J01CE01 Бензилпенициллин¹ (Benzylpenicillin sodium, Penicillin G)

Қолдану көрсеткіштері

 Тамақ инфекциясы, отит, эндокардит, менингококкты инфекция, пневмония, сібір жарасы, сифилис, актиномикоз, тілме, В тобы стрептококк туындатқан инфекциялар. 
    Клинические протоколы:
  1. Столбняк
  2. Дифтерия у детей
  3. Скарлатина
  4. Рожа
  5. Рожа у детей
  6. Поздний сифилис
  7. Ранний сифилис
  8. Превентивное лечение сифилиса
  9. Менингит у детей и взрослых
  10. Острый и подострый эндокардит (инфекционный эндокардит)
  11. Ветряная оспа у детей
  12. Лептоспироз
  13. Менингококковая инфекция у детей
  14. Сибирская язва
  15. Гемолитическая анемия у детей
  16. Недостаточность аортального клапана
  17. Недостаточность митрального клапана
  18. Острая ревматическая лихорадка (педиатрия)
  19. Острая ревматическая лихорадка и хроническая ревматическая болезнь сердца
  20. Стеноз митрального клапана
  21. Хронические ревматические болезни сердца у детей
  22. Острый и хронический тонзиллит
  23. Острый и хронический тонзиллит у детей
  24. Пневмония у взрослых (внебольничная пневмония)
  25. Стеноз гортани у детей
  26. Хронические болезни миндалин и аденоидов у детей
  27. Ахалазия пищевода у детей
  28. Гастроэзофагеальная рефлюксная болезнь у детей
  29. Узелковый полиартериит у детей
  30. Криз отторжения почечного трансплантата
  31. Острый нефритический синдром у детей
  32. Хроническая трансплантационная нефропатия
  33. Бактериальный сепсис новорожденного
  34. Врожденная пневмония
  35. Преждевременный разрыв плодных оболочек
  36. Хориоамнионит
  37. Ожоги у детей
  38. Врожденный сифилис
  39. Менингококковая инфекция
  40. Злокачественные новообразования щитовидной железы

Қарсы көрсеткіштері

Препаратқа жоғары сезімталдық (соның ішінде басқа да β-лактамдарға); эпилепсия кезінде эндолюмбальды енгізу; бронх демікпесі.

Қауіпсіздік шаралары

Аллергиялық реакцияларға бейім пациенттерге сақтықпен тағайындау (әсіресе анемнезінде дәрілік аллергиясы бар). Жоғары дозаларда нейроуытты әсері бар, бауыр, бүйрек жағдайларын және қан көрсеткіштерін бақылау. Спирохеталар туындатқан аурулар кезінде Яриш-Герксхаймер реакциясының дамуы.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Пробенецид - бензилпенициллиннің каналдық секрециясының төмендеуі, пробенецидтің қан плазмасында концентрациясының жоғарылауы және жартылай шығарылу кезеңінің артуы.Бактериостатикалық әсер көрсететін антибиотиктер (тетрациклин) - бензилпенициллиннің бактерицидті әсерінің төмендеуі.Тікелей емес антикоагулянттар - олардың тиімділігінің жоғарылауы.Пероральді контрацептивтер - олардың тиімділігінің төмендеуі.Метаболизм процесінде парааминобензой қышқылы, этинилэстрадиол түзілетін заттар - қан кетулер даму қаупі.Диуретиктер, аллопуринол, өзекшелік секреция блокаторлары, фенилбутазон, стероидты емес қабынуға қарсы препараттар - өзекшелік секрецияның төмендеуі, бензилпенициллин концентрациясының жоғарылауы.Аллопуринол - аллергиялық реакциялар (тері бөртпелері) даму қаупінің жоғарылауы.

Бүйрек жеткіліксіздігі

 Дозасын төмендету қажет, жоғары дозалары нейроуытты, тырыспа немесе кома болуы мүмкін.

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.  Қолданбау. 

Емізу

Қолданбау.Аз мөлшерде ана сүтіне енеді, бірақ қолданылуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Аллергиялық реакциялар тері бөртпелерінен Квинке ісінуіне дейін; ЖҚЖ тарапынан бұзылыстар (жүрек тоқтауына дейін  аритмиялар, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі); АІЖ тарапынан бұзылыстар; ОЖЖ тарапынан бұзылыстар (менингеальді симптомдар, тырысулар, жоғары дозаларда кома); қанның зертханалық көрсеткіштерінің өзгерістері (анемия, лейкопения, тромбоцитопения); бауыр және бүйрек қызметі бұзылыстары; суперинфекция.Жергілікті реакциялар: бұлшықетке енгізу кезінде – енгізген жерде ауыру сезімі және инфильтраттың болуы.

Балаларда қолданылуы

Бұлшықетке, тері астына, қуысқа. 1 жасқа дейінгі балалар - тәулігіне 50000-100000 ХБ/кг; 1 жастан асқан балалар - тәулігіне 50000 ХБ/кг; ауыр инфекцияларда тәулігіне 200000-500000 ХБ/кг. Тәуліктік дозасын 4-6 рет енгізуге бөлу керек.