J01EE01 Сульфаметоксазол және Триметоприм¹ (Sulfamethoxazole and Trimethoprim)
Қолдану көрсеткіштері
Сезімтал микроағзалардан туындаған инфекцияларды, мысалы пневмоцистті пневмонияны, актиномикозды, Stenotrophomonas maltophilia туындатқан инфекциялары, токсоплазмозды, кистозды фиброз кезінде Burkholderia cepacia туындатқан инфекцияларды емдеу және алдын алу. Жедел немесе созылмалы бронхит асқынуында, несеп шығару жолдарының инфекцияларында егер препаратқа бактериологиялық сезімталдығына дәлелдеулері және пайдалану үшін дәлелдері болғанда қолдану. Қолдану үшін дәлелдері бар болса, балалардағы жетел ортаңғы отит кезінде ғана пайдалануға болады.
-
Клинические протоколы:
- Диарея у детей. Затяжная диарея
- Рожа
- Менингит у детей и взрослых
- ВИЧ-инфекция у взрослых
- ВИЧ-инфекция у детей
- Острый и подострый эндокардит (инфекционный эндокардит)
- Бруцеллез
- Токсоплазмоз
- Холера
- Хронический бруцеллез
- Аллогенная неродственная трансплантация костного мозга
- Аллогенная родственная трансплантация костного мозга
- Аллогенная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
- Апластическая анемия у детей
- Гаплоидентичная трансплантация костного мозга
- Гаплоидентичная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
- Гемофагоцитарный лимфогистиоцитоз у детей
- Гистиоцитоз из клеток Лангерганса
- Сочетанная ВИЧ/ТБ инфекция
- Иммунная тромбоцитопения у взрослых
- Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
- Первичные иммунодефициты с дефектом системы фагоцитоза
- Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
- Трансплантация легких
- Тяжелый комбинированный иммунодефицит
- Муковисцидоз
- Аутологичная трансплантация костного мозга
- Менингит у детей и взрослых
- Энцефалит у детей и взрослых
- Ведение пациентов после трансплантации сердца у взрослых
- Ведение пациентов после трансплантации сердца у детей
- Острый и подострый эндокардит (инфекционный эндокардит)
- Паллиативная помощь больным с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии, сопровождающимися диареей
- Хроническая болезнь почек у взрослых
- Бронхоэктатическая болезнь у детей
- Пневмония у детей
- Угревая болезнь
- Васкулиты, ассоциированные с антинейтрофильными цитоплазматическими антителами. Гранулематоз с полиангиитом (Вегенера). Микроскопический полиангиит.
- Ахалазия пищевода у детей
- Гастроэзофагеальная рефлюксная болезнь у детей
- Другие неинфекционные гастроэнтериты и колиты (педиатрия)
- Холецистит у детей
- Перекрестный (overlap) синдром
- Синдром дуги аорты Такаясу у детей
- Узелковый полиартериит у детей
- Ювенильная локальная склеродермия
- Ювенильный дерматомиозит
- Ведение детей с пересаженной почкой
- Инфекция мочевой системы у детей
- Криз отторжения почечного трансплантата
- Острое отторжение почечного трансплантата у детей
- Трансплантация почки
- Хроническая трансплантационная нефропатия
- Врожденный гидронефроз у детей
- Злокачественные новообразования щитовидной железы
Қарсы көрсеткіштері
Препарат компоненттеріне, ко-тримоксазол тобының препараттарына жоғары сезімталдық; бауыр паренхимасының ауыр зақымдалуы, гипербилирубинэмия (балаларда); қан аурулары (апластикалық анемия, В12-тапшылықты анемия, агранулоцитоз, лейкопения); дофетилидпен бірге қолдану.
Қауіпсіздік шаралары
Фолий қышқылының тапшылығы (егде жастағы адамдар, ішімдікке тәуелділікпен зардап шегетін адамдар, мальабсорбция синдромы), порфириясы, қанқанша без функциясының бұзылыстары, анамнезінде бронх демікпесі және аллергиялық реакциялары бар пациенттерге сақтықпен тағайындау. Бөртпе, тамақта ауыру сезімі, жоғары температура, буындарда ауыру сезімі, жөтел, тұншығу, гепатит, диарея сияқты асқынуларды көрсететін симптомдардың пайда болуы кезінде препарат қабылдауды тоқтату қажет. Штаммдар тұрақтылығының кең таралуы салдарынан А тобының бета-гемолитикалық стрептококктарымен туындаған фарингит, тонзиллит кезінде қабылдауға болмайды. Глюкозо-6-фосфат дегидрогеназа тапшылығы бар науқастарда гемолиз даму қаупі. Тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылығы бар пациенттерге тағайындамау. Егде жастағы науқастарда ауыр жанама әсерлер қаупі жоғарылайды: терілік реакциялар, сүйек кемігінің бәсеңдеуі, сонымен қатар пурпурасыз немесе пурпурамен тромбоцитопения. Несеп айдайтын препараттармен бірге қолдану пурпура даму қаупін жоғарылатады. Pneumocystis carinii шақырылған аурулары, ЖИТС бар науқастарда препаратты қабылдау кезінде жағымсыз әсерлер жиі пайда болады, әсіресе бөртпе, қызба, лейкопения, сарысуда аминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы, гипокалиемия және гипонатриемия. Антикоагулянттар қабылдап жүрген науқастарға препаратты тағайындау кезінде ұюға қарсы әсердің күшеюіне байланысты қанның ұю уақытын анықтау қажет. Жоғары дозаларда қабылдағанда сарысудағы калий мөлшерін жүйелі бақылау қажет. Күн мен УК-сәуленің шамадан тыс әсерін болдырмау керек. Автокөлік немесе қозғалмалы механизмдерді басқарудан бас тарту.