A09AA02 Панкреатин¹ (Multienzymes (lipase, protease etc.))
Қолдану көрсеткіштері
Ұйқы безінің сыртқы секреторлы қызметінің жеткіліксіздігінде орын басушы емі үшін: созылмалы панкреатит, панкреатэктомиядан кейінгі жағдайда, ұйқы безінің обырында, асқазанның толық немесе жартылай резекциясынан (мысалы: Бильрот ІІ) кейінгі жағдайда, ұйқы безі мен жалпы өт жолының обструкциясында, Швахман-Даймонд синдромында, муковисцидозда.
-
Клинические протоколы:
- Диарея и гастроэнтерит предположительно инфекционного происхождения
- Лямблиоз
- Бактериальные кишечные инфекции у детей
- Вирусные кишечные инфекции у детей
- Описторхоз у взрослых
- Паротитная инфекция
- Гемолитическая анемия у детей
- Иммунная тромбоцитопения у детей
- Белково-энергетическая недостаточность у детей
- Муковисцидоз
- Синдром Жильбера
- Паллиативная помощь больным с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии, сопровождающимися диареей
- Болезнь Шегрена
- Ахалазия пищевода у детей
- Вирусные кишечные инфекции у детей
- Гастрит и дуоденит (педиатрия)
- Гастроэзофагеальная рефлюксная болезнь у детей
- Другие неинфекционные гастроэнтериты и колиты (педиатрия)
- Кисты поджелудочной железы у детей
- Механическая желтуха
- Первичный биллиарный холангит. Первичный склерозирующий холангит
- Функциональная диспепсия у детей
- Холецистит у детей
- Хронический панкреатит у взрослых
- Целиакия у детей
- Язвенная болезнь желудка и двенадцатиперстной кишки без кровотечения и прободения (педиатрия)
- Хроническая хромовая интоксикация
- Болезнь Гиршпрунга у детей
- Ангионевротический отек
- Паллиативная помощь и сестринский уход за больными с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии с наличием стом, с назогастральным зондом и мочевым катетером
- Хроническая интоксикация свинцом
- Хроническая интоксикация фосфором и его соединениями
Қарсы көрсеткіштері
Препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
Сақтық шаралары ретінде тоқ ішектің зақымдануын болдырмау мақсатында асқазан-ішек жолы тарапынан болатын барлық ерекше симптомдарды немесе өзгерістерді мұқият медициналық бақылау ұсынылады. Әсіресе, егер пациент дене салмағына тәулігіне 10000 бірлік липаза/кг қабылдайтын жағдайда. Препарат құрамында шошқа текті компоненттер болуы мүмкін, нұсқаулығын мұқият оқыңыз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Акарбоза - акарбоза әсерлері төмендеуі мүмкін.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Жүктілік
Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.
Емізу
Ана үшін күтілетін пайда бала үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.
Жағымсыз әсерлері
Іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу, метеоризм, диарея, іш қатуы, бөртпе, аса жоғары сезімталдық реакциялары.
Балаларда қолданылуы
Ішке, шайнамай, тамақтану кезінде немесе тамақтанудан кейін бірден аз мөлшердегі сұйықтықпен ішу. Жұтуда қиындықтар болғанда, капсула құрамындағын шайнауды қажет етпейтін жұмсақ тағамға қосады, немесе сусынмен қабылдайды (алма езбесі, йогурт немесе жеміс шырыны, мысалы, ананас, алма немесе апельсин шырыны).