H05BX01 Цинакальцет¹ (Cinacalcet)
Қолдану көрсеткіштері
Диализде жүрген бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысындағы (БЖТС) пациенттердегі екіншілік гиперпаратиреоз (ГПТ). Цинакальцет фосфаттарды байланыстыратын препараттар және/немесе D дәрумені қамтылатын біріктірілген ем құрамында тағайындалуы мүмкін. Келесі аурулардың салдарынан туындаған пациенттердегі гиперкальциемия (айқындылығын төмендету мақсатымен): қалқанша маңы бездерінің карциномасы, біріншілік гиперпаратиреоз, егер, кальцийдің сарысулық концентрациясына қарамағанда (қабылданған емдеу стандартына сәйкес), паратиреоидэктомия клиникалық тұрғыдан қолайсыз және қарсы көрсетілімде болса.
-
Клинические протоколы:
- Хроническая болезнь почек у взрослых
- Криз отторжения почечного трансплантата
- Хроническая трансплантационная нефропатия
Қарсы көрсеткіштері
Препараттың белсенді компонентіне немесе кез-келген басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
QT аралығының ұзару қаупінің басқа да факторлары бар пациенттерді емдеу кезінде, мысалы, QT аралығының туа біткен ұзару синдромы диагнозы бар пациенттерді немесе берілген мәліметтер бойынша QT аралығын ұзартатын дәрілік препараттарды қабылдайтын пациенттерде сақ болу қажет.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Кетоконазол, итраконазол, телитромицин, вориконазол, ритонавир немесе CYP3A4 индукторлары (мысалы, рифампицин) - цинакальцет концентрациясының шамамен 2 есеге жоғарылауы. Дозасын түзету немесе препаратты тоқтату қажет болуы мүмкін.Дезипрамин - СYP2D6 белсенді метаболизмі бар пациенттердегі дезипрамин экспозициясы деңгейінің жоғарылауы. CYP1A2 тежегіштері (флувоксамин, ципрофлоксацин) - цинакальцеттің плазмалық концентрациясына әсері зерттелмеген. Егер емді бастар алдында пациент шылым шегуді бастаса немесе тоқтатса немесе CYP1A2 тежегіштерін бір мезгілде қабылдауды бастаса немесе тоқтатса, дозасын түзету қажет болуы мүмкін.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бауыр жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану.
Жүктілік
Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.
Емізу
Ана үшін күтілетін пайда бала үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: жүрек айнуы, құсу.Жиі: аса жоғары сезімталдық реакциялары, анорексия, тәбеттің төмендеуі, құрысулар, бас айналуы, парестезиялар, бас ауыруы, гипотензия, жоғары тыныс алу жолдарының инфекциялары, ентігу, жөтел, диспепсия, диарея, іштің ауыруы, іштің жоғары бөлігінің ауыруы, іш қатуы, бөртпе, миалгия, бұлшықеттің түйілуі, арқаның ауыруы, астения, гипокальциемия, гиперкалиемия, тестостерон деңгейінің төмендеуі.Жиілігі белгісіз: жүрек жеткіліксіздігі ағымының нашарлауы, QT аралығының ұзаруы және гипокальциемия салдарынан қарыншалық аритмия.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.