J01FA01 Эритромицин (Erythromycin)

Қолдану көрсеткіштері

Тыныс алу жолдарының инфекциялары; ортаңғы және сыртқы құлақ инфекциялары; ауыз қуысының инфекциялары; блефарит; тері және жұмсақ тіндер инфекциялары; асқорыту жолдарының инфекциялары; хирургиялық алдын алу (соның ішінде операция алдындағы ішекті даярлау, стоматологиялық араласу, эндоскопия, жүрек ақаулары бар науқастарда); остеомиелит; уретрит; гонорея; ерте мерез; венерологиялық лимфогранулема; дифтерия; қызамық.
    Клинические протоколы:
  1. Дифтерия
  2. Дифтерия у детей
  3. Акушерский сепсис
  4. Рожа
  5. Хламидийная инфекция
  6. Острый и подострый эндокардит (инфекционный эндокардит)
  7. Гонококковая инфекция
  8. Отморожение у детей
  9. Сибирская язва
  10. Гемолитическая анемия у детей
  11. Ожоги у детей
  12. Иммунная тромбоцитопения у взрослых
  13. Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
  14. Преждевременный разрыв плодных оболочек
  15. Ведение пациентов после трансплантации сердца у взрослых
  16. Недостаточность аортального клапана
  17. Неревматические поражения митрального клапана у детей
  18. Паллиативная помощь больным с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии, сопровождающимися тошнотой и рвотой
  19. Пролапс митрального клапана у детей
  20. Пневмония у детей
  21. Абсцесс кожи, фурункул и карбункул других локализаций
  22. Гнойно-воспалительные заболевания кисти
  23. Импетиго
  24. Розовый лишай Жибера
  25. Угревая болезнь
  26. Хронический холецистит
  27. Гастродуоденальное кровотечение
  28. Острый нефритический синдром у детей
  29. Послеродовый эндометрит
  30. Врожденный гидронефроз у детей
  31. Кесарево сечение
  32. Кровотечение из варикозно-расширенных вен пищевода
  33. Ранний сифилис
  34. Ведение родов
  35. Хронический калькулезный холецистит
  36. Сепсис

Қарсы көрсеткіштері

Макролидтерге аса жоғары сезімталдық; естудің айтарлықтай төмендеуі.

