J05AE03 Ритонавир (Ritonavir)

Қолдану көрсеткіштері

АИТВ-1 жұқтырған (ересектер мен 2 жастағы және одан асқан балалар) пациенттерді емдеу үшін басқа антиретровирустық препараттармен біріктірілімде.

Қарсы көрсеткіштері

Лопинавирге және ритонавирге немесе препарат компоненттерінің кез-келгеніне жоғары сезімталдық, клиренсі айтарлықтай шамада CYP3A байланысты препараттармен бір мезгілде қолдану, ауыр және/немесе өмірге қауіпті реакциялардың пайда болуына алып келетін қан плазмасында келесі препараттар концентрациясының жоғарылауы: астемизол, терфенадин, блонансерин, мидазолам, триазолам, цизаприд, ловастатин, симвастатин, сальметерол, пимозид, амиодарон, қастауыш алкалоидтары (эрготамин, дигидроэрготамин, эргоновин және метилэргоновин) және варденафил, сильденафил (өкпелік артериялық гипертензия кезінде), фузидий қышқылы, альфа-адренорецепторлар антагонисті: альфузозин, шілтерлі шайқурайдан тұратын өсімдік текті препараттарымен бір мезгілде қолдану.

Қауіпсіздік шаралары

Кушинг синдромы және бүйрек үсті безі қызметінің бәсеңдеуін қоса, жүйелік кортикостероидтар әсерінің қаупінен емдеудің пайдасы жоғары болатын жағдайынан басқа, лопинавир және ритонавирді флутиказонмен немесе будесонид сияқты CYP3A4 жүйесімен метаболизденетін басқа глюкокортикоидтармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Көбінесе CYP3A көмегімен метаболизденетін дәрілік заттар - қан плазмасындағы басқа дәрілік заттар концентрациясының ұлғаюы, оның жағымсыз және емдік әсерлерінің ұзаруы немесе ұлғаюы мүмкін.Құрамында шілтер жапырақты шәйқурай бар өсімдік препараттары (Hypericum perforatum) - қан сарысуындағы ритонавир концентрациясының азаюы.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бауыр жеткіліксіздігі

Ауыр бауыр жеткіліксіздігінде қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: жүрек айнуы, диарея, жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары.Жиі: анемия, лейкопения, лимфоаденопатия, нейтропения, артериялық гипертензия, есекжем, Квинке ісінуі, артралгия, арқаның ауыруы, миалгия, бұлшықет әлсіздігі, түйілулер, төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялары, целлюлит, фолликулит, фурункулез, бас сақинасы, ұйқысыздық, нейропатия, шеткергі неврит, бас айналуы, мазасыздық, құсу, іштің ауыруы, диспепсия, гастроэнтерит, колит, гастроэзофагеальді рефлюкс, панкреатит, іштің кебуі, ішектің кебуі, геморрой, бүйрек жеткіліксіздігі, эректильді дисфункция, аменорея, меноррагия, бөртпе, макуло-папулезді бөртпе, липодистрофия, қышыну, дерматит, экзема, себореялық дерматит, түнгі тершеңдік, астения, қан плазмасындағы жалпы холестерин, триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы, салмақтың төмендеуі, тәбеттің төмендеуі, қант диабеті, деңгейлерінің жоғарылауы: глюкоза, амилаза, АЛТ/АСТ, глутаматпируват трансфераза (ГПТ)/АЛТ, бауыр сынамалары көрсеткіштерінің қалыптан ауытқуы.Жиі емес: иммунды реактивация синдромы, ерлердегі гипогонадизм, тәбеттің жоғарылауы, лактатацидоз, салмақтың жоғарылауы, ерекше түстер көру, либидо төмендеуі, церебральді асқынулар, құрысулар, тремор, дәм сезудің жоғалуы, көрудің бұзылуы, бас айналуы, құлақтағы шуыл, атеросклероз, миокард инфарктісі, атриовентрикулярлы блокада, жүректің үш жармалы қақпақшасының жеткіліксіздігі, тромбофлебит, іш қатуы, ауыздың құрғауы, нәжістің ұсталмауы, гастрит, асқазанның ойық жарасы, дуоденит, ауыз қуысы шырышты қабығының жаралануы, стоматит, ректальді қан кетуге өтетін асқазан-ішектен қан кету, холангит, бауырдың майлы дистрофиясы, гепатомегалия, алопеция, капиллярит, васкулит, остеонекроз, рабдомиолиз, гематурия, нефрит, глюкозаға төзімділіктің төмендеуі, салмақтың ұлғаюы, салмақтың төмендеуі, қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы, гормональдық деңгейдің өзгеруі, зертханалық көрсеткіштердің патологиялық өзгеруі, қан плазмасындағы препарат деңгейінің жоғарылауы, бүйректік креатинин клиренсінің, липаза деңгейінің жоғарылауы.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Балалар (2 жас және одан үлкен). Ішке, препараттың ұсынылған дозасы 350 мг/м2 тәулігіне 2 рет, және тәулігіне 2 рет 600 мг аспауы керек. Препаратты қабылдауды 250 мг/м2 дозада бастау керек, және 2-3 күн аралықпен дозаны тәулігіне 2 рет 50 мг/м2 арттыру керек. 2 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.