J05AE07 Фосампренавир (Fosamprenavir)
Қолдану көрсеткіштері
Ритонавирдің төмен дозаларымен бірге, басқа да антиретровирустық препараттармен кешенді ем құрамында І типті адам иммунитеті тапшылығы вирусы (АИВ-І) бар пациенттерді емдеу.
Қарсы көрсеткіштері
Фосампренавир, ампренавир немесе препараттың кез келген басқа компонентіне жоғары сезімталдық; дене салмағы 39 кг төмен пациенттерде ритановирмен біріктірілімінде және дене салмағы 47 кг төмен ритонавирсіз препаратты тағайындауда.
Қауіпсіздік шаралары
Гемофилиясы бар пациенттерді протеаза тежегіштерімен емдеу нәтижесінде қан кету күшеюі мүмкіндігі туралы ескерту керек.Антиретровирусты препараттармен, соның ішінде фосампренавирмен емдеу АИТВ басқа адамдарға жыныстық қатынас арқылы немесе қан құю кезінде берілу қаупінің алдын алмайды, сондықтан пациенттер сәйкес қауіпсіздік шараларын сақтау керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Амиодарон, бепридил, хинидин, терфенадин, астемизол, цизаприд, пимозид, альфузозин, пероральді мидазолам, пероральді триазолам, кветиапин, эрготамин, дигидроэрготамин, эргоновин, метилэргоновин – CYP3A4 цитохромының тежелуі, ол ауыр және/ немесе өмірге қауіп төндіретін реакциялардың дамуына алып келуі мүмкін (жүрек аритмиясы, гипотензия, ұзақ седация, тынысалу қызметінің тежелуі, перифериялық вазоспазм);
Силденафил – силденафилдің жағымсыз әсерлерінің күшеюі;
Симвастастатин немесе ловастатин – рабдомиолизге дейін миопатиялардың даму мүмкіндігі;
Рифампицин – плазмада ампренавирдің төмендеуі және нәтижесінде препараттың клиникалық әсерінің әлсіреуі;
Шұрық шайқурай - ампренавирдің плазмалық концентрациясының азаюы және оның клиникалық тиімділігінің төмендеуі;
Галофарин – өмірге қауіп төндіретін аритмиялар дамуына алып келуі мүмкін;
Ралтегравир - екі препараттың да концентрацияларының төмендеу мүмкіндігі.
Мұнда маңыздырақ дәрілік өзара әрекеттесулер ғана берілгеніне көңіл аударыңыз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Дозасын түзету талап етілмейді.
Бауыр жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану.
Жүктілік
Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: диарея, гиперхолестеринемия;Жиі: бас ауыруы, бас айналуы, ауыз қуысы шырышты қабатының парестезиясы, жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, гипертриглицеридемия, АЛТ (аланинаминотрансфераза), АСТ деңгейінің (аспартатаминотрансфераза), қандағы липаза жоғарылауы, бөртпе;Жиі емес: ангионевротикалық ісіну, миокард инфарктісі, нефролитиаз;Сирек: Стивенс-Джонсон синдромы.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
4 жасқа дейінгі балаларда фармакокинетикасы, тиімділігі және қауіпсіздігі зерттелмеген. 6 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды. Педиатрияда нақты дозалау үшін суспензия түрін қолдану ұсынылады. Препараттың таблетка түрі жұту рефлексі сақталған және ритановир біріктірілімімен тағайындағанда дене салмағы 39 кг жоғары балалар және 47 кг жоғары- ританавирсіз тағайындағанда балаларда қолдану рұқсат етіледі. Бұрын протеаза тежегіштерімен терапия қабылдамаған, дене салмағы 47 кг жоғары және жұту рефлексі сақталған балаларға - 1400 мг дозада күніне екі рет. Бұрын протеаза тежегіштерімен терапия қабылдаған және қабылдамаған, дене салмағы 39 кг жоғары және жұту рефлексі сақталған балаларға - 700 мг дозада 100 мг ритонавир біріктірілімімен күніне екі рет.