - норгестиматтың белсенді метаболиттері әсерінің төмендеуі.Иммунодепрессивті дәрілер (циклоспорин, такролимус, сиролимус және өзге CYP3A метаболиздеушілер) - иммунодепрессивті дәрілер әсерінің төмендеуі.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр қызметінің ауыр бұзылыстарында қарсы көрсетілген. Анамнезінде В және С гепатиті анықталған немесе болжам жасалған пациенттерде және бауырға уытты әсері бар препараттарды қабылдап жүрген пациенттерде бауырлық ферменттерге жүйелі бақылау жүргізу ұсынылады. Сарысулық трансаминазалар белсенділігінің қалыпты деңгейінің жоғары шегінен 5 есе тұрақты жоғарылауы бар пациенттерде эфавирензбен емді жалғастырудың пайдасы гепатоуытты әсердің пайда болуына қатысты мүмкін болатын қауіппен сәйкес келтірілуі қажет.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: бөртпе.Жиі: патологиялық түс көрулер, зейіннің бұзылуы немесе зейін қоюдың төмендеуі, бас айналуы, бас ауыруы, ұйқысыздық, ұйқышылдық, мишықтық қимыл-қозғалыс үйлесімі мен тепе-теңдіктің бұзылуы, ауыр депрессия, іштің ауыруы, диарея, жүрек айнуы, құсу, тәбеттің жойылуы, қышыну, бөртпе, терінің қабыршықтануы, терінің қызаруы, ауырлық дәрежесі орта және жеңіл макулопапулезді тері бөртпелері, иммундық жүйе тарапынан бұзылыстар, аллергиялық реакциялар, иммундық жүйенің реактивация синдромы, АСТ және АЛТ белсенділігінің жоғарылауы.Жиі емес: вертиго, амнезия, қимыл-қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, атаксия, сананың шатасуы, құрысулар, патологиялық ойлар, тремор, жедел панкреатит, экссудативті полиморфты эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, жедел гепатит, бауыр жеткіліксіздігі, озбыр мінез-құлық, параноидты реакциялар, маниакальді реакциялар.Сирек: гипестезия, парестезия, нейропатия, ентігу, тахикардия. Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балалар (дене салмағы ≥ 40 кг болатын 6 жастан 17 жасқа дейінгі): ПТ және/немесе КТНТ-мен біріктіріліміндегі эфавиренздің тәуліктік дозасы тәулігіне 600 мг құрайды. 18 жасқа дейінгі балалар (дене салмағы < 40 кг болатын 6 жастан 17 жасқа дейінгі): 200 мг және 50 мг. Дене салмағы 40 кг төмен 6 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.