J05AF10 Энтекавир (Entecavir)
Қолдану көрсеткіштері
Ересектердегі созылмалы В гепатитінде: бауырдың компенсацияланған зақымдануымен және вирустық репликациясы, сарысу трансаминазалары (АЛТ немесе ACT) деңгейінің жоғарылауы және бауырдағы қабыну үдерісінің және/немесе фиброздың гистологиялық белгілерінде; бауырдың декомпенсацияланған зақымдануында.
-
Клинические протоколы:
- Хронический вирусный гепатит В у детей
- Хронический гепатит В у взрослых
Қарсы көрсеткіштері
Препараттың белсенді затына немесе препараттың қосымша компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық; тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.
Қауіпсіздік шаралары
Созылмалы гепатит кезінде айтарлықтай кең таралған құбылыс АЛТ өтпелі жоғарылауымен жүретін кенеттен өршулері. Вирусқа қарсы емді бастағаннан кейін кейбір пациенттерде АЛТ деңгейі жоғарылауы мүмкін, ал қан сарысуындағы ВГВ ДНҚ деңгейлері төмендейді. Өршулері, орташа алғанда, 4-5-ші аптада басталады. Бауырдың компенсацияланған ауруы бар пациенттерде қан сарысуындағы АЛТ жоғарылауы, әдетте, қан сарысуындағы билирубин концентрациясының жоғарылауымен немесе бауырдың декомпенсациясымен қатар жүрмейді. Бауырдың үдемелі ауруы немесе циррозы бар пациенттерді емдеу кезінде мұқият клиникалық және зертханалық қадағалау жүргізу керек, өйткені, мұндай пациенттердің гепатит өршіген кезде бауыр декомпенсациясына ұшырау қаупі жоғарырақ.Энтекавирді қабылдауды қоса, В гепатитінен емделуді тоқтатқан пациенттерде, В гепатитінің күрделі жедел қайталану жағдайлары байқалған. Емдеуден кейінгі өршу, әдетте, ВГВ ДНҚ көбеюімен байланысты, соның ішінде, өлімге соқтырған жағдайлары болған. Орташа алғанда, өршулер бұрын нуклеозидтік препараттарды қабылдамаған пациенттерде, энтекавир препаратымен емдеу аяқталғаннан кейінгі 23-24-ші аптада басталады. Олардың көпшілігі HBeAg теріс пациенттерде тіркелген. Бауыр функциясын клиникалық және зертханалық қадағалаулар гепатитті емдеу тоқтатылғаннан кейін кемінде 6 ай бойы, бірдей уақыт аралығында бақылануы тиіс.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Энтекавир көбінесе бүйрек арқылы шығарылатындықтан, бүйрек функциясын төмендететін немесе өзекшелік сөлініс деңгейінде бәсекелесетін дәрілермен бір мезгілде енгізгенде, энтекавирдің немесе аталған дәрілердің қан плазмасындағы концентрациясы жоғарылауы мүмкін.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Гемодиализдегі науқастарға, креатинин клиренсі < 50 мл/минутты құрайтын пациенттерге препаратты қолдану ұсынылмайды.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауырдың декомпенсацияланған ауруы немесе бауыр циррозы бар пациенттер үшін емдеуді тоқтату ұсынылмайды.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: ұйқысыздық,бас ауыруы, бас айналуы, ұйқышылдық, қажу, құсу, диарея, жүрек айнуы, диспепсия, құрсақ қуысының ауыруы, дене салмағының күрт төмендеуі, ентігу, тыныс алудың жиілеуі, бұлшықет әлсіздігі, трансаминазалар белсенділігінің жоғарылауы, қандағы бикарбонат концентрациясының төмендеуі, АЛТ белсенділігінің және билирубин концентрациясының ҚЖШ-мен салыстырғанда 2 еседен артық жоғарылауы, альбумин концентрациясының 2.5 г/дл аз болуы, липаза белсенділігінің нормамен салыстырғанда 3 еседен артық жоғарылауы, тромбоциттер концентрациясының 50000/мм3 төмендеуі, амилаза, липаза концентрациясының жоғарылауы.Жиі емес: бөртпе, алопеция.Сирек: лактоацидоз,анафилактоидтық реакция,бүйрек жеткіліксіздігі.
Балаларда қолданылуы
Қарсы көрсетілген.