J04AK06 Деламанид (Delamanid)

Қолдану көрсеткіштері

Төзімділіктің немесе жақпаушылықтың болуы салдарынан өзге тәсілмен тиімді емдеу сызбасын құрастыру мүмкін болмаса, көптеген дәрілік төзімділігі бар (КДТ-ТБ) туберкулездің өкпелік түрін талапқа сай біріктіріп емдеу режимінің құрамында қолданады.
    Клинические протоколы:
  1. Туберкулез центральной нервной системы с широкой лекарственной устойчивостью у взрослых
  2. Туберкулез центральной нервной системы с множественной лекарственной устойчивостью у взрослых
  3. Туберкулез органов дыхания с широкой лекарственной устойчивостью у взрослых
  4. Туберкулез органов дыхания с множественной лекарственной устойчивостью у взрослых

Қарсы көрсеткіштері

Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық, сарысу альбуминінің < 2,8 г/дл деңгейі, CYP3A4  қуатты индукторлары болып табылатын дәрілік препараттарды (мысалы, карбамазепин) қолдану; галактоза, лактоза жақпаушылығы.

Қауіпсіздік шаралары

• Жетекшілікке алынатын ДДҰ нұсқауларына сәйкес, деламанид қабылдаудың 24-апталық ке зеңі аяқталған соң біріктірілген емнің тиісті сызбасын қолданумен емдеуді жалғастырған жөн. • QT аралығының айқын ұзаруында, жүрек тарапынан қауіп факторлары болғанда, қатар жүргізілетін АИТВ емінде, фторхинолондар қатар тағайындалғанда, гипоальбуминемияда және кейбір басқа ауруларда ұсынылмайды.• Емдеу басталғанша және деламанид қабылдау кезеңі аяқталғанша ай сайын электрокардиограмма (ЭКГ) түсіруге кеңес беріледі. Егер деламанидтің алғашқы дозасын қабылдауға дейін немесе емдеу кезінде QTcF >500 мс байқалса, деламанидпен емдеу басталмайды немесе препарат тоқтатылады. Егер деламанидпен емделу кезеңінде QTc аралығының ұзақтығы 450 мс (ерлерде)/470 мс (әйелдерде) асып кетсе, ондай пациенттер жиірек ЭКГ бақылауынан өтуі тиіс. • Емдеу басталғанша сарысу электролиттеріне, мысалы, калийге тексеру өткізуге және қалып шегінен ауытқуларды түзетуге кеңес беріледі. •  Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқарудан бас тартуға  кеңес беріледі өйткені  бас ауыру мен тремор сияқты жағымсыз әсерлер болуы мүмкін.Қолданар алдында қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысу керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

  • P450 3A4 цитохромы индукторлары- экспозициясының  мәні төмендейді.•  Аритмияға қарсы дәрілер ( амиодарон, дизопирамид, дофетилид,ибутилид, прокаинамид, хинидин, гидрохинидин, соталол); нейролептиктер (мысалы, фенотиазиндік қатардағы, сертиндол, сультоприд, хлорпромазин, галоперидол, мезоридазин, пимозид, тиоридазин), антидепрессанттар; белгілі бір микробқа қарсы препараттар; макролидтер ( эритромицин, кларитромицин); моксифлоксацин, спарфлоксацин; зеңге қарсы препараттар, триазол туындылары; пентамидин;саквинавир; белгілі бір тыныштандыратын әсері жоқ антигистаминдік препараттар (терфенадин, астемизол, мизоластин); цизаприд, дроперидол, домперидон, бепридил, дифеманил, пробукол, левометадил, метадон, қабіршөп алкалоидтары, мышьяк триоксиді- QTc аралығын ұзартады, сақ  болу керек. • Моксифлоксацин - ем кезінде тағайындау ұсынылмайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясының ауыр бұзылуында ұсынылмайды.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр функциясының орташа және ауыр бұзылуы бар пациенттерге ұсынылмайды

Жүктілік

Ұсынылмайды.

Емізу

Ұсынылмайды.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: ретикулоцитоз; гипокалиемия; тәбеттің төмендеуі; гиперурикемия; ұйқысыздық; бас айналу, бас ауыру; парестезия; тремор; құлақтың шуылдауы; жүректің соғуын сезіну; қан түкіру; құсу; диарея; жүрек айну; іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы; артралгия; миалгия; астения; электрокардио-граммада QT аралығының ұзаруы.Жиі: анемия; эозинофилия; гипертриглицеридемия; психоздық бұзылыс; қозу; үрей және үрейлі бұзылыс; депрессия және депрессиялық жай-күй; қимыл-қозғалыс мазасыздығы; шеткері нейропатия; ұйқышылдық, гипестезия, көздің құрғау синдромы; фотофобия; құлақтың ауыруы; гипертензия; гипотензия; гематома; қан кернеулер; ентігу; жөтел; ауыз-жұтқыншақтың ауыруы; тамақтың тітіркенуі; тамақтың құрғауы; ринорея, гастрит; іш қату;іштің ауыруы; іштің төменгі бөлігінің ауыруы; диспепсия; іштің жағымсыз түйсіктері; дерматит; есекжем; қышытатын бөртпе: қышыну; макуло-папулезді бөртпе; бөртпе; акне; гипергидроз, остеохондроз; бұлшықет әлсіздігі; бұлшықеттер мен сүйектердің ауыруы; белдің ауыруы; аяқ-қолдың ауыруы; гематурия; пирексия; кеуденің ауыруы; жалпы дімкәстану; кеуденің жағымсыз түйсіктері; шеткері ісіну; қандағы кортизол деңгейінің жоғарылауы.Жиі емес: белдемелі теміреткі; ауыз қуысының және жұтқыншақ кандидозы; кебек тәрізді теміреткі, лейкопения; тромбоцитопения, дегидратация; гипокальциемия; гиперхолестеринемия; агрессия, сандырақты бұзылыс, сандырақтау, аңду; үрейлі бұзылыс; депрессиялық күймен  дағдыланудың бұзылуы; невроз; дисфория; психикалық бұзылу; ұйқының бұзылуы; либидо жоғарылауы, летаргия, тепе-теңдіктің бұзылуы, радикулярлы ауыру , ұйқының нашар сапасы, аллергиялық конъюнктивит, бірінші дәрежедегі атривентрикулярлы блокада; қарыншалық экстрасистолия; суправентрикулярлы экстрасистолия, дисфагия; ауыз қуысындағы парестезия; іштің ауырсынуы; бауыр функциясының бұзылуы, алопеция; эозинофильді пустулезді фолликулит; жайылған қышыну; эритематозды бөртпе, несеп іркілісі; дизурия; никтурия, ысынып кету, электрокардиограм-мада ST сегментінің төмендеуі; трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы; ішінара белсенділенген тромбопластин уақытының ұзаруы; гаммаглутамилтранс-фераза деңгейінің жоғарылауы; қандағы кортизол деңгейінің төмендеуі; артериялық қысымның көтерілуі.     

Балаларда қолданылуы

Қарсы көрсетілген.