H03A01 Натрий левотироксині¹ (Levothyroxine sodium)

Қолдану көрсеткіштері

Қатерлі емес эутиреоидты зобты емдеу; операциядан кейінгі гормональді статусқа байланысты эутиреоидты зобты хирургиялық емдеуден кейін оның қайталануының алдын алу; гипотиреозда орын алмастырушы ем ретінде; қалқанша безі обырының емі; гипертиреозды антитиреоидты препараттармен емдегенде қатар жүргізілетін ем ретінде; тиреоидты супрессия тестін жүргізгенде диагностикалық дәрі ретінде.
    Клинические протоколы:
  1. Гипотиреоз у детей
  2. Гипотиреоз у взрослых
  3. Аутоиммунный тиреоидит
  4. Хронический гепатит В у взрослых
  5. Хронический вирусный гепатит С у взрослых
  6. Тиреотоксикоз у взрослых
  7. Узловой зоб у детей и подростков
  8. Ведение пациентов после трансплантации сердца у взрослых
  9. Первичный биллиарный холангит. Первичный склерозирующий холангит
  10. Целиакия у детей
  11. Нефротический синдром у детей
  12. Врожденные аномалии развития половых органов
  13. Хронический гепатит В у взрослых

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе кез келген қосымша затқа жоғары сезімталдық; емделмеген гипофиз функциясының жеткіліксіздігі; емделмеген тиреотоксикоз; миокард инфарктісінде, жедел миокардитте және жедел панкардитте препаратпен емдеуді бастамаған жөн; препарат құрамында лактоза бар, сондықтан оны галактозаны көтере алмаушылықпен, Lapp лактаза ферментінің тапшылығымен немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясымен байланысты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттерге қолдану ұсынылмайды.

Қауіпсіздік шаралары

Тиреоидтық гормондармен орнын басу емін бастағанға дейін немесе тиреоидтық супрессия тестісін жүргізуге дейін келесі ауруларды немесе патологиялық жағдайларды болдырмау немесе олардың емін жүргізу керек: коронарлы жеткіліксіздіктің, стенокардияның, артериосклероздың, гипертензияның, гипофизарлы жеткіліксіздік немесе бүйрекүсті безі жеткіліксіздігі. Қалқанша без гормондарымен емді бастағанға дейін қалқанша безі қызметі автономиясының бар-жоқтығын анықтаған немесе емдеу жүргізген жөн. Ем бастаған кезде психикалық бұзылулар қаупі бар пациенттерде емді аз дозасынан бастап біртіндеп дозаны емнің бастапқы сатысында арттыру ұсынылады. Коронарлы жеткіліксіздігі, жүрек қызметінің жеткіліксіздігі немесе тахиаритмиялары бар пациенттерде тіпті дәрілер себеп болған елеусіз гипотиреоздың пайда болуы мүмкін екендігін жоққа шығармау қажет. Антитиреоидті препараттармен гипертиреозды емдеуде біріктірілген терапияны қоспағанда, гипертиреоидты жағдайларда левотироксинді қабылдау ұсынылмайды. Тиреоидты гормондар салмақты төмендетуге арналмаған.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Диабетке қарсы заттар - олардың тиімділігінің төмендеуі.Кумарин туындылары - левотироксин антикоагулянттық емдік әсерді күшейтеді.Протеаза тежегіштері (ритонавир, индинавир, лопинавир) - левотироксиннің тиімділігіне әсер етеді.Фенитоин - бауырда левотироксин метаболизмінің қарқындылығын арттырады, левотироксиннің тиімділігіне әсер етеді. Ион алмастыратын шайырлар (колестирамин, колестипол) - натрий левотироксинінің сіңуін тежейді.Құрамында алюминий бар препараттар (антацидтер, сукральфат) - левотироксин тиімділігін төмендетеді.Орлистат - гипотиреозды бақылау төмендеуі және/немесе гипотиреоз пайда болуы мүмкін.Севеламер - левотироксиннің сіңуін төмендетуі мүмкін.Тирозинкиназа тежегіштері (иматиниб, сунитиниб) - левотироксин тиімділігінің төмендетуі.Пропилтиоурацил, глюкокортикоидтар, бета-симпатолитиктер, амиодарон және құрамында йод бар контрастылы препараттар - T4-тің Т3-ке шеткергі айналуын тежейді.Сертралин, хлорохин/прогуанил - левотироксин тиімділігін төмендетеді және сарысудағы ТТГ деңгейін арттырады.Барбитураттар, карбамазепин - левотироксиннің бауырлық клиренсінің артуы.Эстрогендер - левотироксинге қажеттілік өсуі мүмкін.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Емделмеген бүйрекүсті безі жеткіліксіздігі кезінде қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Жүктілік кезінде антитиреоидтық дәрілермен біріктіріп қолдану қарсы көрсетілген. Тиреоидты супрессияға диагностикалық тест жүргізуге кеңес берілмейді.

Емізу

Лактация кезінде тиреоидты гормондармен ем жүргізу үзілмеуі тиіс. Ұсынылатын емдік дозаларды қабылдағанда препараттың концентрациялары сәбиде гипертиреоздың дамуын тудыруы немесе ТТГ секрециясын басу үшін жеткіліксіз болып табылады.

Жағымсыз әсерлері

Жүрек аритмиясы (мысалы, жыпылықтағыш аритмия және экстрасистолалар), тахикардия, жүректің қағуы, стенокардия; бас ауыру; бұлшықет әлсіздігі және құрысулар; гиперемия, қызу; құсу, диарея; етеккір оралымының бұзылуы; бассүйекішілік гипертензия, тремор, мазасыздық, ұйқының бұзылуы; шамадан тыс терлеу; дене салмағының кемуі; аса жоғары сезімталдық реакциялары (ангионевроздық ісіну және т.б.).Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз. 

Балаларда қолданылуы

Ішке, бір тәуліктік дозаны таңертең ашқарынға, таңертеңгі тамақтан 30 минут бұрын судың аздаған мөлшерімен. Тәуліктік доза жеке анықталады.Туа біткен гипотиреозды емдеу (тәуліктік доза): 0-6 ай - 25-50 мкг; 6-12 ай - 50-75 мкг; 1-5 жас - 75-100 мкг; 6-12 жас - 100-150 мкг; > 12 жас - 100-150 мкг, 12 жастан асқан балалар - 100-200 мкг. Гипотиреоздың орын басушы емінде: бастапқы доза 12.5-50 мкг, демеуші доза дене салмағына шаққанда 100 мкг/м2 құрайды.