J02AA01 Амфотерицин В (Amphotericin B)
Қолдану көрсеткіштері
Криптококкоз, солтүстік-американдық бластомикоз, диссеминацияланған кандидоз, кокцидиоидомикоз, аспергиллез, гистоплазмоз, мукоромикоздар сияқты қоздырғыштардың сезімтал түрлері себебінен болатын жүйелік зең инфекцияларын емдеу үшін, сонымен қатар терінің және шырышты қабықтардың американдық лейшманиозының кейбір жағдайлары; антибиотиктермен емді қолданудан кейін 96 сағат ішінде басылмайтын, тоқтамайтын қызбалы жай-күй – нейтропениясы бар науқастарың шығу тегі белгісіз қызбаны (ШБҚ) емдеу үшін.
-
Клинические протоколы:
- Т-клеточные лимфомы у взрослых
- Муковисцидоз
- Аллогенная неродственная трансплантация костного мозга
- Аллогенная родственная трансплантация костного мозга
- Аллогенная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
- Гаплоидентичная трансплантация костного мозга
- Гаплоидентичная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
- Т-клеточные лимфомы у взрослых
Қарсы көрсеткіштері
Препараттың белсенді затына немесе қандайда бір қосымша затына жоғары сезімталдық; жержаңғақ немесе сояға аллергия; фруктоза жақпаушылығы, глюкоза және галактозаның мальабсорбция синдромы немесе сахароза-изомальтаза жеткіліксіздігі сияқты сирек тұқым қуалайтын бұзылулары бар науқастар.
Қауіпсіздік шаралары
Инъекцияға арналған натрий хлоридінің ерітіндісімен сұйылтпау немесе басқа дәрілік заттармен немесе электролиттермен араластырмау керек. Операциялық микробтық сүзгіні пайдаланбаған жөн; Тек терілік және серологиялық оң талдаулар болғанда зең инфекциясының жалпы клиникалық симптомсыз түрлерін емдеу үшін қолдануға болмайды; Осы реакциялар дамыған жағдайда идиосинкразиялық анафилаксиялық реакциялардың даму мүмкіндігін бағалау және енгізілетін дозаны азайта түсу үшін препараттың тест дозасын бастапқы енгізу ұсынылады. Ауыр анафилаксиялық/анафилактоидты реакция дамыған жағдайда осы науқасқа әріқарай препараты қолдану мүмкіндігінсіз инфузияны дереу тоқтату керек.Инфузияны тез жіберуге болмады (аритмия қаупі); Парентериалды енгізу кезінде уыттылық тән ( тест дозасынан кейін 30 минут бойы мұқият бақылау қажет);Көлік құралдарын басқарудан және қауіпті механизмдермен жұмыс істеуден бас тартқан жөн.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Циклоспорин, аминогликозидтер және пентамидин- нефроуыттылықтың көрініс беру қаупін арттыруы мүмкін. Глюкокортикостероидттар,кортикотропин (АКТГ) , және диуретиктерді (ілмекті және тиазидті) миерелаксанттар бір мезгілде қолдану гипокалемия айқындылығын күшейтуі мүмкін. Ісікке қарсы препараттарды бір мезгілде қолдану бүйрек нефроуыттылығының, бронх түйілуі мен гипотензия дамуының көрініс беру қаупін арттыруы мүмкін.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Басқа альтернатива болмаған жағдайда қолданыңыз!
Жүктілік
Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда ғана қолданылуы мүмкін.
Емізу
Ана үшін күтілетін пайда сәби үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда ғана қолданылуы мүмкін.