Қауіпсіздік шаралары

Егде жастағы пациенттерге сақтықпен тағайындау: аритмиясы, QT аралығының ұзаруы, анамнезінде аллергиялық реакциялары бар пациенттерге; гепатоуытты әсері бар препараттарды бір мезгілде қолдану кезінде. Myasthenia gravis зардап шегетін пациенттерде, аурудың симптомдарын күшейтеді. Емдеу уақытында жаңа зеңдік немесе бактериялық инфекциялар байқалғанда, диарея кезінде тоқтату. Қолдану кезінде несептегі катехоламиндер деңгейінің нәтижелері бұрмаланады. Көлік құралын немесе қозғалыстағы механизмдерді басқарудан бас тарту.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Эритромицинмен бір мезгілде қолдануға болмайтын дәрілік заттар: аритмияға қарсы Ia және III класс дәрілері, нейролептиктер, три- және тетрациклді антидепрессанттар, кейбір антибиотиктер (фторхинолондар), зеңге қарсы имидазол туындылары, безгекке қарсы дәрілер, кейбір цитостатиктер (мышьяк триоксиді), кейбір седативті емес гистаминге қарсы дәрілер (астемизол, терфенадин, эбастин); басқа дәрілік заттар (метадон, будипин, цизаприд, пимозид), көктамыр ішіне енгізуге арналған пентамидин - жүрек өткізгіштігінің бұзылуы және torsade de pointes типті қарыншалық аритмия сияқты жүрек ырғағының күрделі бұзылулары, жүректің тоқтап қалуы мен өлімге әкелуі мүмкін.QT аралығын едәуір ұзартатын дәрілік заттар - қарсы көрсетілген.Қастауыш туындылары - уытты әсерлерінің қаупі: тамырлардың түйілуі және аяқ-қолдың, орталық жүйке жүйесін қоса, басқа тіндердің ишемиясы - қарсы көрсетілген.Симвастатин, ловастатин, аторвастатин - статиндер алмасуының баяулауы және олардың қандағы концентрацияларының жоғарылауы.Алфентанил, алпразолам, бромокриптин, карбамазепин, хинидин, циклоспорин, цилостазол, клозапин, колхицин, кумарин туындылары (мысалы, варфарин), дигоксин, дизопирамид, фелодипин, метилпреднизолон, мидазолам, фенитоин, силденафил, сиролимус, такролимус, таданафил, триазолам, вальпрой қышқылы, варденафил, верапамил, винбластин, зопиклон, рифабутин, квинидин, толтеродин, зеңге қарсы дәрілер (мысалы, флуконазол, кетоконазол, итраконазол), кортикостероидтар - жағымсыз әсерлер немесе дәрілік зат элиминациясы азаюының нәтижесінде уытты әсерлерінің туындауы (мысалы, циклоспорин А бір мезгілде қолданғанда нефроуыттылық немесе бүйрек жеткіліксіздігі).Теофиллин - теофиллин әсерлерінің және уытты реакциялар туындау қаупінің артуы.Колхицин - колхициннің плазмалық концентрациясының елеулі өсуі.Верапамил - гипотензия, брадиаритмия және лактоацидоз қаупі.Циметидин, протеаза тежегіштері (мысалы, ритонавир) - жағымсыз әсерлер дамуының зор қаупімен байланысты биологиялық қолжетімділігінің артуы.Омепразол - эритромицин және омепразол биожетімділігінің елеулі ұлғаюы, әсер етуінің күшеюі және жағымсыз әсерлерінің қаупі.Оральді контрацептивтер - контрацепция әсерінің төмендеуі.Хлорамфеникол, клиндамицин немесе линкомицин, стрептомицин, тетрациклиндер және колистин - антагонистік әсер.CYP3А4 индукциялайтын дәрілер (мысалы, рифампицин, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал, шайқурай препараттары) - эритромицин метаболизмін индукциялау қаупі, эритромициннің субтерапиялық деңгейі және оның антибактериялық әсерінің азаюы.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану.

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану. Емдеу кезінде бауыр қызметін бақылау.

Жүктілік

Аса қажет болған жағдайларда тағайындалады.

Емізу

Қабылдау қажет болған жағдайда емдеу кезінде бала емізуді тоқтату.

Жағымсыз әсерлері

Жалған жарғақшалы колитке дейінгі АІЖ қызметінің бұзылыстары (жиі жоғары дозада қабылдағанда); "бауыр" трансаминазаларының жоғарылауы, бауырішілік холестаз, холестатикалық сарғаю, гепатит, гепатомегалия, бауыр жеткіліксіздігі, панкреатит; тері бөртпелерінен Стивенс-Джонсон синдромына дейінгі аллергиялық реакциялар; агранулоцитоз; паренхиматозды нефрит; бас айналуы, сананың шатасу жағдайы, елестеулер.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Балалар. Ішке. 6 жастан 8 жасқа дейінгі балалар: 2-4 қабылдауға бөліп, тәулігіне 30-50 мг/кг. Ауыр инфекциялар кезінде дозаны екі еселейді және әр 6 сағат сайын қабылдайды. 8 жастан асқан балалар: әр 6 сағат сайын 250-500 мг немесе әр 12 сағат сайын 0,5-1 г; ауыр инфекциялар кезінде бөлінген дозада тәулігіне 4 г дейін. Жаңадан туылған нәрестелер: әр 6 сағат сайын 12,5 мг/кг. 1 айдан 2 жасқа дейінгі балалар: әр 6 сағат сайын 125 мг немесе әр 12 сағат сайын 250 мг. 2-8 жас: әр 6 сағат сайын 250 мг немесе әр 12 сағат сайын 500 мг, ауыр инфекциялар кезінде доза екі еселенеді.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.