J01CR05 Пиперациллин және Тазобактам (Piperacillin and enzyme inhibitor)

Қолдану көрсеткіштері

Пиперациллинге/тазобактамға сезімтал микроорганизмдерден туындаған жүйелік және/немесе жергілікті бактериялық инфекцияларды емдеу: төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялары; несеп шығару жолдарының инфекциялары (асқынған және асқынбаған); интраабдоминальді инфекциялар; тері және жұмсақ тіндердің инфекциялары; гинекологиялық инфекциялар; сүйек және буындардың инфекциялары; септицемия; аралас инфекциялар (аэробты және анаэробты грамоң және грамтеріс организмдер туғызған). Аминогликозидтермен біріктірілімі нейтропениясы бар пациенттердегі бактериялық инфекциялар.
    Клинические протоколы:
  1. Акушерский сепсис
  2. Альвеококкоз печени
  3. Аллогенная неродственная трансплантация костного мозга
  4. Аллогенная родственная трансплантация костного мозга
  5. Аллогенная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
  6. Апластическая анемия у детей
  7. Гаплоидентичная трансплантация костного мозга
  8. Гаплоидентичная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
  9. Гемолитическая анемия у детей
  10. Гистиоцитоз из клеток Лангерганса
  11. Тяжелая черепно-мозговая травма
  12. Иммунная тромбоцитопения у детей
  13. Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
  14. Трансплантация легких
  15. Трансплантация сердечно-легочного комплекса
  16. Муковисцидоз
  17. Опухоли основания черепа (хирургическое лечение)
  18. Ведение пациентов после трансплантации сердца у взрослых
  19. Хроническая болезнь почек у взрослых
  20. Пневмония у взрослых (внебольничная пневмония)
  21. Пневмония у детей
  22. Хроническая обструктивная болезнь лѐгких
  23. Ахалазия пищевода у детей
  24. Гастроэзофагеальная рефлюксная болезнь у детей
  25. Острая мезентериальная ишемия
  26. Перфоративная язва желудка и двенадцатиперстной кишки
  27. Ведение детей с пересаженной почкой
  28. Криз отторжения почечного трансплантата
  29. Острое отторжение почечного трансплантата у детей
  30. Трансплантация почки
  31. Хроническая трансплантационная нефропатия
  32. Цистит и уретрит

Қарсы көрсеткіштері

Пиперациллинге/тазобактамға, сондай-ақ басқа да бета-лактамды антибиотиктерге (соның ішінде пенициллиндерге, цефалоспориндерге), бета-лактамаза тежегіштеріне және препараттың басқа компоненттеріне жеке жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Келесі жағдайларда сақтықпен қолдану: ауыр қан кету (соның ішінде анамнезінде); муковисцидоз (тері бөртпесі және гипертермияның даму қаупі); жалған жарғақшалы энтероколит; жоғары дозадағы антикоагулянттармен бір мезгілде қабылдау; гипокалиемия. Емдеу кезінде мыс иондарын тотықсыздандыруға негізделген әдістерді пайдалану кезінде несептегі глюкозаға сынаманың жалғаноң нәтижесі болуы мүмкін, сондықтан глюкозаның ферментативті тотығуына негізделген сынамаларды жүргізу ұсынылады. Көлік құралын және қауіптілігі жоғары механизмдерді басқаруда сақтық таныту керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Деполяризацияламайтын әсері бар миорелаксанттар - нейробұлшықеттік блокада ұзақтығының ұлғаюы.Пероральді антикоагулянттар - қан кету қаупі, коагуляциялық тесттерге мониторинг жүргізу.Метотрексат - метотрексат шығарылуының төмендеуі, метотрексат концентрациясын бақылау.Ванкомицин - бүйректің жедел зақымдану жиілігінің ұлғаюы.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Креатинин клиренсі (КК) 40-тан 20 мл/мин дейін болғанда ұсынылатын доза 4000 мг/500 мг әр 8 сағат сайын; КК 20 мл/мин төмен болғанда - 4000 мг/500 мг әр 12 сағат сайын сақтықпен қолдану. Гемодиализде жүрген пациенттерге сақтықпен қолдану, ең жоғары тәуліктік доза 8 г/1 г құрайды.

Бауыр жеткіліксіздігі

Дозасын түзету талап етілмейді.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: жүрек айнуы, құсу, диарея, тері бөртпесі.Жиі емес: бас ауыруы, ұйқысыздық, қызба, қышыну, есекжем, инъекция орнындағы реакциялар, іш қатуы, диспепсия, сарғаю, стоматит, «бауыр» трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауы, қан сарысуындағы креатининнің жоғарылауы, кандидозды суперинфекция, лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения, артериялық қысымның төмендеуі, флебит, тромбофлебит.Сирек: эозинофилия, анемия, соның ішінде гемолитикалық; қан кету (пурпура, мұрыннан қан кетуді қоса); қан кету уақытының артуы; анафилактикалық/анафилактоидты реакция (анафилактикалық шокты қоса), буллезді дерматит, мультиформалы эритема, бетке қанның «құйылуы», іштің ауыруы, жалған жарғақшалы колит, гипербилирубинемия, сілтілік фосфатаза белсенділігінің жоғарылауы, гамма-глутамилтрансфераза белсенділігінің жоғарылауы, гепатит, артралгиялар, интерстициальді нефрит, бүйрек жеткіліксіздігі, қалтырау.Өте сирек: агранулоцитоз, тікелей оң Кумбс сынамасы, панцитопения, ішінара тромбопластиндік уақыттың және протромбиндік уақыттың ұзаруы, тромбоцитоз, гипогликемия, гипопротеинемия, гипоальбуминемия, гипокалиемия, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, қан сарысуындағы мочевина концентрациясының жоғарылауы.Жиілігі белгісіз: бұлшықет әлсіздігі, елестеулер, құрысулар, эритема, жоғары тершеңдік, экзема, шаршау, жұмсақ тіндердің ісінуі.

Балаларда қолданылуы

2 жастан 12 жасқа дейінгі балалар. Бүйрек қызметі сақталған балалардағы нейтропения: ұсынылған доза дене салмағына 90 мг/кг (80 мг пиперациллин/10 мг тазобактам) әр 6 сағат сайын аминогликозидтермен біріктірілімде, бірақ 4500 мг артық емес (4000 мг пиперациллин/500 мг тазобактам) әр 8 сағат сайын. Бүйрек қызметі сақталған балалардағы асқынған аппендицит: ұсынылатын доза дене салмағына 112,5 мг/кг (100 мг пиперациллин/12,5 мг тазобактам) әр 8 сағат сайын, бірақ 4500 мг артық емес (4 г пиперациллин/500 мг тазобактам) әр 8 сағат сайын. 12 жас және одан жоғары жастағы балаларға көрсетілімдер бойынша және ересектерге арналған дозада қабылдау. 2 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.