J02A03 Вориконазол (Voriconazole)
Қолдану көрсеткіштері
Инвазивті аспергиллезді емдеу. Нейтропениясыз пациенттердегі кандидемияны емдеу. Candida текті зеңдерден (соның ішінде C.krusei) туындаған, флуконазолға төзімді күрделі инвазиялық инфекцияларды емдеу. Scedoaporium және Fusarium текті зеңдерден туындаған ауыр зеңді инфекцияларды емдеу.
-
Клинические протоколы:
- Аллогенная неродственная трансплантация костного мозга
- Аллогенная родственная трансплантация костного мозга
- Аллогенная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
- Апластическая анемия у детей
- Гаплоидентичная трансплантация костного мозга
- Гаплоидентичная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
- Гемофагоцитарный лимфогистиоцитоз у детей
- Гистиоцитоз из клеток Лангерганса
- Хирургическое лечение транспозиции магистральных сосудов у детей
- Иммунная тромбоцитопения у взрослых
- Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
- Первичные иммунодефициты с дефектом системы фагоцитоза
- Трансплантация легких
- Трансплантация сердечно-легочного комплекса
- Тяжелый комбинированный иммунодефицит
- Болезнь Гоше
- Муковисцидоз
- Аутологичная трансплантация костного мозга
- Ведение пациентов после трансплантации сердца у взрослых
- Ахалазия пищевода у детей
- Гастроэзофагеальная рефлюксная болезнь у детей
- Сепсис
Қарсы көрсеткіштері
Әсер етуші затқа немесе препараттың кез келген қосымша заттарына жоғары сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
Сақтықпен қолдану: туа біткен немесе жүре пайда болған QT интервалы ұзарған пациенттерге; кардиомиопатиясы бар адамдарда, әсіресе жүрек жеткіліксіздігі болған кезде; синустық брадикардия немесе клиникалық симптомдармен аритмиясы бар пациенттерге. Қажет болған жағдайда және вориконазолмен ем бастауға дейін және терапия кезінде гипокалиемия, гипомагниемия, гипокальциемия сияқты электролиттік бұзылыстарды анықтау және түзету керек. Жедел панкреатит дамуының қауіп факторлары бар пациенттерде панкреатит дамуына бақылау жүргізу керек. Вориконазолмен терапия кезінде күн сәулесінің қарқынды және ұзақ түсуін болдырмау ұсынылады. Автокөлік және қауіптілігі жоғары механизмдерді басқарудан бас тарту керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Келесі препараттармен БІРГЕ қолдану қарсы көрсетілген:CYP3A4 субстраттары, терфенадин, астемизол, цизаприд, пимозид, хинидин - қан плазмасында осы дәрілік заттар концентрацияларының артуы QTc интервалының ұзаруына, сирек жағдайларда "пируэт" типтегі көп формалы қарыншалық пароксизмальді тахикардия туындауына алып келеді. Рифампицин, карбамазепин, фенобарбитал - қан плазмасында вориконазол концентрациясының төмендеуі. Эфавиренз ( жоғары дозалары, 400 мг және одан жоғары тәулігіне 1 рет) - қан плазмасында вориконазол концентрациясының айтарлықтай төмендеуі. Ритонавир (жоғары дозалары, 400 мг және одан жоғары тәулігіне екі рет) - қан плазмасында вориконазол концентрациясының айтарлықтай төмендеуі. Қастауыш алкалоидтары (эрготамин, дигидроэрготамин), CYP3A4 цитохром субстраттары - қан плазмасында осы заттар концентрацияларының артуы, эрготизм даму қаупі. Сиролимус - қан плазмасында сиролимус концентрациясының айтарлықтай жоғарылауы.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек қызметіне тұрақты мониторинг жүргізу қажет. Пероральді түріне дозасын түзету талап етілмейді. Парентеральді түрін креатинин клиренсі 50 мл/ мин төмен болған кезде қан сарысуындағы креатинин деңгейін бақылау арқылы, сақтықпен қолдану керек.
Бауыр жеткіліксіздігі
Демеуші дозасын 2 есе төмендету керек, бауыр қызметіне тұрақты мониторинг жүргізу қажет.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: көрудің бұзылысы (көру арқылы қабылдаудың өзгеруін/күшеюін, бұлыңғыр көруді, түстерді қабылдаудың өзгеруін, фотофобияны қоса), қызба, тері бөртпесі, жүрек айнуы, құсу, диарея, іштің ауыруы, бас ауыруы, перифериялық ісінулер.Жиі: синусит, миелосупрессия, тромбоцитопения, анемия (соның ішінде макроцитарлы, микроцитарлы, нормоцитарлы, мегалобластты, апластикалық), лейкопения, геморрагиялық бөртпе, панцитопения, бас айналу, тремор, парестезиялар, гипокалиемия, гипогликемия, галлюцинациялар, сананың шатасуы, депрессия, мазасыздық, үрейлену, қорқыныш, өкпенің ісінуі, артериялық қысымның (АҚ) төмендеуі, тромбофлебит, флебит, тыныс алу жеткіліксіздігі, жедел респираторлық дистресс-синдром, хейлит, гастроэнтерит, қышыну, макулопапулезді бөртпе, терінің фотосезімталдық реакциялары, алопеция, эксфолиативті дерматит, беттің ісінуі, пурпура, бел ауыруы, қалтырау, астения, кеуде тұсының ауыруы, тұмау тәрізді синдром.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
Ішке, тамақтануға дейін 1 сағат бұрын немесе 1 сағаттан кейін қабылдау. 2 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға және дене салмағы 50 кг төмен, 12 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға. Қанықтырушы доза– ұсынылмайды! Демеуші доза (алғашқы 24 сағаттан соң): 9 мг/кг әр 12 сағатта. Жоғары доза 350 мг әр 12 сағатта.Көктамырға, ерітіндіні дайындағаннан кейін тез арада, 1-3 сағат аралығында сағатына 3 мг/кг жылдамдықпен енгізу. 2 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға және дене салмағы 50 кг төмен, 12 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға. Барлық көрсеткіштер бойынша қанықтырушы доза (алғашқы 24 сағатта): 9 мг/кг әр 12 сағатта; демеуші доза (емдеу басталғаннан кейін 24 сағаттан соң): 8 мг/кг әр 12 сағатта.Дене салмағы 50 кг жоғары 12 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға және дене салмағына байланысты емес, 15 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға: дозалау режимі ересектерге арналған дозада дозаланады. 2 жасқа дейінгі балаларға ұсынылмайды!Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.