J05AB11 Валацикловир¹ (Valaciclovir)
Қолдану көрсеткіштері
Varicella zoster вирусы туындатқан инфекцияларды - белдемелі герпесті емдеу. Қарапайым герпес вирусы туындатқан инфекцияларды емдеу және алдын алу. Ағзаларды трансплантациялау кезінде туындаған цитомегаловирусты инфекциялардың алдын алу.
-
Клинические протоколы:
- Герпетическая инфекция у взрослых
- Заболевания белого вещества головного мозга
- Аллогенная неродственная трансплантация костного мозга
- Аллогенная родственная трансплантация костного мозга
- Аллогенная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
- Аутоиммунная гемолитическая анемия у взрослых
- Гаплоидентичная трансплантация костного мозга
- Гаплоидентичная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
- Гемофагоцитарный лимфогистиоцитоз у детей
- Хроническая трансплантационная нефропатия
- Иммунная тромбоцитопения у взрослых
- Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
- Первичные иммунодефициты с дефектом системы фагоцитоза
- Трансплантация печени у детей
- Тяжелый комбинированный иммунодефицит
- Аутологичная трансплантация костного мозга
- Энцефалит у детей и взрослых
- Трансплантация почки
Қарсы көрсеткіштері
Валацикловир, ацикловир және препарат құрамына кіретін кез келген қосымша ингредиентке аса жоғары сезімталдық, АИТВ- инфекциясының клиникалық айқындалған түрлері.
Қауіпсіздік шаралары
Дегидратация қаупі бар пациенттерде, әсіресе егде жастағы пациенттерде сұйықтықтың орнының талапқа сай толтырылуын қамтамасыз ету қажет. Препаратты қолдану генитальді герпестің жұғу қаупін төмендетеді, бірақ оны толық жоққа шығармайды және толық жазылуына әкелмейді.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Ескерту: валацикловир ацикловирге айналады.Аминофиллин, теофиллин - теофиллин концентрациясы жоғарылауы мүмкін.Циклоспорин, такролимус, фоскарнет - нефроуыттылықтың жоғары қаупі; сонымен қатар циклоспорин концентрациясының жоғарылауы туралы хабарланған.Микофенолат - ацикловир концентрациясы жоғарылауы мүмкін (әсіресе бүйрек жеткіліксіздігі кезінде).Ескерту: мұнда кейбір маңызды дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Өзара әрекеттесуі туралы ұсыныстар және қосымша ақпарат алу үшін дәрілік заттардың өзара әрекеттесулері туралы ақпарат көздеріне немесе дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Креатинин клиренсі 50 мл/мин төмен болған жағдайда дозасын төмендету керек. Дозасын креатинин клиренсі көрсеткіштеріне байланысты төмендетеді. Бүйрек қызметіне мұқият мониторинг жүргізу қажет.
Бауыр жеткіліксіздігі
Жоғары дозаларын сақтықпен қолдану керек.
Жүктілік
Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.
Емізу
Сақтықпен қолдану керек.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: бас ауыруы.Жиі: жүрек айнуы, құсу, диарея, бас айналуы, фотосезімталдықты қоса терінің бөртуі, қышыну.Жиі емес: лейкопения, тромбоцитопения, сананың шатасуы, галлюцинация, тежелу, тремор, қозу, ентігу, эпигастр аумағындағы жайсыздық сезімі, функционалдық бауыр тестілері көрсеткіштерінің (билирубин, бауыр ферменттері) қайтымды жоғарылауы, есекжем, бүйрек аумағының ауыруы, гематурия.Сирек: анафилаксия, ангионевроздық ісіну, атаксия, дизартрия, құрысулар, энцефалопатия, кома, психоздық симптомдар, делирий, бүйрек қызметінің бұзылуы, жедел бүйрек жеткіліксіздігі.Өте сирек: қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, кейде гепатит көріністері ретінде бағаланатын функционалдық бауыр тестілерінің қайтымды бұзылулары.
Балаларда қолданылуы
Ішке, тамақтанудан кейін. 12 жас және одан асқан балаларға. ҚГВ туындатқан инфекцияларды емдеу және алдын алу: 500 мг тәулігіне 2 рет. Ағзаларды трансплантациялау кезінде туындаған цитомегаловирусты инфекциялардың алдын алу: 2 г тәулігіне 4 рет. Келесі жағдайларда 18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген офтальмогерпесті қоса, белдемелі теміреткіні емдеу; иммунитеті төмендеген пациенттердегі ҚГВ туындатқан инфекциялар қайталануының алдын алу (супрессия); генитальді герпес жұқтыруының алдын алуда. ЦМВ инфекцияны алдын алу кезінде 12 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.