J04AB04 Рифабутин (Rifabutin)

Қолдану көрсеткіштері

Өкпе туберкулезінде; иммунитеті төмен, CD4 лимфоциттер деңгейі 77 жасуша/мкл-ден төмен АИВ инфекцияларын жұқтырған пациенттерде MAC-инфекциялардың (Mycobacterium avium intracellulare complex) алдын алуда;туберкулездік емес  микобактериялық инфекцияларды емдеуде (мысалы, MAC және М. xenopi-ден туындаған аурулар)

Қарсы көрсеткіштері

Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;

Қауіпсіздік шаралары

• Емдеу кезінде шеткері қандағы лейкоциттер, тромбоциттер санын және бауыр ферменттерінің белсенділігін бақылауға алу ұсынылады.• Рифабутинге төзімділіктің жылдам дамуының алдын алу мақсатында оны тек кешенді ем құрамында ғана қолданған дұрыс. • Увеиттің даму мүмкіндігіне байланысты, рифабутинді кларитромицинмен (немесе басқа макролидпен) және/немесе флуконазолмен (және тұқымдас қосылыстарымен) бірге қабылдаған пациенттерді мұқият бақылау қажет. Увеит дамыған жағдайда офтальмологтың кеңесі және қажет болса рифабутинді уақытша тоқтату көрсетілген. • Рифабутинді қабылдап жүрген пациенттерге жанаспалы линзаларды тақпаған дұрыс.• Рифабутинді алдын алу мақсатында қолданар алдында пациентте өкпе туберкулезінің белсенді сатысын немесе басқа микобактериялық инфекциялардың бар-жоқтығын анықтап алу қажет. МАС-инфекциялардың алдын алу пациенттің бүкіл өмірі бойына қажет болуы мүмкін. • Препарат несепке, теріге және бөлінетін сұйықтықтарға қызылдау қызыл-сары түс беруі мүмкін.• Препаратты пайдаланғанда  Clostridium difficile-мен астасқан диарея туралы хабарлар бар.• Ауырлық дәрежесі әр түрлі ЖИТСпен науқастарда (CD4+ жасушалар санына байланысты) қан плазмасындағы рифабутин мөлшерін талдау нәтижелері оның сіңуі АИВ инфекциясы үдеген кезде өзгермейтінін көрсетеді.• Препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмадерді басқаруда сақ болу керек. • Жіті порфирияда сақтықты сақтау болу керек.• Алкогольге тәуелділігі бар пациенттер бауыр қызметін жиі тексеру керек, қан көрсеткіштерін әсіресе бастапқы 2 ай бақылау керек. 

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

CYP450 ЗА изоферменттерінің әсерінен метаболизденетін, басқа дәрілік заттар- плазмадағы концентрацияның төмендеуіОральді контрацептивтер-   талапқа сай болмауы мүмкін, сондықтан пациенттерге контрацепцияның басқа әдістерін ұсыну керек. Гипогликемиялық препараттардың, әсер етуі тікелей емес антикоагулянттардың, анальгетиктердің, кортикостероидтардың, циклоспориннің, фенитоин мен хинидиннің, оймақгүл препараттарының, бета-адреноблокаторлардың, аритмияға қарсы I класты дәрілердің, кальций өзекшелері блокаторларының - белсенділігін төмендетеді. Вирусқа қарсы дәрілік заттар- плазмадағы концентрацияның жоғарылауы.Кларитромицин немесе флуконазол- рифабутиннің плазмадағы деңгейінің артырады.Парааминосалицил қышқылы - 8 - 12 сағат аралықпен тағайындау ұсынылады.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясының айқын бұзылулары бар пациенттерге креатинин клиренсі 30 мл/мин төмен болса, рифабутиннің дозасын 50%-ға төмендетеді.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі жағдайларында сақтықпен пайдалану керек. Бауыр функциясының жас шамасына қарай өзгеру мүмкіндігін және сонымен байланысты рифабутиннің жинақталуы мен гепатоуыттылығының жоғарылау қаупін ескеру керек.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: лейкопенияЖиі: анемия; бөртпе; жүрек айнуы; миалгияЖиі емес: панцитопения, агранулоцитоз, лимфопения, гранулоцитопения, нейтропения, лейкопения, тромбоцитопения, аса жоғары сезімталдық реакциялары; бронх түйілуі; эозинофилия; увеит;  мөлдір қабықтағы шөгінділерСирек: тәбеттің төмендеуі, құсу, эпигастрийдің ауыруы, диарея; сарғаю,  бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы; артралгия.Өте сирек: тері түсінің өзгеруіЖалпы аурулары және жергілікті реакциялар:қызба, анафилаксиялық шок, бас ауыруы, қажығыштық, атаксия; Clostridium  difficile-ден туындаған колит,  тұмау тәрізді синдром, кеуденің қысылу сезімі, ауыру сезімі ентігумен; гепатит.

Балаларда қолданылуы

Тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмағандықтан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қарсы көрсетілген. Ішке.CD4 деңгейі төмен және иммунтапшылығы бар пациенттерде Mycobacterium avium complex  инфекциясының алдын алу1 айдан 11 жасқа дейінгі балалар- 5 мг/кг күніне бір рет (ең жоғарғы доза 300 мг)12-17 жастағы балалар- 300 мг күніне бір рет.Микобактериялардан туындаған туберкулездік емес ауруларды басқа дәрілік заттармен үйлесімде  емдеу1 айдан 11 жасқа дейінгі балалар- өсірінділердің теріс екпесін алғаннан кейін 6 ай бойы 5 мг/кг күніне бір рет 12-17 жастағы балалар-  өсірінділердің теріс екпесін алғаннан кейін 6 ай бойы 450-600 мг күніне бір рет.Басқа дәрілік заттармен үйлесімде өкпе туберкулезін емдеу12-17 жастағы балалар- 6 айдан кем емес 450-600 мг күніне бір рет.