A10AB04 Инсулин лизпро¹ (Insulin lispro)
Қолдану көрсеткіштері
Глюкозаның қалыпты гомеостазының сақталуы үшін инсулинмен ем жүргізу көрсетілген ересектер мен 2 жастан асқан балалардағы қант диабеті; қант диабетін бастапқы сатыда тұрақтандыру.
-
Клинические протоколы:
- Сахарный диабет 2 типа у детей и подростков
- Сахарный диабет при беременности, в родах и послеродовом периоде
- Церебральный венозный тромбоз
Қарсы көрсеткіштері
Инсулинге немесе препарат компоненттерінің біріне жоғары сезімталдық, гипогликемия.
Қауіпсіздік шаралары
Инсулин лизпро әсер ету уақыты өте тез және әсер ету ұзақтығы қысқа болғандықтан науқасқа бұрын басқа инсулиндерді қабылдағандағы дозасын өзгерту қажет болуы мүмкін. Түзетілмеген гипо- немесе гипергликемиялық реакциялар естен тануға, комаға немесе өлімге әкелуі мүмкін. Препараттың талапқа сай емес дозаларын пайдалану немесе емдеуді тоқтату, әсіресе, инсулинге тәуелді пациенттерде гипергликемия және диабеттік кетоацидоз дамуына әкелуі мүмкін. Балаларда қолданғанда еритін инсулинмен салыстырғанда инсулин лизпроға басымдық тек инсулин әсерінің жылдам басталуы талап етілген жағдайда ғана берілуі тиіс.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Ішуге арналған контрацептивтер, кортикостероидтар, қалқанша без гормондары препараттары, даназол, бета2-адреноынталандырғыштар (ритодрин, сальбутамол, тербуталин) - инсулин лизпроның гипогликемиялық әсерін төмендетеді.Ішуге арналған гипогликемиялық дәрілер, салицилаттар (мысалы, ацетилсалицил қышқылы), сульфаниламидтер, МАО тежегіштері, серотониннің қайта ұсталуының таңдамалы тежегіштер, кейбір ААФ тежегіштері (каптоприл, эналаприл), ангиотензин II рецепторларының блокаторлары, бета-адреноблокаторлар, октреотид немесе алкоголь - гипогликемиялық әсерін күшейтеді.Бета-адреноблокаторлар, клофелин, резерпин гипогликемия симптомдарының көріністерін жасыруы мүмкін. Қант диабетінің ұзақ ағымында, белсенді инсулинотерапияда, диабеттік нейропатияда гипогликемия симптомдары өзгеруі мүмкін немесе айқындылығы төмендеу болады.Инсулинмен біріктірілімде пиоглитазонды қолдану - жүрек жеткіліксіздігінің дамуы, әсіресе жүрек жеткіліксіздігі дамуының қауіп факторлары бар пациенттерде.Инсулин лизпромен бірге басқа препараттарды қолданған кезде дәрігермен кеңесу қажет.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Қандағы глюкоза концентрациясын мұқият бақылау және инсулин дозасын жекелей түзету қажет.
Бауыр жеткіліксіздігі
Қандағы глюкоза концентрациясын мұқият бақылау және инсулин дозасын жекелей түзету қажет.
Жүктілік
Қандағы глюкоза деңгейіне және жалпы денсаулық жағдайына мұқият мониторинг жүргізу қажет.
Емізу
Дозасы түзетілуі мүмкін.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: гипогликемия (естен тануға және, айрықша жағдайларда, өлімге әкелуі мүмкін).Жиі: жергілікті аллергиялық реакциялар (қызару, ісіну немесе инъекция орнындағы қышыну).Жиі емес: липодистрофия.Сирек: жүйелі аллергиялық реакциялар (таралған қышыну, тынысалудың қиындауы, ентігу, артериялық қысымның төмендеуі, тамыр соғу жиілігінің жиілеуі, жоғары тершеңдік).
Балаларда қолданылуы
1 типті қант диабеті бар 2 жасқа дейінгі және 2 типті қант диабетіне шалдыққан балаларда қолдану зерттелмеген.