J01FA09 Кларитромицин¹ (Clarithromycin)
Қолдану көрсеткіштері
Сезімтал ағзалармен туындаған инфекциялар:төменгі тыныс жолдарының инфекциялары (бронхит, пневмония және т.б.);жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары (синусит, фарингит және т.б.); тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялары (фолликулит, целлюлит, тілме және т.б.).Mycobacterium avium немесе Mycobacterium intracellulare туындаған диссеминирленген немесе ошақталған микобактериялы инфекциялар, Mycobacterium chelonae, Mycobacterium fortuitum, Mycobacterium kansasii туындаған ошақталған инфекциялар.CD4 - лимфоциттер ≤ 100/мм3 санымен АИТВ - жұқтырған пациенттерде Mycobacterium avium (МАК) кешені туғызған диссеминирленген инфекциялардың алдын алу. 12 елі ішектің ойық жарасының қайталануын төмендетуге ықпал ете отырып, H. pylori эрадикациясы үшін.
-
Клинические протоколы:
- Травма прямой кишки
- Хроническая трансплантационная нефропатия
- Дифтерия
- Дифтерия у детей
- Скарлатина
- Акушерский сепсис
- Рожа у детей
- Ректовагинальный свищ
- Криз отторжения почечного трансплантата
- Дерматофитии
- Инфекционный мононуклеоз у детей
- Сибирская язва
- Ювенильный дерматомиозит
- Гаплоидентичная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
- Гемофагоцитарный лимфогистиоцитоз у детей
- Иммунная тромбоцитопения у взрослых
- Первичные иммунодефициты с дефектом системы фагоцитоза
- Тяжелый комбинированный иммунодефицит
- Адгезивный средний отит
- Поражение уха и сосцевидного отростка после оперативного лечения на среднем ухе
- Миокардиты
- Недостаточность аортального клапана
- Недостаточность митрального клапана
- Неревматические поражения митрального клапана у детей
- Острая ревматическая лихорадка (педиатрия)
- Стеноз митрального клапана
- Хронические ревматические болезни сердца у детей
- Искривление перегородки носа
- Острый бронхит у взрослых
- Острый и хронический тонзиллит у детей
- Пневмония у взрослых (внебольничная пневмония)
- Стеноз гортани
- Стеноз трахеи
- Хроническая обструктивная болезнь лѐгких
- Хронические болезни миндалин и аденоидов у детей
- Эмпиема плевры у взрослых
- Синдром дуги аорты Такаясу у детей
- Гнойно-воспалительные заболевания кисти
- Импетиго
- Эпителиальный копчиковый ход
- Ахалазия кардии
- Гастрит и дуоденит (педиатрия)
- Гастроэзофагеальный рефлюкс у детей. Другие болезни пищевода
- Острая мезентериальная ишемия
- Острый парапроктит
- Перитонит
- Перфоративная язва желудка и двенадцатиперстной кишки
- Свищи прямой кишки
- Функциональная диспепсия у детей
- Хронический гастрит
- Хронический панкреатит у детей
- Хронический холецистит
- Гастродуоденальное кровотечение
- Язвенная болезнь желудка и двенадцатиперстной кишки
- Язвенная болезнь желудка и двенадцатиперстной кишки без кровотечения и прободения (педиатрия)
- Приобретенная деформация носа
- Приобретенные деформации ушной раковины после травмы
- Реактивные артриты (M02.8)
- Хронический калькулезный холецистит
- Сепсис
Қарсы көрсеткіштері
Макролидтік антибиотиктерге немесе препараттың кез келген қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
Streptococcus pneumoniae макролидтерге төзімділігінің дамуына байланысты, кларитромицинді ауруханалық емес пневмонияны емдеу үшін тағайындаған кезде сезімталдыққа тест жүргізу маңызды. Келесі топ пациенттерге сақтықпен қолдану:Клиникалық маңызды брадикардиясы немесе өткізгіштіктің бұзылысы бар, ауыр жүрек жеткіліксіздігі, жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерге;Гипомагниемия сияқты электролиттік тепе-теңдік бұзылысы бар пациенттерге. Кларитромицинді гипокалиемиясы бар пациенттерге қолдануға болмайды.QT аралығы ұзаруы бар, бір мезгілде басқа да медициналық препараттарды қабылдап жүрген пациенттерге.Кларитромицинді туа біткен немесе QT аралық ұзаруынан туындаған немесе анамнезінде жүрекше аритмиясы бар пациенттерге қабылдауға болмайды.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Цизаприд, пимозид, астемизол және терфенадин - QT аралығының ұзаруына және аритмиялардың, соның ішінде қарыншалық тахикардияның, қарыншалардың фибрилляциясы мен «пируэт» типті қарыншалық тахикардияның пайда болуына алып келуі мүмкін.Терфенадин - қандағы терфенадин деңгейінің жоғарылауы.Қастауыш алколоидтары - тамырлардың түйілуі, орталық жүйке жүйесін қоса, аяқ-қолдар мен басқа тіндердің ишемиясы.Мидазолам - мидазоламды ішу арқылы қабылдағаннан кейін мидазоламның AUC 7 есе артқан.