J01DD04 Цефтриаксон¹ (Ceftriaxone)

Қолдану көрсеткіштері

Үшінші буынды цефалоспорин: грам-оң және грам-теріс бактериялардан туындаған инфекциялар (абдоминальді және несеп шығару жолдарының инфекциялары (гонореяны қоса), сүйек және буындардың, тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялары); сепсис; менингит және В типті Haemophilus influenzae туындатқан аурулардың алдын алу; хирургиялық алдын алу.

Қарсы көрсеткіштері

Препаратқа аса жоғары сезімталдық (сонымен қатар басқа β-лактамдарға).

Қауіпсіздік шаралары

Педиатриялық тәжірибеде лидокаинді еріткіш ретінде қолдануға болмайды. Цефтриаксонның кальций тұздары преципитаттарының түзілу қаупіне байланысты, тіпті әртүрлі көктамырларға енгізу мүмкіндіктерін қолданса да, балалар мен ересектерге бір уақытта құрамында кальций бар инфузиялық ерітінділермен араластыруға немесе тағайындауға болмайды. Диарея кезінде қабылдауды тоқтату қажет, антибиотикпен ассоциирленген жағдайды болдырмас үшін. Қан плазмасында препарат концентрациясын анықтау: ауыр бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде; гемодиализде жүрген пациенттерде; ұзақ уақыт емдеу кезінде. Протромбиндік уақыттың жоғарылауы кезінде, К дәрумені жеткіліксіздігі бар пациенттерге (синтездің бұзылуы, қоректенудің бұзылуы) протромбиндік уақытты бақылау, және К дәруменін тағайындау (10 мг/аптасына). Жоғары дозалар кезінде өт қабының ультрадыбысты зерттеуінде қателікпен тас деп қабылдаған көлеңкелер байқалған. Егер осы көріністер клиникалық симптоматикамен жүретін болса, препарат қабылдауды тоқтату туралы шешім емдеуші дәрігердің қарауына қалады. Көрсеткіштерін растайтын клиникалық деректері жеткіліксіз синусит, фарингит және простатитті емдеу үшін қолдануға болмайды.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Пробенецид - көптеген цефалоспориндердің шығарылуын төмендетеді.                  Бактериостатикалық антибиотиктер (тетрациклиндер, хлорамфеникол) - антагонистік әсер.Варфарин және басқа антикоагулянттар - антикоагулянтты әсерлерді жоғарылатуы және қан кету дамуы мүмкін, әсіресе цефазолин және цефтриаксонмен бірге қабылдау кезінде.Алкоголь - цефтриаксонды қабылдау кезінде дисульфирам реакциясы түрінде уыттану дамуы мүмкін.                Аминогликозидтер - нефроуыттылықтың жоғары қаупі.                                             Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Егер бүйрек қызметінің бұзылысы болса, онда дозасын төмендету. Креатинин клиренсі 10 мл/мин төмен болса тәуліктік дозасы 2 г аспауы тиіс.

Бауыр жеткіліксіздігі

Егер бауыр қызметінің бұзылысы болса, онда дозасын төмендету.

Жүктілік

Қауіпсіздігі анықталмаған.   Қолданбау.

Емізу

Аз мөлшерде ана сүтіне енеді, сақтықпен қолдану.Аз мөлшерде ана сүтіне енеді, қолданылуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Тері бөртпелерінен Стивенс-Джонсон немесе Лайелл синдромына дейінгі аллергиялық реакциялар; жалған жарғақшалы энтероколитке дейінгі АІЖ бұзылыстары; гепато-билиарлы бұзылыстар (өт қабында цефтриаксонның кальций тұздарының преципитациясы); қанның зертханалық көрсеткіштердің өзгеруі (эозинофилия, лейкопения, гранулоцитопения, тромбоцитопения, гемолитикалық анемия, Кумбстың оң реакциясы және несептегі глюкоза); ОЖЖ тарапынан бұзылыстар (бас ауыруы, бас айналуы); бүйрек қызметінің бұзылысы (олигурия, плазмадағы креатинин деңгейінің артуы); кандидоздар.       Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Балалар. Жаңадан туылған, сәбилер және 15 күннен 12 жасқа дейінгі балалар (≤ 50 ): 50-80 мг/кг дене салмағына тәулігіне бір рет. Ауруханадан тыс пневмония, интраабдоминальді инфекциялар, несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары (соның ішінде пиелонефрит): орташа тәуліктік дозасы 50-80 мг/кг дене салмағына тәулігіне бір рет. Тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары, сүйек және буындардың инфекциялары, бактериялық қоздырғыштан туындаған нейтропения және қызба: 50-100 мг/кг дене салмағына тәулігіне бір рет. Ең жоғары тәуліктік доза 4 г. Бактериялық эндокардит: 100 мг/кг дене салмағына тәулігіне бір рет. Бактериялық менингит: бастапқы тәуліктік доза 80-100 мг/кг тәулігіне бір рет. Ең жоғары тәуліктік доза 4 г. Препаратты енгізудің арнайы режимін талап ететін, жаңадан туылған, сәбилер және 15 күннен 12 жасқа дейінгі балалар (≤ 50). Жедел ортаңғы отит: бір рет бұлшықет ішіне дене салмағына 50 мг/кг дозада енгізу. Ауыр жағдайлар немесе алдыңғы терапияның әсері болмағанда: бұлшықет ішіне тәулігіне 50 мг/кг дозада 3 күн бойы. Операция алдындағы хирургиялық инфекциялардың алдын алу: операция алдында дене салмағына 50-80 мг/кг дозада бір рет. Мерез: 75-100 мг/кг тәулігіне бір рет, емдеу ұзақтығы 10-14 күн. Диссиминирленген Лайм-боррелиоз (ерте (ІІ) және кеш (ІІІ) саты): 50-80 мг/кг дене салмағына тәулігіне бір рет 14-21 күн бойы. Ұсынылған емдеу ұзақтығы өзгеруі мүмкін. 0-14 күндегі жаңадан туылған балалар. Интраабдоминальді инфекциялар, тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары, несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары (соның ішінде пиелонефрит), ауруханадан тыс пневмония, ауруханаішілік пневмония, сүйек және буындардың инфекциялары, бактериялық қоздырғыштан туындаған нейтропения және қызбасы бар пациенттер: 20-50 мг/кг күніне бір рет. Бактериялық менингит, бактериялық эндокардит: 50 мг/кг күніне бір рет. Жедел ортаңғы отит: бір рет бұлшықет ішіне дене салмағына 20-50 мг/кг дозада. Мерез: 50 мг/кг тәулігіне бір рет, емдеу ұзақтығы 10-14 күн. Операция алдындағы инфекциялардың алдын алу: операцияға дейін 30-90 мин бұрын 1-2 г цефтриаксон. ≤ 41 аптадан шала туылған балаларға, гипербилирубинемиясы бар жаңадан туылған сәбилерге қауіпсіздігі мен тиімділігі бойынша деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.                                                                       Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.