J01GA01 Стрептомицин¹ (Streptomycin)
Қолдану көрсеткіштері
Әр түрлі ошақтағы туберкулез, соның ішінде туберкулезді менингит, венерологиялық гранулема, туляремия, бруцеллез, оба, бактериялық эндокардит (тек бензилпенициллин немесе ванкомицинмен біріктірілімінде), жедел бактериялық ішектік инфекциялар, несеп шығару жолдарының инфекциялары, (қоздырғыштың сезімталдығын анықтағаннан кейін).
Қарсы көрсеткіштері
Стрептомицинге жоғары сезімталдық, отоневритті өткергеннен кейінгі және бассүйек жүйкелерінің VIII жұбының невритімен байланысты вестибулярлы және есту аппараттарының аурулары, жүрек-қантамыр жеткіліксіздігінің ауыр түрі, ми қанайналымының бұзылысы, облитерациялық эндартериит, миастения, паркинсонизм, ботулизм, қан кетулерге бейімділік, эпилепсия.
Қауіпсіздік шаралары
Емдеу барысында кем дегенде аптасына 1 рет вестибулярлы аппарат, көру және есту жүйкесі, бүйрек қызметін бақылау керек. Цефалоспорин және пенициллин қатарының антибиотиктерімен бір шприцте араластыруға болмайды. Басқа нефро- және отоуытты препараттармен бір мезгілде қолдану кезінде ото- және нефроуыттылық әсердің даму қаупі жоғарылайды. Оң клиникалық динамика болмаған кезде төзімді микроорганизмдердің даму мүмкіндігін есте сақтау керек. Мұндай жағдайларда емдеуді тоқтату және тиісті емді бастау қажет.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Амфотерицин, капреомицин, кейбір цефалоспориндер, циклоспорин, колистин, ілмектік диуретиктер (фуросемид), этакрин қышқылы, ванкомицин және нефроуытты немесе отоуыттылығы бар басқа да препараттар - нефроуыттылық және/немесе отоуыттылық қаупінің жоғарылауы.Суксаметоний, деполяризацияланбайтын миорелаксанттар (мысалы, атракурий) - бұлшықет-жүйкелік блокадасының ұзаруы.Неостигмин, пиридостигмин - аминогликозидтердің антагонистері.Бисфосфонаттар - гипокальциемия даму қаупінің жоғарылауы.Дигоксин - аминогликозидтер әсерінен концентрациясы жоғарылауы мүмкін (сирек хабарламалар).Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Нефроуыттылықтың даму ықтималдылығы бүйрек функциясы бұзылған науқастарда, сондай-ақ жоғары дозаларды немесе ұзақ уақыт бойы тағайындағанда жоғары болады (науқастардың осы тобында бүйрек функциясын күн сайын бақылап отыру қажет болуы мүмкін).
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Бас ауыруы, ұйқышылдық, әлсіздік, шеткергі неврит, бет жүйкесінің невриті, көру жүйкесінің невриті, вестибулярлы және лабиринтті бұзылулар, жүрек айнуы, құсу, диарея, бауыр қызметінің бұзылуы.Сирек: миорелаксанттармен бір мезгілде енгізген кезде бұлшықеттердің құрысып жиырылуы, полинейропатия, парестезия, жүйке-бұлшықет блокадасы (тыныс алудың қиындауы, түнгі апноэ, тыныс алудың тоқтауы), нейроуытты әсер, отоуыттылық (естудің жоғалуы, қайтымсыз кереңдікке дейінгі), нефроуыттылық (олигурия, полиурия, альбуминурия, гематурия, анорексия, жүрек айнуы, құсу), енгізген жердегі ауыру және гиперемия, аллергиялық реакциялар, өте сирек ангионевротикалық ісіну, қызба, эозинофилия, бронх түйілуі, анафилактикалық шок, артериялық қысымның төмендеуі, жүрек тұсының қысылып ауыруы, тахикардия, гипотензия.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
Балалар. Бұлшықет ішіне. Әр түрлі жастағы балаларға стрептомициннің жоғары дозалары: 2-4 жас: бір реттік - 150 мг, тәуліктік - 300 мг; 5-6 жас: бір реттік - 175 мг, тәуліктік - 350 мг; 7-9 жас: бір реттік - 200 мг, тәуліктік - 400 мг; 9-14 жас: бір реттік - 250 мг, тәуліктік - 500 мг. 14 жастан асқан: бір реттік - 500 мг, тәуліктік - 1 г. 1 жасқа дейінгі балаларға стрептомицинді «өмірлік» көрсетілімдері бойынша ғана тағайындайды.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.