J04AB02 Рифампицин¹ (Rifampicin)

Қолдану көрсеткіштері

Кешенді ем құрамында өкпе және басқа да ағзалардың туберкулезі (барлық түрлері).

Қарсы көрсеткіштері

Препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық, көрудің бұзылуы (диабеттік ретинопатия, көру жүйкесінің зақымдануы), эпилепсия, құрысу ұстамаларына бейімділік, анамнезіндегі полиомиелит, анамнезіндегі инфекциялық гепатит, сарғаю, тромбофлебит, айқын атеросклероз, саквинавир/ритонавир препараттарымен бір мезгілде қолдану.

Қауіпсіздік шаралары

Препаратты егде жастағы және жүдеген науқастарға ерекше сақтықпен тағайындайды. Ұзақ емделу кезінде бауыр қызметін (айына 1 реттен кем емес), шеткергі қан көрінісін жүйелі бақылау, офтальмологтың бақылауында болу көрсетілген. Туберкулездің рифампицинмен монотерапиясы көбіне антибиотикке қоздырғыш төзімділігінің пайда болуымен қатар жүреді, сондықтан оны туберкулезге қарсы басқа дәрілермен біріктірген жөн. Үзік-үзік емге байланысты туындайтын анафилаксиялық шокты қоса, иммунологиялық реакция болу мүмкіндігіне байланысты пациенттер мұқият қадағалануы тиіс және үзік-үзік емнің қауіптілігі туралы хабардар болуы тиіс. Рифампицинмен емдеу мұқият дәрігерлік бақылаумен жүргізілуі тиіс.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Р-450 цитохромымен метаболизденетін препараттар: аритмияға қарсы препараттар (мысалы, дизопирамид, мексилетин, хинидин, пропафенон, токаинид), тырысуға қарсы (мысалы, фенитоин), гормон антагонисті (антиэстрогендер, мысалы, тамоксифен, торемифен, гестинон), нейролептиктер (мысалы, галоперидол, арипипразол), антикоагулянттар (мысалы, кумариндер), зеңге қарсы препараттар (мысалы, флуконазол, итраконазол, кетоконазол, вориконазол), вирусқа қарсы препараттар (мысалы, саквинавир, индинавир, эфавиренц, ампренавир, нелфинавир, атазанавир, лопинавир, невирапин), барбитураттар, бета-блокаторлар (мысалы, бисопролол, пропранолол), анксиолитиктер және ұйықтатқыш дәрілер (мысалы, диазепам, бензодиазепиндер, зопиклон, золпидем), кальций каналдарының блокаторлары (мысалы, дилтиазем, нифедипин, верапамил, нимодипин, исрадипин, никардипин, низолдипин), бактерияға қарсы препараттар (мысалы, хлорамфеникол, кларитромицин, дапсон, доксициклин, фторхинолондар, телитромицин), кортикостероидтар, жүрек гликозидтері (дигитоксин, дигоксин), клофибрат, жүйелік гормональді контрацептивтер, эстроген, диабетке қарсы препараттар (мысалы, хлорпропамид, толбутамид, сульфонилмочевина, розиглитазон), иммунодепрессанттар (мысалы, циклоспорин, сиролимус, такролимус), иринотекан, қалқанша безі гормондары (мысалы, левотироксин), лозартан, анальгетиктер (мысалы, метадон, есірткілік анальгетиктер), празиквантел, прогестагендер, хинин, рилузол, 5-HT3 рецепторларының антагонистері (мысалы, ондансетрон), CYP3A4 метаболизденетін статиндер (мысалы, симвастатин), теофиллин, трициклдік антидепрессанттар (мысалы, амитриптилин, нортриптилин), цитоуытты препараттар (мысалы, иматиниб), несеп шығаратын дәрілер (мысалы, эплеренон) - олардың метаболизмінің жылдамдауы және әсерлерінің төмендеуі.Саквинавир/ритонавир біріктірілімі - гепауыттылық қаупі.Кетоконазол - екі препараттың да концентрациясының төмендеуі.Эналаприл - эналаприлдің белсенді метаболиті эналаприлат концентрациясының төмендеуі. Препарат дозасын түзету керек.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Қарсы көрсетілген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Рифампицинді қабылдауды бастар алдында бауыр қызметін тексеру қажет. Емдеу кезеңінде алкогольді қабылдағанда және анамнезінде алкоголизмі бар пациенттерде қолданғанда гепатоуыттылық қаупі жоғарылайды. Изониазид немесе пиразинамидпен бір мезгілде қабылдау бауыр қызметі бұзылуының туындау жиілігі мен ауырлығын жоғарылатады.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: тәбеттің жоғалуы, қыжыл, жүрек айнуы, метеоризм, эпигастральді ауырулар, іш қатуы, бас ауыруы, бас айналуы, ұйқышылдық, көрудің бұзылуы, бауыр трансаминазалары мен қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы, аяқ-қолдың ауыруы, қызба, қалтырау, гиперемия, қышыну, бөртпе.Сирек: құсу, эрозиялық гастрит, ішектің шаншуы, диарея, атаксия, бағдарсыздық, психоз, бұлшықет әлсіздігі, миопатия, ауыз қуысы кандидозы, гепатит, ұйқы безінің зақымдануы, псевдомембранозды колит, подаграның өршуі, сарысуда несеп қышқылының ұлғаюы, дизурия, гематурия, бүйрек функциясының бұзылуы, интерстициальді нефрит, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, бүйрек өзекшелері некрозы, гемолитикалық анемия, лейкопения, агранулоцитоз, эозинофилия, етеккір оралымының бұзылуы, есекжем, Квинке ісінуі, бронх түйілуі, анафилактикалық шок, эксфолиативті дерматит, мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, Лайелл синдромы, васкулит, демікпе, ысқырықты тыныс алуы, АҚ төмендеуі, тромбоцитопения, әдетте, бөліп емдеу жүргізген кезде туындайды. Егер рифампицинмен емдеу пурпура пайда болғаннан кейін жалғастырылса, миға қан құйылу дамып, өліммен аяқталуы мүмкін. Егер ауыр асқынулар, мысалы, бүйрек жеткіліксіздігі, тромбоцитопения және гемолитикалық анемия және басқа да жағымсыз реакциялар пайда болса, препаратты қолдануды тоқтатқан жөн.                                                                                         Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.