J01FA02 Спирамицин (Spiramycin)
Қолдану көрсеткіштері
Препаратқа сезімтал микроорганизмдерден туындаған инфекциялық-қабыну аурулары, атап айтқанда: ЛОР-ағзалары инфекциялары, төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялары, токсоплазмоз, соның ішінде жүктілерде.
-
Клинические протоколы:
- Рожа
- Токсоплазмоз
- Болезнь Помпе
- Дефицит альфа-1-антитрипсина у детей
- Неревматические поражения митрального клапана у детей
- Острая ревматическая лихорадка (педиатрия)
- Острый бронхит у взрослых
- Пневмония у взрослых (внебольничная пневмония)
- Пневмония у детей
- Хроническая обструктивная болезнь лѐгких
- Ахалазия пищевода у детей
- Гастроэзофагеальная рефлюксная болезнь у детей
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді затқа, басқа макролидтерге, немесе қосымша заттардың кез-келгеніне аса жоғары сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
Стивен-Джонсон синдромының, уытты эпидермальді некролиздің кез келген белгілері мен симптомдары (мысалы, үдемелі тері бөртпесі, жиі шырышты қабықтың күлдіреуіктерімен немесе зақымдануымен қатар жүретін) немесе ЖЖЭП (жедел жайылған экзантематозды пустулез) пайда болған кезде, емді бірден тоқтату керек, ал бұдан әрі спирамицинмен монотерапия түрінде немесе біріктірілімде емдеу қарсы көрсетілген.QT аралығы ұзару қаупінің белгілі факторлары бар пациенттерге сақтықпен қолдану, мысалы мынадай: түзетілмеген электролиттік теңгерімсіздік (мысалы, гипокалиемия, гипомагниемия); ұзарған QT аралығының туа біткен синдромы; жүрек ауыруы (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, брадикардия); QT аралығын ұзартатыны белгілі дәрілік препараттарды қатар қолдану (мысалы, IA және III классты аритмияға қарсы препараттар, трициклді антидепрессанттар, белгілі антибиотиктер және белгілі психозға қарсы дәрілер); егде жастағы пациенттер, нәрестелер және әйелдер QT аралығының ұзаруына неғұрлым бейім болып келуі мүмкін. Глюкозо-6-фосфат-дегидрогеназа жеткіліксіздігі бар пациенттерді емдеу үшін ұсынылмайды.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Пируэтті қарыншалық тахикардияны шақыратын дәрілік препараттар: Іа тобының аритмияға қарсы препараттары (хинидин, гидрохинидин, дизопирамид), ІІІ тобының аритмияға қарсы препараттары (амиодарон, соталол, дофетилид, ибутилид), сультоприд (бензамидті нейролептик), басқа да: мышьяк қосылыстары, бепридил, цизаприд, дифенил, доласетрон IV, эритромицин IV, левофлоксацин, мизоластин, моксифлоксацин, прукалоприд, торемифен, винкамин IV - қарыншалық ырғақтың бұзылу қаупі, соның ішінде пируэтті қарыншалық тахикардияның пайда болуы.Леводопа (карбидопамен бірге) - плазмадағы леводопа концентрациясының төмендеуімен карбидопа сіңірілуінің тежелуі.Фторхинолондар, макролидтер, циклиндер, котримоксазол және кейбір цефалоспориндер - сақтықпен.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Дозасын түзету талап етілмейді.
Жүктілік
Қажет болған жағдайда қолдануға болады.
Емізу
Қарсы көрсетілген, ана сүтіне енеді.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: жүрек айнуы, құсу, диарея; бөртпе, есекжем, қышыну.Сирек: гастралгия, жалған жарғақшалы колит; Квинке ісінуі, анафилактикалық шок, жедел жайылған экзантематозды пустулез.Басқа: мерзімдік және өтпелі парестезия, фунционалды бауыр сынамаларының қалыптан ауытқуы, гемолитикалық анемия жағдайы.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
Балалар. Ішке, тәулігіне 2-3 қабылдауға дене салмағына юайланысты 10 кг 1,5-3 миллион ХБ. 3 млн ХБ дозадағы таблеткалар балалар үшін қолдануға болмайды. 6 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген (таблеткалық түрінің аспирация қаупіне байланысты).Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.