J01MA12 Левофлоксацин¹ (Levofloxacin)

Қолдану көрсеткіштері

Жедел синусит, созылмалы бронхиттің өршуі, ауруханадан тыс пневмония: несеп шығару жолдарының асқынған және асқынбаған инфекциялары (сонымен қатар пиелонефрит); созылмалы бактериялық простатит; терінің және жұмсақ тіндердің инфекциялары; септицемия/бактериемия; интраабдоминальді инфекция.
    Клинические протоколы:
  1. Иерсиниоз
  2. Травма прямой кишки
  3. Столбняк
  4. Рожа
  5. Хламидийная инфекция
  6. Хронический вирусный гепатит С у взрослых
  7. Эхинококкоз у взрослых (эхинококкоз легкого)
  8. Альвеококкоз печени
  9. Внелегочный туберкулез с множественной лекарственной устойчивостью
  10. Внелегочный туберкулез с широкой лекарственной устойчивостью
  11. Дерматофитии
  12. Инфекционный мононуклеоз
  13. Туберкулез органов дыхания с множественной лекарственной устойчивостью у взрослых
  14. Туберкулез органов дыхания с множественной лекарственной устойчивостью у детей
  15. Туберкулез органов дыхания с широкой лекарственной устойчивостью у взрослых
  16. Аллогенная неродственная трансплантация костного мозга
  17. Аллогенная родственная трансплантация костного мозга
  18. Апластическая анемия у детей
  19. Аутоиммунная гемолитическая анемия у взрослых
  20. Гаплоидентичная трансплантация костного мозга
  21. Гемофагоцитарный лимфогистиоцитоз у детей
  22. Гастродуоденальное кровотечение
  23. Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
  24. Первичные иммунодефициты с дефектом системы фагоцитоза
  25. Трансплантация легких
  26. Трансплантация сердечно-легочного комплекса
  27. Диабетическая ангиопатия нижних конечностей
  28. Ведение пациентов после трансплантации сердца у взрослых
  29. Абсцесс легкого
  30. Медиастенит
  31. Пневмония у взрослых (внебольничная пневмония)
  32. Хроническая обструктивная болезнь лѐгких
  33. Эмпиема плевры у взрослых
  34. Импетиго
  35. Абсцесс печени
  36. Анальная инконтиненция
  37. Аутологичная трансплантация костного мозга
  38. Ахалазия кардии
  39. Гастродуоденальный стеноз
  40. Мегаколон, долихоколон
  41. Механическая желтуха
  42. Острая мезентериальная ишемия
  43. Острый парапроктит
  44. Первичный биллиарный холангит. Первичный склерозирующий холангит
  45. Перитонит
  46. Перфоративная язва желудка и двенадцатиперстной кишки
  47. Свищи прямой кишки
  48. Хронический гастрит
  49. Язвенная болезнь желудка и двенадцатиперстной кишки
  50. Язвенная болезнь желудка и двенадцатиперстной кишки
  51. Воспалительные заболевания предстательной железы
  52. Дивертикул мочевого пузыря
  53. Доброкачественная гиперплазия предстательной железы
  54. Криз отторжения почечного трансплантата
  55. Ректовагинальный свищ
  56. Трансплантация почки
  57. Хроническая трансплантационная нефропатия
  58. Хронический тубулоинтерстициальный нефрит
  59. Цистит и уретрит
  60. Абдоминальная травма
  61. Ожоги II – IIIA-Б - IV степени более 30%, глубоких более 10% поверхности тела
  62. Ожоги II – IIIA-Б - IV степени до 30%, глубоких до 10% поверхности тела (взрослые)
  63. Размозжение и травматическая ампутация на уровне запястья и кисти
  64. Травма кровеносных сосудов
  65. Синдром диабетической стопы
  66. Ущемленная грыжа
  67. Острый аппендицит
  68. Острый холецистит
  69. Сочетанная ВИЧ/ТБ инфекция
  70. Гастропатии, индуцированные приемом нестероидных противовоспалительных препаратов
  71. Хронический гепатит В у взрослых
  72. Туберкулез органов дыхания с широкой лекарственной устойчивостью у детей
  73. Туберкулез центральной нервной системы с широкой лекарственной устойчивостью у взрослых
  74. Туберкулез центральной нервной системы с множественной лекарственной устойчивостью у взрослых
  75. Туберкулез центральной нервной системы у детей с широкой лекарственной устойчивостью
  76. Туберкулез центральной нервной системы у детей с множественной лекарственной устойчивостью
  77. Церебральный венозный тромбоз
  78. Рак поджелудочной железы
  79. Злокачественные новообразования прямой кишки
  80. Злокачественные новообразования ободочной кишки
  81. Коронавирусная инфекция - COVID-19, 10-я редакция с изменениями от 15.07.2020

Қарсы көрсеткіштері

Левофлоксацинге немесе басқа хинолондарға жоғары сезімталдық; тырыспа және құрысу шегі төмен орталық жүйке жүйесінің басқа зақымданулары; анамнезіндегі хинолондарды қолданумен байланысты сіңірлердің зақымдануы.

