J01DH03 Эртапенем¹ (Ertapenem)
Қолдану көрсеткіштері
Грам оң және грам теріс бактериялармен шақырылған инфекциялар (интраабдоминальді инфекциялар; ауруханадан тыс пневмония; жедел гинекологиялық инфекциялар; диабеттік табан синдромындағы тері және жұмсақ тіндер инфекциялары); колоректальді аймақтағы операция кезінде хирургиялық алдын алу.
-
Клинические протоколы:
- Акушерский сепсис
- Аллогенная родственная трансплантация костного мозга
- Апластическая анемия у детей
- Гаплоидентичная трансплантация костного мозга
- Гемофагоцитарный лимфогистиоцитоз у детей
- Гистиоцитоз из клеток Лангерганса
- Тупая травма живота, открытые повреждения живота
- Иммунная тромбоцитопения у взрослых
- Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
- Диабетическая ангиопатия нижних конечностей
- Ведение пациентов после трансплантации сердца у взрослых
- Травма кровеносных сосудов
- Пневмония у взрослых (внебольничная пневмония)
- Хроническая обструктивная болезнь лѐгких
- Острая мезентериальная ишемия
- Размозжение и травматическая ампутация на уровне запястья и кисти
- Острый холецистит
- Перитонит
- Перфоративная язва желудка и двенадцатиперстной кишки
- Криз отторжения почечного трансплантата
- Хроническая трансплантационная нефропатия
- Цистит и уретрит
- Персистирующая клоака у детей
- Инфекции мочевых путей при беременности, родах и послеродовом периоде
- Абдоминальная травма
- Ожоги у детей
- Отморожение у детей
- Синдром диабетической стопы
- Сепсис
Қарсы көрсеткіштері
Препаратқа аса жоғары сезімталдық (сонымен қатар басқа β-лактамдарға); анамнезінде бета-лактамды антибиотиктерге ауыр аллергиялық реакциялар.
Қауіпсіздік шаралары
Анамнезінде аллергиялық реакциялары бар пациенттерге сақтықпен тағайындау қажет, аллергиялық реакциялар пайда болғанда дереу емдеуді тоқтату қажет. Диарея кезінде қабылдауды тоқтату. Егде жастағы пациенттерде, сонымен қатар ОЖЖ бұзылыстары бар (мысалы, бас миының зақымдалуы немесе анамнезінде тырысудың болуы) пациенттерде тырысудың дамуы. Пенициллин-резистентті Streptococcus pneumoniae туындатқан ауруханадан тыс пневмония кезінде және остеомиелитпен бірге жүретін диабеттік табан синдромы кезінде; ауыр дәрежедегі инфекциялық аурулар кезінде; 2 жасқа дейінгі балаларда қабылдаудың қауіпсіздігі және тиімділігі жөнінде деректер жеткіліксіз. Көлік құралын немесе қозғалыстағы механизмдерді басқарудан бас тарту.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Вальпрой қышқылы (натрий вальпроаты) - карбапенемдер плазмадағы концентрациясын төмендетеді (бірге тағайындауды болдырмау немесе мұқият мониторинг жүргізу).Варфарин, басқа кумариндер - препараттар әсеріне жауабының өзгеруі, антикоагулянттық әсердің күшеюі жайында жиі хабарланған (протромбиндік уақытқа және басқа да қанның-INR ұйығыштығы көрсеткіштеріне мониторинг жүргізу).Ганцикловир, валганцикловир - имипенемді циластатинмен қабылдау аясында құрысулар дамуының жоғары қаупі.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Дозасын креатинин клиренсі мәніне байланысты түзету. Бүйрек қызметі бұзылысының ауыр түрі бар пациенттерде қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер жеткіліксіз, бүйрек бұзылыстары бар балалар мен жасөспірімдерде - қолданбау! Құрамында натрий бар, 1 г дозада шамамен 137 мг, бақыланатын натрий диетасын ұстанатын пациенттерде ескеру керек. Бүйрек қызметінің бұзылысы кезінде құрысулар болуы мүмкін.
Бауыр жеткіліксіздігі
Дозасын түзетудің қажеттілігі жоқ.
Жүктілік
Қолданбау, ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайды қоспағанда.
Емізу
Қабылдау қажет болған жағдайда, бала емізуді уақытша тоқтату.
Жағымсыз әсерлері
Бас ауыруы, бас айналуы, түс көрудің бұзылуы, құрысулар, сананың шатасуы, дәм сезінудің бұрмалануы; флебит/тромбофлебит; жалған жарғақшалы энтероколитке дейінгі АІЖ тарапынан бұзылыстар; АЛТ, ACT, сілтілік фосфатаза, билирубиннің жоғарылауы; тері бөртпелерінен қан көрсеткіштерінің өзгеруіне дейінгі (коагулограмманың, шеткергі қанның, лейкоцитарлы формуланың) аллергиялық реакциялар; кандидоздар; анорексия; ЖЖЖ бұзылыстары, артериялық гипотензия; диспноэ, фарингиальді жайсыздық; қан құйылу, астения/әлсіздік, қызба, ісіну/ісігендік, түрлі оқшауланған ауырсынулар; креатинин, мочевинаның жоғарылауы, несеп талдауы көрсеткіштерінің өзгеруі; Clostridium difficile токсиніне оң сынама.Балаларда:Жиі: диарея, жаялықты дерматит, инъекция орнындағы ауыру, АЛТ, АСТ жоғарылауы, нейтрофилдер деңгейінің төмендеуі.Сирек: бас ауыруы, құйылулар, қызба, артериялық гипертензия, петехия, нәжіс түсінің өзгеруі, мелена, эритема, бөртпе, ашыту, қышыну, инъекция орнында жылуды сезінуі, тромбоциттер деңгейінің, белсендірілген жартылай тромбопластиндік уақыттың, протромбиндік уақыттың жоғарылауы, гемоглобин деңгейінің төмендеуі. Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
Балалар. Инъекцияға арналған суда немесе инъекцияға арналған 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде ерітеді, инфузия түрінде 30 минут бойы тікелей даярлап болғаннан кейін енгізеді. 13 жастан 17 жасқа дейінгі балалар: тәулігіне 1 г, көктамыр ішіне. Нәрестелер және 3 айдан 12 жасқа дейінгі балалар: әрбір 12 сағат сайын 15 мг/кг (тәулігіне 1 г артық емес) көктамыр ішіне. 3 айға дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.