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Сульфонилмочевина туындылары - гипогликемия даму қаупі.Пириметамин (малярияға қарсы зат) аптасына 25 мг жоғары дозада - мегалобласты анемия дамуы.Бүйрек трансплантациясын өткерген пациенттерде ко-тримоксазол және циклоспорин - гиперкреатининемиямен көрінетін бүйрек қызметінің қайтымды бұзылуы.Дигоксин - дигоксиннің сарысулық концентрациясы жоғарылайды, әсіресе егде жастағы пациенттерде.Трициклді антидепрессанттар - трициклді антидепрессанттар тиімділігінің төмендеуі.Метотрексат - қан сарысуында метотрексаттың еркін фракциясының ұлғаюы.Вирусқа қарсы препараттар (зидовудин) - гематологиялық жағымсыз реакциялардың даму қаупі.Индометацин - қандағы сульфаметоксазол концентрациясының ұлғаюы.ААФ тежегіштері, әсіресе егде жастағы пациенттерде - гиперкалиемияның дамуы.Дофетилид - QT аралығының ұзаруымен қарыншалық аритмияның даму қаупі, «пируэт» типтік аритмияны қоса. Дофетилид пен триметопримнің бір мезгілде қолданылуы қарсы көрсетілген.Диуретиктер (жиі тиазидті және егде жастағы пациенттерде) - геморрагиялық диатезбен тромбоцитопенияның даму қаупі.Антикоагулянттар (мысалы, варфарин) - протромбиндік уақыттың ұзаруы.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Дозасын екі есеге төмендету. Бүйрек қызметінің бұзылысы бар науқастарда гипогликемия даму қаупі. Креатинин клиренсі минутына 15 мл төмен болғанда қолдану ұсынылмайды. Жедел бүйрек жеткіліксіздігі кезінде қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Қолданбау.
Емізу
Бала емізу кезеңінде қолданбау.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: жүрек айнуы, құсу, бөртпе, қышыну.Редко: агранулоцитоз, эозинофилия, гипопротромбинемия, лейкопения, метгемоглобинемия, нейтропения, тромбоцитопения, аутоимунды немесе апластикалық панцитопения, гранулоцитопения, гипокалиемия, гипонатриемия, гипергликемия; анемия (апластикалық, гемолитикалық, мегалобластты); аллергиялық миокардит, қалтырау, медикаментозды қызба, терінің колликвационды некрозы, анафилаксия, вазомоторлы ісіну, қышыну, бөртпе, Шенлейн-Генох ауыруы, есекжем, полиморфты эритема, эксфолиативті дерматит, сарысулық ауыру синдромы, Стивенс-Джонсон синдромы, Лайелл синдромы, фотосенсибилизация; диарея, іштегі ауыру, тәбеттің болмауы, ішектің жалғандифтериялық қабынуы; трансаминаза деңгейінің жоғарылауы, гепатит, кейде холестатикалық сарғаю немесе бауыр некрозымен, ауыз қуысының қабынуы, тілдің қабынуы, панкреатит; қан сарысуында азот және креатинин жоғарылауы, кристаллурия, бүйрек жеткіліксіздігі, интерстициальді нефрит, олигурия немесе ануриямен нефроуыттылық синдромы, диурездің жоғарылауы (шығу тегі жүректік ісінулері бар науқастар); апатия, асептикалық менингит, қимыл-қозғалыс үйлесімінің бұзылысы, бас ауыруы, депрессия, құрысулар, елестеулер, күйгелектік, құлақтағы шуыл, шеткері жүйкелердің қабынуы, бас айналуы, әлсіздік, шаршағыштық, ұйқысыздық; буындардың ауыруы, бұлшықеттердің ауыруы, рабдомиолиз; тұншығу, жөтел, өкпедегі инфильтраттар.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
Ішке, тамақтан кейін жеткілікті мөлшердегі сұйықтықпен қабылдау. 6 жастан 12 дейінгі балалар: әрбір 12 сағат сайын 240-480 мг. 12 жастан асқан балалар: бірреттік 960 мг, немесе әрбір 12 сағат сайын 480 мг (тәулігіне 1920 мг жоғары емес). Емдеу курсы аурудың ауырлығына және хронизацияға байланысты. Pneumocystiscariniiу туындатқан пневмония: 14 күн бойы, 4 қабылдауға бөлінген, тәулігіне ең жоғарғы 90-120 мг/кг. 6 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.6 аптадан 5 айға дейінгі балалар: 120 мг; 6 айдан 5 жасқа дейін: 240 мг; 6-12 жас: әрбір 12 сағат сайын 480 мг. Көктамырішілік инфузия жолымен 2 қабылдауға бөліп тәулігіне 36 мг/кг, ауыр инфекциялар кезінде тәулігіне 54 мг/кг дейін арттыруға болады. Пневмоцистті пневмонияны емдеуде ішке немесе көктамырішілік инфузия жолымен 4 апта бойы, 14-21 күн бойы 2-4 дозаға бөлінген тәулігіне 120 мг/кг.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.