H05BX04 Этелкальцетид (Etelcalcetide)

Қолдану көрсеткіштері

Гемодиализде жүрген, бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі бар пациенттерде салдарлық гиперпаратиреозды емдеу

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе кез келген қосымша затқа  жоғары сезімталдық;  қан сарысуындағы альбумин-түзетілген кальций концентрациясы қалыпты мәннің төменгі шегінен төмен болғанда

Қауіпсіздік шаралары

Гипокальцемия; қарыншалық аритмия және гипокальциемияға байланысты QT аралығын ұзарту; құрысулар; созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің декомпенсациясы; сүйектің адинамикалық ауруы; иммуногенділігі.Басқа дәрі-дәрмектермен араластыруға тыйым салынады.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Цинакальцет - препаратпен ем қабылдап жүргенде қабылдамауы тиіс.Қан сарысуында кальций концентрациясын төмендететін басқа дәрілік препараттар - бір мезгілде қолдану гипокальциемияның даму қаупінің күшейтеді. 

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Ұсынылмайды.

Жағымсыз әсерлері

Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар Өте жиі: қанда кальций концентрациясының төмендеуі.Жиі :гипокальциемия; гиперкалиемия; гипофосфатемия.Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар Жиі: бас ауыру;парестезия.Жүрек тарапынан бұзылуларЖиі: жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігінің декомпенсациясы, QT аралығының ұзаруы. Қантамырлар тарапынан бұзылулар Жиі: ГипотонияАсқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар Өте жиі: жүректің айнуы; құсу, диарея.Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіні тарапынан бұзылулар Өте жиі: бұлшықет спазмдары.Жиі: миалгия.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға және жасөспірімдерге қарсы көрсетілген.