J04AK02 Этамбутол¹ (Ethambutol)
Қолдану көрсеткіштері
Өкпе және басқа ағзалардың туберкулезі (біріктірілген ем құрамында).
-
Клинические протоколы:
- Туберкулез центральной нервной системы с множественной лекарственной устойчивостью у взрослых
- Туберкулез центральной нервной системы с широкой лекарственной устойчивостью у взрослых
- Туберкулез центральной нервной системы у детей с множественной лекарственной устойчивостью
- Туберкулез центральной нервной системы у детей с широкой лекарственной устойчивостью
- Внелегочный туберкулез
- Внелегочный туберкулез с множественной лекарственной устойчивостью
- Внелегочный туберкулез с широкой лекарственной устойчивостью
- Туберкулез органов дыхания с множественной лекарственной устойчивостью у взрослых
- Туберкулез органов дыхания с множественной лекарственной устойчивостью у детей
- Туберкулез органов дыхания с широкой лекарственной устойчивостью у взрослых
- Туберкулез органов дыхания с широкой лекарственной устойчивостью у детей
- Туберкулез органов дыхания у взрослых
- Сочетанная ВИЧ/ТБ инфекция
Қарсы көрсеткіштері
Препаратқа жоғары сезімталдық, көру жүйкесінің қабынуы, көздің қабынулық аурулары, катаракта, диабеттік ретинопатия, подагра, психикалық бұзылыстар (өршу кезеңі).
Қауіпсіздік шаралары
Көру қызметін (көру өткірлігін), шеткергі қан көрінісін (жалпы қан талдауы), сондай-ақ бауыр және бүйректің функционалдық жағдайын үнемі бақылау ұсынылады. Көру жүйкесі атрофиясының алдын алу үшін көру бұзылысы пайда болған жағдайда этамбутолды қабылдауды дереу тоқтату керек. Этил спирті көру ағзаларына этамбутолдың уытты әсерін күшейтеді, сондықтан емдеу кезінде алкогольді пайдаланудан бас тарту керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Изониазид - көру жүйкесінің зақымдалу қаупі (мониторинг!). Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде (терминальді сатысы) қарсы көрсетілген. Бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарға препараттың ағзада жиналуына байланысты этамбутол дозасы төмендетілуі керек.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Ауыздың металл татуы, тәбеттің болмауы, жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, іштің өтуі, жалған жарғақшалы колит, дене температурасының жоғарылауы, қалтырау, лейкопения, тромбоцитопения, эозинофилия, лимфаденопатия, бас ауыруы, бас айналуы, сананың шатасуы, елестеулер, құрысулар, депрессия, бағдардан адасу, шеткергі неврит, ретробульбарлы неврит, көру өткірлігінің нашарлауы, түсті қабылдаудың бұзылуы, орталық және шеткергі көру жолының тарылуы, тор қабыққа қан құйылу, сирек жағдайларда соқырлыққа дейінгі қайтымсыз көру қабілетінің бұзылуы мүмкін, қан сарысуындағы несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы, несеп қышқылды диатез құбылыстары, интерстициальді нефрит, ұзақ мерзімді жоғары дозаларда қолданғанда жүрек бұлшықеттерінің зақымдалуы және жүрек жеткіліксіздігінің дамуы, артрит, жөтелдің күшеюі, қақырық мөлшерінің артуы, эозинофилиямен немесе онсыз өкпедегі инфильтраттар, пневмонит, шеткергі полинейропатия, гепатит, сарғаю, дерматит, тері бөртпесі, қышыну, артралгия, қызба, эритема, экзантема, Стивенс-Джонсон синдромы, Лайелл синдромы, бронх түйілуі, васкулит, подаграның өршуі.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
Ішке, күн сайын бір рет, емдеудің қарқынды фазасында I, II, III санатты науқастарға мынадай үлгі бойынша пайдаланылады: 2-4 HRZE(S), 3-5 HRZES, 2 HRZE 600 мг дозада дене салмағы 30-дан 39 кг дейін, 800 мг дене салмағы 40-тан 54 кг дейін, 1,2 г дене салмағы 55-тен 70 кг дейін, 70 кг жоғары -1,6 г. Дене салмағы 21-ден 30 кг дейінгі балаларға тәулігіне 400 мг. Балалардағы дозалардың мүмкін болатын ауытқуы - 15-25 мг/кг. Бүйрек ауруы кезінде дозасы креатинин клиренсі көрсеткіші болатын, бүйрек жеткіліксіздігінің деңгейіне байланысты. Креатинин клиренсі 70 мл/мин төмен, тәуліктік доза тәулігіне дене салмағына 10 мг/кг. Креатинин клиренсі 70-100 мл/мин, тәуліктік доза тәулігіне дене салмағына 15 мг/кг. Креатинин клиренсі > 100 мл/мин, тәуліктік доза тәулігіне дене салмағына 20 мг/кг. Этамбутолмен кешенді емде изониазид, пиразинамид және рифампицин қолданылады. 12 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.