J01MA06 Норфлоксацин (Norfloxacin)

Қолдану көрсеткіштері

Әйелдердегі жедел және қайталанатын цистит; төменгі несеп шығару жолдарының жедел инфекциясы (жиі қайталанатын инфекциялардың алдын алу); созылмалы бактериялық простатит; соз; бактериялық гастроэнтерит.Алдын алу: саяхатшылар диареясы; иммунитет тапшылығы бар пациенттердегі асқазан-ішек жолының деконтаминациясы.Төменгі несеп шығару жолдарының инфекциялары, әйелдердегі асқынбаған инфекцияларды және созылмалы қайталанатын инфекцияларды қоса; созылмалы простатит. 
    Клинические протоколы:
  1. Диарея и гастроэнтерит предположительно инфекционного происхождения
  2. Диарея у детей. Затяжная диарея
  3. Бактериальные кишечные инфекции у детей
  4. Холера
  5. Цирроз печени у взрослых

Қарсы көрсеткіштері

Фторхинолин тобының антибиотиктеріне аса жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

ОЖЖ бұзылыстары бар пациенттерге (әсіресе эпилепсия және құрысулармен бірге жүретін басқа жағдайларда); туа біткен QT аралығының ұзару синдромы бар пациенттерде, анамнезінде жүрек аурулары бар пациенттерде, әйелдерде, егде жастағы науқастарда; QT аралығын ұзартатын (мысалы, IA және III класс аритмияға қарсы препараттар, трициклді антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер)  препараттармен бір мезгілде қолданғанда; түзетілмеген электролиттік дисбаланс (гипокалиемия, гипомагниемия) кезінде, сонымен қатар миастениясы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау. Фотосезімталдық реакцияларын туындатады, күн сәулесі немесе ультракүлгін сәулелену әсерін болдырмау керек. Тендинит және сіңірдің үзілу жағдайлары байқалған. Емдеу кезінде және емдеуден кейін шамадан тыс физикалық жүктемелерді болдырмау керек. Сіңір бойында ауыру сезімі және/немесе тендиниттің алғашқы белгілері пайда болғанда препаратты тоқтату қажет. Ауыр жағымсыз әсерлері пайда болған кезде препаратты қабылдауды тоқтату. Автокөлік немесе қозғалыстағы механизмдерді басқарудан бас тарту қажет.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Кофеин, клозапин, ропинирол, такрин, теофиллин, тизанидин - қандағы норфлоксацин концентрациясының ұлғаюы.Теофиллин, циклоспорин - қан плазмасында олардың концентрациясының жоғарылауы.Пероральді антикоагулянттар - антикоагулянттар әсерінің күшеюі.Стероидты емес қабынуға қарсы заттар - ОЖЖ ынталандыру қаупінің артуы және құрысу ұстамларының пайда болуы.Құрамында кофеин бар өнімдер - қан плазмасында кофеин концентрациясының артуы.Антацидтер, поливитаминдер, диданозин - сіңірілуіне кедергі келтіреді және несептегі және қан сарысуындағы норфлоксацин деңгейінің төмендеуіне алып келеді.Глибенкламид - қандағы қанттың күрт төмендеуі мүмкін, қандағы қант деңгейіне бақылау ұсынылған.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозасын түзету креатинин клиренсі мәндеріне байланысты.Кристаллурия болуы мүмкін, жеткілікті сұйықтық қабылдауды қамтамасыз ету.Егер шумақтық сүзілу жылдамдығы минутына 30 мл төмен болса, онда 400 мг күніне бір рет қолдану. 

Бауыр жеткіліксіздігі

Қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: бөртпе, тері қышынуы, фотосенсибилизация/фотоуыттылық реакциялары.Сирек: әр түрлі асқын сезімталдық реакциялары, анафилактоидты реакцияларды қоса; буындардағы ауыру, бұлшықеттегі ауыру, тендинит, сіңірлердің үзілуі, миастенияның асқынуы, тәбеттің төмендеуі, дисфагия, ауыздағы ащы дәм, жүректің айнуы, құсу, іштің ауыруы, диарея, гепатит, сарғаю, панкреатит, стоматит, бас ауыруы, бас айналуы, естен танулық жағдайлар, ұйқысыздық, елестеулер, құрысулар, миоклонус, тремор, биохимиялық және перифериялық қан көрсеткіштерінің өзгеруі, несеп көрсеткіштерінің өзгеруі, симптоматикалық гипогликемия, постуральді гипотензия, тахикардия, аритмия, протромбиндік уақыттың ұзаруы, қынаптық кандидоз.Өте сирек: уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы және эритема, эксфолиативті дерматит, ЭКГ-дағы QT аралығының ұзаруы және қарыншалық аритмия, қарыншаның жыпылықтауы-дірілдеуін қоса, шеткергі нейропатия, полинейропатия, Гийен-Барр синдромын қоса, атаксия, парестезия, гипестезия, психикалық бұзылыстар, психотикалық реакцияларды қоса, сананың шатасуы, құрысулар, интерстициальді нефрит, бүйрек жеткіліксіздігі, уретральді қан кету, бауыр жеткіліксіздігі, жалған жарғақшалы колит, естудің жоғалуы, құлақтағы шуыл, диплопия, көрудің бұзылуы, дәм сезінудің бұрмалануы.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.