A10AB06 Инсулин глулизин¹ (Insulin glulisine)

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе кез келген қосымша затқа асқын сезімталдық; гипогликемия.

Қауіпсіздік шаралары

Пациентті инсулиннің басқа типіне немесе басқа сауда маркасына ауыстыру қатаң медициналық бақылаумен жүргізілуі тиіс. Талапқа сәйкес келмейтін дозалау немесе емді тоқтату, әсіресе, диабетпен ауыратын инсулинге тәуелді науқастарда потенциалды өлімге әкелетін - гипергликемияның және диабеттік кетоацидоздың себебі болуы мүмкін. Түзетілмеген гипогликемиялық немесе гипергликемиялық реакциялар естен тану, кома немесе өлімге алып келуі мүмкін.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Пероральді диабетке қарсы препараттар, ААФ тежегіштері, дизопирамид, фибраттар, флуоксетин, МАО тежегіштері, пентоксифиллин, пропоксифен, салицилаттар мен сульфонамидті антибиотиктер - қандағы глюкозаны төмендететін әсерін күшейтеді және гипогликемияға бейімділікті жоғарылатады.Кортикостероидтар, даназол, диазоксид, диуретиктер, глюкагон, изониазид, фенотиазин туындылары, соматропин, симпатомиметиктер (мысалы, эпинефрин {адреналин}, сальбутамол, тербуталин), қалқанша безі гормондары, эстрогендер, прогестиндер (мысалы, пероральді контрацептивтер), протеаза тежегіштері мен атипиялық антипсихотикалық препараттар (мысалы, оланзапин мен клозапин) - қандағы глюкозаны азайтатын белсенділігін төмендетеді.Бета-блокаторлар, клонидин, литий тұздары немесе алкоголь - инсулиннің глюкозаны азайтатын белсенділігін күшейтуі/әлсіретуі мүмкін.Пентамидин соңынан кейде гипергликемия болуы мүмкін гипогликемияны туындатуы мүмкін.Бета-блокаторлар, клонидин, гуанетидин және резерпин - адренергиялық реттеуге қарсы белгілер білінуі немесе болмауы мүмкін. Препарат адамның БХП-инсулинін қоспағанда, басқа дәрілік препараттармен араласпауы тиіс.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Инсулинге қажеттілік төмендеуі мүмкін.

Бауыр жеткіліксіздігі

Глюконеогенезге қабілеттілік және инсулин метаболизмінің төмендеуіне байланысты инсулинге қажеттілік азаюы мүмкін.

Жүктілік

Сақтықпен қолдану.

Емізу

Инсулин дозасын және диетаны түзету талап етілуі мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: гипогликемия («суық» тер, тері беткейінің мұздай болып бозаруы, қажығыштық, ашушаңдық немесе тремор, үрейлену, әдеттен тыс қажу немесе әлсіздік, сананың шатасуы, зейін қоюдың төмендеуі, ұйқышылдық, қатты ашығу сезімі, көрудің бұзылуы, бас ауыруы, жүрек айнуы және қатты жүрек қағу сезімі).Жиі: инъекцияны енгізу орнындағы реакциялар, жоғары сезімталдықтың жергілікті реакциялары.Жиі емес: жоғары сезімталдықтың жүйелік реакциялары (есекжем, кеудені қысу сезімі, ентігу, аллергиялық дерматит және қышыну). Ауыр жайылған аллергия жағдайы, оның ішінде анафилактикалық реакция өмірге қауіпті болуы мүмкін.Сирек: липодистрофия.Жиілігі белгісіз: гипергликемия (диабеттік кетоацидоз даму мүмкіндігі бар).

Балаларда қолданылуы

6 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.