J02A04 Позаконазол¹ (Posaconazole)
Қолдану көрсеткіштері
Зеңдік инфекцияларды емдеу:- амфотерицин В, итраконазолға немесе вориконазолға резистентті пациенттерде немесе осы препараттар жақпайтын пациенттердегі инвазиялық аспергиллез;- амфотерицин B резистенттілігі бар пациенттердегі немесе амфотерицин В жақпайтын пациенттердегі фузариоз;- итраконазолға резистенттілігі бар немесе итраконазол жақпайтын пациенттердегі хромобластомикоз және мицетома;- амфотерицин В, итраконазолға немесе флуконазолға резистенттілігі бар немесе бұл препараттар жақпайтын пациенттердегі кокцидиоидомикоз.Инвазивті зеңдік инфекциялардың алдын алу:- жедел миелогендік лейкозды немесе инвазиялық зеңдік инфекциялар дамуының жоғары қаупімен ұзақ нейтропенияға алып келуі мүмкін миелодисплазиялық синдромды емдеу кезіндегі ремиссияны индукциялау үшін химиялық емде;- инвазиялық зеңдік инфекциялар дамуының жоғары қаупімен «иесіне қарсы трансплантат» реакциясына жол бермеу үшін иммунодепрессанттардың жоғары дозаларын қабылдап жүрген, гемопоэздік бағаналы жасушалар трансплантаттарының реципиенттерінде.
-
Клинические протоколы:
- Аллогенная неродственная трансплантация костного мозга
- Аллогенная родственная трансплантация костного мозга
- Аллогенная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
- Гаплоидентичная трансплантация костного мозга
- Гаплоидентичная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
- Первичные иммунодефициты с дефектом системы фагоцитоза
- Тяжелый комбинированный иммунодефицит
- Аутологичная трансплантация костного мозга
Қарсы көрсеткіштері
Позаконазолға немесе препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
Электролиттік теңгерімді, әсіресе қан сарысуындағы калий, магний және кальций мөлшерін бақылау және препаратпен емдеуді бастар алдында және емдеу кезінде тиісті түзету жүргізген жөн. QT аралығын ұзартатын дәрілік заттарды пайдаланғанда; QT аралығының туа біткен немесе жүре пайда болған ұзаруы; кардиомиопатия болуы, әсіресе жүрек жеткіліксіздігімен бірге; синустық брадикардия; диагностикаланған симптоматикалық аритмия сияқты жүрек ырғағының бұзылу қаупі жоғары пациенттерге қолданғанда сақтық танытқан жөн. Көлік құралын және басқа да қауіптілігі жоғары механизмдерді басқарудан бас тарту.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Қастауыш алкалоидтары - позаконазолмен бір мезгілде қолдану ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛГЕН, алкалоидтардың плазмалық концентрациясының жоғарылауы, эрготизм дамуы.CYP3A4 субстраттары (терфенадин, астемизол, цизаприд, пимозид, хинидин) - олардың плазмалық концентрациясының жоғарылауы, «пируэт» типті қарыншалық тахикардия дамуына дейінгі QT аралығының ұзаруы, позаконазолмен бір мезгілде қолдану ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛГЕН.ГМГ-КоА-редуктазалар тежегіштері (симвастатин, ловастатин, аторвастатин) - олардың плазмалық концентрациясының жоғарылауы, жедел рабдомиолиздің дамуы, позаконазолмен бір мезгілде қолдану ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛГЕН.Сиролимус - бірге қолдану ұсынылмайды.Циклоспорин, такролимус - олардың концентрациясының жоғарылауы, дозасын төмендету және концентрациясына мониторинг қажет болуы мүмкін.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Дозасын түзету талап етілмейді.
Бауыр жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану. Гепатоуытты, бауыр қызметіне мониторинг қажет.
Жүктілік
Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.
Емізу
Препаратты қабылдау қажет болған жағдайда бала емізуді тоқтату.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: нейтропения, анорексия, электролиттік теңгерімсіздік, гипокалиемия, бас айналуы, бас ауыруы, парестезия, ұйқышылдық, іштің ауыруы, ауыздың құрғауы, жүрек айнуы, құсу, диарея, диспепсия, іштің кебуі, іш қатуы, бауыр қызметі көрсеткіштерінің жоғарылауы, бөртпе, қышыну, астения, шаршағыштық, қызба.Жиі емес: тромбоцитопения, лейкопения, анемия, эозинофилия, лимфаденопатия, көкбауыр инфарктісі, аллергиялық реакциялар, гипер/гипогликемия.Сирек: гемолиздік-уремиялық синдром, тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура, панцитопения, қан ұйығыштығының бұзылуы, анықталмаған қан кетулер, бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі, гонадотропиндер деңгейінің төмендеуі.Маңызды! Мұнда жағымсыз реакциялардың қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
Ұсынылмайды, 18 жасқа дейінгі балаларда қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.