Ловастатин, симвастатин - олардың сарысудағы концентрациясының артуын туғызады, соның салдарынан миопатия мен рабдомиолиздің даму қаупі артады. Кларитромицинді статиндермен бірге сақтықпен тағайындау керек (қажет болса), статиннің тіркелген ең аз дозасын тағайындау ұсынылады.Рифампицин, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, шәйқурай - кларитромицин метаболизмін жеделдетуі мүмкін.Рифабутин - рифабутин деңгейінің артуына және увеит қаупін арттыра отырып кларитромициннің сарысудағы концентрациясының төмендеуіне алып келеді. Эфавиренц, невирапин, рифампицин, рифабутин және рифапентин - сарысудағы концентрациясын төмендетуі мүмкін. Хинидин, дизопирамид - «пируэт» типтік қарыншалы тахикардия.Дизопирамид - гипогликемия (қандағы глюкоза деңгейін мониторингтау қажет). Гипогликемиялық заттар (натеглинид және репаглинид) - гипогликемия (қандағы глюкоза деңгейін мониторингтау қажет).CYP3A субстраттары - қабылдауда сақ болу керек.Омепразол - сарысудағы омепразолдың тепе-теңдік концентрациясының артуы.Силденафил, тадалафил және варденафил - фосфодиэстераза тежегіші экспозициясының артуы.Теофиллин, карбамазепин - айналымдағы теофиллин немесе карбамазепин концентрациясының артуы.Кальций өзекшелерінің блокаторлары - артериялық гипотензияның даму қаупі.Итраконазол - кларитромицин итраконазолдың сарысулық деңгейлерін арттыруы мүмкін, ал итраконазол қан плазмасында кларитромициннің деңгейін арттыруы мүмкін.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану. Орташа деңгейдегі бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 30-60 мл/мин) бар пациенттерге дозаны түзету қажет етілмейді.
Бауыр жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану. Бүйрек жеткіліксіздігімен ауыр бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге тағайындауға болмайды.
Жүктілік
Қауіп пен пайда қатынасына мұқият талдаулар жасалмай ұсынылмайды.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: енгізген жерде флебит.Жиі: ұйқысыздық, бас ауыру, дисгевзия, вазодилитация, жүрек айнуы, іштің ауыруы, құсу, диспепсия, іштің өтуі, бауырдың қалыпты бақылау қызметінің бұзылысы, бөртпе, гипергидроз, енгізген жерде ауырсыну, енгізген жердің қабынуы.Жиі емес: целлюлит, кандидоз, гастроэнтерит, инфекция, қынаптық инфекция, лейкопения, нейтропения, тромбоцитемия, эозинофилия, анафилактоидты реакциялар, асқын сезімталдық, анорексия, тәбеттің төмендеуі, үрейлену, мазасыздық және қозу, сананың жоғалуы, дискинезия, бас айналу, ұйқышылдық, тремор, вертиго, естудің нашарлауы, құлақтағы шуыл, жүректің тоқтауы, жүрекше фибрилляциясы, ЭКГ-дағы QT аралығының ұзаруы, экстрасистолалар, жүрек қағысын сезіну, демікпе, мұрыннан қан кету, өкпе қантамырларының эмболиясы, гастроэзофагеальді рефлюксті ауру, гастрит, прокталгия, стоматит, глоссит, іштің кебуі, іштің қатуы, ауыздың құрғауы, кекіру, метеоризм, холестаз, гепатит, АЛТ, АСТ, ГГТ деңгейінің жоғарылауы, буллезді дерматит, қышыну, есекжем, макуло-папулёзді бөртпе, бұлшықет түйілулері, сүйек-бұлшықетінің қаттылануы, миалгия, қандағы креатинин жоғарылауы, қандағы мочевинаның жоғарылауы, әлсіздік, қызба, астения, кеуденің ауыруы, қалтырау, шаршау, альбумин-глобулин қатынасының өзгеруі, қандағы сілтілі фосфатаза деңгейінің жоғарылауы, қандағы лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарылауы.Жиілігі белгісіз: жалған жарғақшалы колит, тілменің қабынуы, агранулоцитоз, тромбоцитопения, анафилактикалық реакциялар, ангионевротикалық ісіну, психоздар, сананың шатасуы, деперсонализация, депрессия, бағыттан адасу, галлюцинация, жаман түс көру, мания, құрысу, агевзия, паросмия, аносмия, парестезия, естудің жоғалуы, пируэтті қарыншалы тахикардия (torsades de pointes), қарыншалы тахикардия, қарынша фибрилляциясы, геморрагия, жедел панкреатит, тіл түсінің өзгеруі, тіс түсінің өзгеруі, бауыр жеткіліксіздігі, гепатоцеллюлярлы сарғаю, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, эозинофилия және жүйелік көріністерімен (DRESS) байқалатын дәрілік тері реакциясы, акне, рабдомиолиз, миопатия, бүйрек жеткіліксіздігі, интерстициальді нефрит, халықаралық қалыпқа келген қатынасының жоғарылауы, протромбин уақытының ұлғаюы, зәр түсінің өзгеруі.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
Ішке, ас қабылдауға байланыссыз.12 жастан асқан балаларға ұсынылатын доза 250 мг күніне екі рет. Ауыр инфекцияларда дозаны 500 мг дейін күніне екі рет қабылдауға арттыруға болады. Емнің әдеттегі ұзақтығы 5 күннен 14 күнге дейін, ауруханадан тыс пневмония және синуситті емдеуден басқа, оларды емдеу үшін 6 күннен 14 күнге дейінгі уақыт қажет. 12 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген, тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.