J01XE01 Нитрофурантоин (Nitrofurantoin)

Қолдану көрсеткіштері

Несеп шығару жолдарының асқынбаған инфекциялары (жедел цистит, симптомсыз бактериурия, уретрит, пиелит, пиелонефрит); урологиялық операциялар және тексерулер кезінде (цистоскопия, катетерлеу) инфекциялардың алдын алу.
    Клинические протоколы:
  1. Медиастенит
  2. Инфекция мочевой системы у детей
  3. Цистит и уретрит
  4. Врожденный гидронефроз у детей
  5. Инфекции мочевых путей при беременности, родах и послеродовом периоде
  6. Злокачественные новообразования щитовидной железы

Қарсы көрсеткіштері

Нитрофурандарға аса жоғары сезімталдық; созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (NYHA бойынша III-IV класс); глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа жеткіліксіздігі; жедел порфирия.

Қауіпсіздік шаралары

Қант диабеті, анемиясы, электролиттік бұзылыстары, В тобындағы дәрумендер тапшылығы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау қажет, себебі препараттың нейроуытты әсері күшеюі мүмкін. Шеткергі нейропатияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (парестезиялардың пайда болуы), өкпе қызметінің бұзылуы кезінде, гематологиялық және неврологиялық бұзылыстарда, глюкозо-6-фосфат дегидрогеназа тапшылығына күдік тудыратын пациенттерде гемолиз белгілері пайда болғанда препаратты қабылдауды тоқтату керек. Ұзақ уақыт ем алатын, әсіресе егде жастағы пациенттерде өкпе функциясының мониторингі қажет.Препаратты қабылдау кезінде несеп сары немесе қоңыр түске боялуы мүмкін. Несепте глюкозаны анықтау кезінде жалған оң реакция байқалуы мүмкін. Асқазан-ішек жолдары тарапынан реакциялар препаратты тағаммен, сүтпен қабылдағанда немесе дозасын төмендеткенде азаюы мүмкін. Автокөлік немесе қозғалыстағы механизмдерді басқарудан бас тарту.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Магний тұздары (ішке) – сіңірілуінің төмендеуі.Клозапин – сүйек кемігіне уытты әсерінің жоғарылауы мүмкін.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Креатинин клиренсі минутына 60 мл төмен болғанда, олигурия кезінде қарсы көрсетілген.Бүйректің қыртыс заты ауруларын (гломерулонефриттер), іріңді паранефрит, жалғыз қызмет жасамайтын бүйректің паренхиматозды инфекциясын қоса, простатитті емдеу кезінде қолдануға болмайды.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр циррозы, созылмалы гепатит кезінде қарсы көрсетілген.Гепатиттің даму белгілерін анықтау мақсатында, ұзақ уақыт ем алып жатқан пациенттерде бауыр функциясының мониторингі қажет. Бұзылу белгілері пайда болған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтату.

Жүктілік

Эритроциттердің ферменттік жүйелері жетілмеуінен, ұрықта гемолитикалық анемия даму қаупіне байланысты жүктілік кезінде қолданбау.

Емізу

Жаңадан туылған балада гемолитикалық анемия даму қаупіне байланысты, қолдану қажет болған жағдайда бала емізуді тоқтату.

Жағымсыз әсерлері

АІЖ тарапынан бұзылыстар: жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, диарея, жалған жарғақшалы энтероколит.                                          Гепатобилиарлы бұзылыстар: трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы, гепатит, холестатикалық синдром, панкреатит.ОЖЖ тарапынана бұзылыстар: бас айналуы, бас ауыруы, астения, нистагм, ұйқышылдық, шеткергі нейропатия.Тыныс алу ағзалары тарапынан бұзылыстар: интерстициальді пневмонит, өкпе фиброзы, бронх түйілуі, жөтел, тұмау тәрізді синдром, кеуде қуысындағы ауырсынулар.Қан тарапынан өзгерулер: лейкопения, гранулоцитопения, агранулоцитоз, тромбоцитопения, гемолитикалық анемия, мегалобластық анемия.Аллергиялық реакциялар: қызыл жегі тәрізді синдром, анафилактикалық реакциялар, қызба, эозинофилия, бөртпе, мультиформалы экссудативті эритема (Стивенс-Джонсон синдромы), эксфолиативті дерматит.Басқа: артралгия, миалгия; көбінесе көкіріңді таяқшадан туындайтын, несеп шығару жолдарының суперинфекциясы.

Балаларда қолданылуы

Ішке, тамақпен бірге, көп мөлшердегі сумен ішу. 6 жастан асқан балалар: 7 күн бойы, тәулігіне 3 мг/кг 4 рет қабылдау. Демеуші ем: күніне бір рет 1 мг/кг. 6 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.