J04AB30 Капреомицин¹ (Capreomycin)
Қолдану көрсеткіштері
Өкпе туберкулезі, туберкулезге қарсы бірінші қатардағы препараттар тиімсіз болғанда немесе уытты әсеріне немесе тұрақты туберкулез бациллаларының болуына байланысты қолданылуы мүмкін болмағанда. Капреомицинге сезімтал M. tuberculosis штаммының бар екендігін айғақтау үшін сезімталдығын анықтаған жөн.
-
Клинические протоколы:
- Туберкулез центральной нервной системы с множественной лекарственной устойчивостью у взрослых
- Туберкулез центральной нервной системы с широкой лекарственной устойчивостью у взрослых
- Туберкулез центральной нервной системы у детей с широкой лекарственной устойчивостью
- Внелегочный туберкулез с множественной лекарственной устойчивостью
- Внелегочный туберкулез с широкой лекарственной устойчивостью
- Туберкулез органов дыхания с множественной лекарственной устойчивостью у взрослых
- Туберкулез органов дыхания с множественной лекарственной устойчивостью у детей
- Туберкулез органов дыхания с широкой лекарственной устойчивостью у взрослых
- Туберкулез органов дыхания с широкой лекарственной устойчивостью у детей
- Сочетанная ВИЧ/ТБ инфекция
- Туберкулез центральной нервной системы у детей с множественной лекарственной устойчивостью
Қарсы көрсеткіштері
Препаратқа асқын сезімталдық, естудің нашарлауы, отит. Бассүйек - ми жүйкелерінің VIII жұбының зақымдануы, миастения, паркинсонизм кезінде сақтықпен қолдану.
Қауіпсіздік шаралары
Егде жастағы пациенттер, бүйрек функциясы бұзылған немесе сусызданған пациенттер және басқа да нефроуытты препараттарды қабылдап жүрген пациенттер үшін өзекшелер некрозының пайда болу қаупі едәуір жоғары. Емдеу кезінде гематологиялық көрсеткіштерді және бауыр функциясын бақылайды. Бүйрек функциясын зерттеуді емге дейін және емдеу барысында аптасына бір рет жүргізген жөн. Басқа да антибиотиктерді аллергияның қандай да болсын, әсіресе дәрілік түрлері бар пациенттерге тағайындағанда сақ болған жөн. Туберкулезге қарсы, ото - және нефроуыттылығы бар, парентеральді препараттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Ото - және нефроуытты әсер етуі мүмкін полимиксин - А, колистин сульфаты, амикацин, гентамицин, тобрамицин, ванкомицин, канамицин және неомицин препараттарымен бірге абайлап қолдану керек. Хирургиялық араласу кезінде және одан кейін жүйке - бұлшықет блокадасын тудыратын дәрілік заттар аясында абайлап пайдаланады (әсіресе операциядан кейінгі кезеңде тоқтату жоғары дәрежеде толық емес болғандықтан). Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Наркозға арналған эфир, аминогликозидтер, полимиксиндер, қанның цитратты консерванттары- капреомициннің миорелаксациялайтын әсерін күшейтеді.Неостигмин- капреомициннің миорелаксациялайтын әсерін төмендетеді.Туберкулезге қарсы басқа дәрілік препараттармен (стрептомицин, виомицин) біріктіргенде, сондай - ақ полимиксин, колистин, амикацин, гентамицин, тобрамицин, ванкомицин, канамицин, неомицин, фуросемид, этакрин қышқылы немесе метоксифлуран препараттарымен бірге - отоуытты және нефроуытты әсерлері өзара күшейеді.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек қызметінің ауыр бұзылыстарында қарсы көрсетілген.Бүйрек функциясы төмендеген науқастарда дозаны креатинин клиренсіне қарай және капреомициннің орташа тепе-тең деңгейі 10 мг/л жетуіне қарай азайтқан жөн.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр қызметінің ауыр бұзылыстарында қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Емдеу кезінде бала емізуді уақытша тоқтату керек.
Жағымсыз әсерлері
Нефроуыттылық (олигурия, бүйрек функциясының бұзылуы), несепте патологиялық шөгіндінің немесе қанның формалық элементтерінің пайда болуы, қандағы мочевина деңгейінің 20 - 30 мг/100 мл - ден астамға және қан сарысуында креатининнің жоғарылауы, отоуыттылық, естудің төмендеуі, соның ішінде қайтымсыз, құлақта шуыл, шыңыл, ызың немесе «тығындалу» сезімі, нейроуыттылық, тыныс тоқтап қалғанға дейін жүйке-бұлшықет блокадасы (әсіресе тез енгізгенде), қимыл үйлесімінің бұзылуы, жүріс мәнерінің тұрақсыздығы, бас айналу, тромбоцитопения, лейкопения, лейкоцитоз, гиперурикурия (20 мг/100 мл - ден көп болғанда), цилиндрурия, гематурия, лейкоцитурия, жүректің айнуы, құсу, анорексия, шөлдеу, бауыр көрсеткіштері бұзылуымен гепатоуыттылық, есекжем, макулопапулезді бөртпе, гипертермия, эозинофилия, қызба, тыныстың тарылуы, инъекция жасалған жердің ауыруы және қатаюы, асептикалық некроз, электролиттік тепе-теңдіктің бұзылуы, соның ішінде гипокалиемия, гипокальциемия, гипомагниемия, енгізген жердің қанағыштығы, шеткері ісінулер. Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
Бұлшықет ішіне терең бұлшықетке немесе көктамыр ішіне тамшылатып, баяу.Капреомицин әрдайым, науқастарда туберкулез бациллаларының штаммдары сезімтал болатын, ең болмағанда бір туберкулезге қарсы препаратпен біріктіріліп тағайындалады. Балаларға, ұсынылатын тәуліктік дозасы 15-30 мг/кг, бір қабылдауға енгізіледі. Емдеу ұзақтығы: 6 ай бойы және одан да көп уақыт күнделікті. 18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген, тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.