Қауіпсіздік шаралары

Анамнезінде психоздық немесе психикалық аурулары бар, глюкозо-6-фосфатдегидрогеназалар тапшылығы, құрысуларға бейім ұстамалары бар науқастарға сақтықпен қолдану. Гипогликемияны болдырмау үшін қант диабеті бар науқастарға сақтықпен тағайындау. QT аралығы ұзаруының белгілі қауіп факторлары бар науқастарға, мысалы: туа біткен QT ұзаруы синдромы; өзінің QT аралығын ұзартуға қабілеттілігімен белгілі дәрілерді (мысалы, IA және III класты аритмияға қарсы дәрілер, үшциклдық антидепрессанттар, макролидтер) бір мезгілде қолдануда; электролиттік теңгерімнің түзетілмеген бұзылуы (мысалы, гипокалиемия, гипомагниемия); егде жас; жүрек ауруы (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, брадикардия) бар науқастарда сақ болу керек. Күшті күн сәулесінің немесе жасанды ультракүлгін сәуленің әсеріне ұшырамау ұсынылады.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Құрамында магний мен алюминий бар антацидтер, сондай-ақ темір, сукралфат препараттары - левофлоксацин сіңірілуі төмендейді. Теофиллин, стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер (СЕҚҚП) - церебральді құрысу шегі төмендейді. Фенбуфен - левофлоксацин концентрациясы артады. Пробеницид және циметидин - левофлоксацин шығарылуына елеулі әсер етеді. К дәрумені (варфарин) - коагуляциялық тестілер көрсеткіштерінің артуы. Глюкокортикоидтар - сіңірлердің үзілу қаупін арттырады. Аритмияға қарсы IA және III класты дәрілерді, үшциклдық антидепрессанттар, макролидтер - сақтықпен қолдану.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозаны түзету қажет.

Бауыр жеткіліксіздігі

Анорексия, сарғаю, несептің күңгірт түске боялуы, қышыну, іштің ауыруы сияқты бауыр ауруларының белгілері мен симптомдары пайда болған жағдайда, емдеуді тоқтату қажет.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: тәбеттің болмауы, жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, метеоризм, асқорыту бұзылыстары, диарея, іштің қатуы, бауыр ферменттері (АЛТ, АСТ) белсенділігінің және қан сарысуындағы билирубин деңгейінің жоғарылауы.Жиі емес: тері бөртпесі, қышыну, терінің қызаруы, бас ауыруы, бас айналуы, ұйқышылдық, ұйқысыздық, астения, қан сарысуындағы креатинин деңгейінің артуы, эозинофилия, лейкопения.Сирек: есекжем, бронхтардың түйілуі, ентігу, мелена, саусақтардағы парестезиялар, тремор, мазасыздық сезімі, қорқу сезімі, құрысулар, сананың шатасуы, тахикардия, артериялық қысымның төмендеуі, сіңірлердің зақымдануы, соның ішінде тендинит, буындардың немесе бұлшықеттердің ауыруы, нейтропения; қан құйылуларға немесе қан кетулерге бейімділіктің жоғарылауына алып келетін тромбоцитопения.Өте сирек: Квинке ісінуі, анафилаксиялық шок, анафилактоидтық реакциялар, гипотония, шок, коллапс, QT-аралығының ұзаруы, бүйрек қызметінің бұзылуы, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, интерстициальді нефрит, жалғанжарғақшалы колит, энтероколит, фотосенсибилизация, гипогликемия, көру мен естудің, дәм сезу мен иіс сезудің бұзылуы, гипестезиялар, психоз реакциялары, елестеулер мен депрессиялар түрінде, суицидтік ойларды қоса, сіңірлердің үзілуі, мысалы ахилл сіңірінің үзілуі (емдеу басталғаннан кейін 48 сағат ішінде білінуі және екі аяқты да зақымдауы мүмкін), гепатит, агранулоцитоз, қызба, аллергиялық пневмонит, васкулит, ауыр миастениямен науқастар үшін маңызы зор бұлшықет әлсіздігі.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз. 

Балаларда қолданылуы

 18 жасқа дейінгі балалар қарсы көрсетілген. 18 жасқа дейінгі балаларда қауіпсіздік пен тиімділік орнатылмаған.