J04AC01 Изониазид¹ (Isoniazid)

Қолдану көрсеткіштері

Балалардағы және ересектердегі кез келген локализациялы туберкулезді емдеуде (біріктірілген ем құрамында), туберкулезбен ауыратын науқастармен қатынаста болған тұлғаларда туберкулездің алдын алу.
    Клинические протоколы:
  1. Туберкулез центральной нервной системы у детей с множественной лекарственной устойчивостью
  2. Туберкулез центральной нервной системы у детей с широкой лекарственной устойчивостью
  3. ВИЧ-инфекция у детей
  4. Внелегочный туберкулез
  5. Туберкулез органов дыхания у взрослых
  6. Туберкулез органов дыхания у детей
  7. Ведение детей с пересаженной почкой
  8. Криз отторжения почечного трансплантата
  9. Острое отторжение почечного трансплантата у детей
  10. Хроническая трансплантационная нефропатия
  11. ВИЧ-инфекция у взрослых
  12. Внелегочный туберкулез с множественной лекарственной устойчивостью
  13. Внелегочный туберкулез с широкой лекарственной устойчивостью
  14. Сочетанная ВИЧ/ТБ инфекция
  15. Туберкулез органов дыхания с широкой лекарственной устойчивостью у детей
  16. Туберкулез центральной нервной системы с множественной лекарственной устойчивостью у взрослых

Қарсы көрсеткіштері

Изониазидке немесе препараттың қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық; эпилепсия, тырысулық ұстамаларға бейімділік; ауыр психоздар (анамнезінде); полиомиелит (соның ішінде бұрын өткерген), анамнезінде изоникотин қышқылының гидразин туындыларын (фтивазид және т.б.) қолданудың нәтижесіндегі уытты гепатит; айқын атеросклероз; көру және перифериялық жүйке аурулары.

Қауіпсіздік шаралары

Жедел порфирия; алкогольді тәуелділік; қант диабеті; эпилепсия; психоздар (анамнезінде); АИТВ инфекциясы; жеткіліксіз тамақтану; ацетилатордың баяу статусы (жанама әсерлердің жоғары қаупі).Қосымша ақпарат. Пиридоксинді жеткіліксіздік немесе нейропатияның даму қаупі бар науқастарға (диабет ауруы бар, созылмалы алкоголизм, гипотрофия бар науқастар, терминальді кезеңдегі бүйрек жеткіліксіздігі, жүктілік, АИТВ инфекциясы) пиридоксин гидрохлоридін тағайындау керек. Препаратты тағаммен бірге қолданбау. Тағаммен бірге қолданса изониазидтің биожетімділігі төмендейді. Ем қабылдау барысында алкоголды сусындардарды қабылдамау.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Диданозин, ставудин - бірге тағайындамау (перифериялық нейропатияның даму қаупі).Антацидтер - сіңірілуінің төмендеуі.Аминофиллин, карбамазепин, этосуксимид, фенитоин, теофиллин - изониазид концентрациясы жоғарылауы мүмкін (уыттылық қаупі).Инсулин және пероральді диабетке қарсы препараттар - изониазид гипергликемияны дамытуы мүмкін (мұқият маниторинг!).Леводопа - леводопа әсерін төмендетуі мүмкін.Рифампицин - гепатоуыттылық қаупінің жоғарылауы.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі кезінде тәулігіне 10 мг/кг асатын дозада тағайындауға болмайды.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр циррозы, гепатиттің асқыну кезеңінде тәулігіне 10 мг/кг асатын дозада тағайындамау керек.

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Емізу

Изониазид плацента арқылы өтіп, ана сүтіне бөлінеді. Лактация кезіндегі доза 10 мг/кг артық емес.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: перифериялық невропатия.Сирек: гепатит; психоз.Жиілігі белгісіз: агранулоцитоз; апластикалық анемия; қан аурулары; іштің қатуы; тырыспа, зәр шығарудың қиындауы; ауыз қуысының кебуі; қызба; гинекомастия; гемолитикалық анемия; есту қабілетінің жойылуы (бүйрек жеткіліксіздігінің соңғы сатысындағы науқастарда); гипергликемия; гиперрефлексия; жоғары сезімталдық реакциясы; интерстициалды пневмонит; жүрек айну; оптикалық неврит; перифериялық неврит, панкреатит; пеллагра; пурпура; Стивенс-Джонсон синдромы; қызыл жегі жүйесінің синдромы; тиннитус (бүйрек жеткіліксіздігінің соңғы сатысындағы науқастарда); бас айналу; құсу.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Ішке, тамаққа дейін немесе тамақтан 30-40 мин кейін. 2 жастан асқан балаларға, тәуліктік доза дене салмағына 5 мг/кг тәулігіне бір рет. Жоғары тәуліктік доза 500 мг. Емнің ұзақтығын жекелей аурудың сипатына және формасына байланысты бекітеді.Туберкулездің алдын алу үшін тәулігіне 5-10 мг/кг дене салмағына қарай 2 ай қолданады.