Жағымсыз әсерлері
Қан және лимфалық жүйе тарапынан бұзылулар: сирек: тромбоцитопения; жиілігі белгісіз: анемия;Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар: сирек: анафилактоидтық реакция; жиілігі белгісіз: анафилаксиялық реакциялар, аса жоғары сезімталдық; Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар:өте жиі: гипокалиемия; жиі: гипонатриемия, гипокальцинемия, гипомагниемия, гипергликемия;Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар: жиі: бас ауыру сирек: құрысулар;Жүрек тарапынан бұзылулар: жиі: тахикардия; жиілігі белгісіз: жүректің тоқтап қалуы, аритмия;Қантамырлар жүйесі тарапынан бұзылулар: жиі: гипотензия, вазодилатация, қан тебулер; Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы ағзалары және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар: жиі: ентігу ; сирек: бронхтың түйілуі;Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар: өте жиі: жүректің айнуы, құсу; жиі: диарея, іштің ауыруы;Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар: жиі: бауырдың функциональді сынамаларының ауытқулары, гипербилирубинемия, сілтілік фосфатаза белсенділігінің жоғарылауы;Тері және теріасты тіндері тарапынан бұзылулар: жиі: бөртпе; жиілігі белгісіз: ангионевроздық ісіну;Қаңқа-бұлшықет жүйесі және дәнекер тіні тарапынан бұзылулар: жиі: арқаның ауыруы; жиілігі белгісіз: рабдомиолиз (гипокалиемиямен астасқан), бұлшықет-қаңқаның ауыруы (артралгия немесе сүйектердің ауыруы ретінде сипатталатын);Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар: жиі: креатинин концентраиясының жоғарылауы, қандағы мочевина концентрациясының жоғарылауы; жиілігі белгісіз: бүйрек жағдайының дәрменсіздігі, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі; Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі бұзылулар; өте жиі: діріл, гипертермия жиі: кеуденің ауыруы; сирек: флебит.
Балаларда қолданылуы
Балалар. Көктамыр ішіне, науқастардағы ауыр инвазивті кандидоз, ауыр жүйелі саңырауқұлақ инфекциясы кәдімгі амфотерицинге немесе басқа саңырауқұлаққа қарсы препараттарға жауап бермейтін, немесе уыттылық немесе бүйрек жетіспеушілігі әдеттегі амфотерицинді, оның ішінде инвазивті аспергиллезды, криптококкты менингитті және АИВ-ке шалдыққан пациенттерде шашыранды криптококкозда қолдануға кедергі келтіретін жағдайларда: бастапқы сынақ дозасы 100 мкг/кг (максимальді доза 1 мг), содан кейін 5мг/кг күніне бір рет; Кәдімгі амфотерицинді қолдануға жол бермейтін ауыр жүйелі немесе терең микоздар (әсіресе нефротоксикалық). Кең спектірлі антибактериалды препараттарға жауап бермейтін, фебрильді нейтропениясы бар науқастар: нәрестелер: 1 мг / кг күніне бір рет, қажет болған жағдайда күніне 3 мг / кг-ға дейін жоғарылайды; максималды күніне 5 мг/кг; балалар: сынақ дозасы 100 мкг / кг (максималды доза 1 мг), 10 минут ішінде енгізіледі, содан кейін күніне 3 мг / кг; тәулігіне максимум 5 мг / кг; висцеральды лейшманиоз: 10-21 күн ішінде тәулігіне 1-3 мг / кг жинақталған дозаға дейін 21-30 мг / кг, келесі 5 күнде 3 мг / кг, содан кейін 1 дозада 6 күннен кейін 3 мг / кг ; Жүйелі саңырауқұлақ инфекциясы: жаңа туған нәрестелер: күніне 1 рет 1 мг / кг, қажет болған жағдайда 7 күн ішінде күніне 1,5 мг / кг дейін артады, содан кейін қажет болған жағдайда күніне бір рет 1-1,5 мг / кг-ға дейін азаяды; балалар: тәулігіне 250 мкг / кг алғашқы дозасының құрамына кіретін 100 мкг / кг (ең көп дозасы 1 мг) дозасы, содан кейін тәулігіне 1 мг / кг-ға ауысқан кезде жоғарылайды, доза біртіндеп 2–4 күннен кейін артады; ауыр инфекциялар кезінде ең жоғары доза күніне 1,5 мг / кг құрайды. Әдетте ұзақ мерзімді емдеу қажет; егер 7 күннен артық үзіліс болса, тәулігіне 250 мкг / кг дозада қабылдауды жалғастырыңыз.