H02A09 Гидрокортизон¹ (Hydrocortisone)

Қолдану көрсеткіштері

Көктамырлық инъекциялар. Тиреоидты криз. Біріншілік немесе екіншілік бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігі. Аддисон ауруы кезіндегі немесе бүйрекүсті безінің резекциясынан кейінгі бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігі. Асқын сезімталдықтың жедел реакциялары. Квинке ісінуі. Демікпелік статус. Ойық жаралы колит.Буынішілік инъекциялар: Буындар мен жұмсақ тіндердің жергілікті қабынуы.
    Клинические протоколы:
  1. Надпочечниковая недостаточность
  2. Надпочечниковая недостаточность
  3. Надпочечниковая недостаточность
  4. Диарея у детей. Затяжная диарея
  5. Акушерский сепсис
  6. Сепсис
  7. Коклюш
  8. Лептоспироз
  9. Листериоз
  10. Менингококковая инфекция
  11. Менингококковая инфекция у детей
  12. Хронический бруцеллез
  13. Аллогенная неродственная трансплантация костного мозга
  14. Аллогенная родственная трансплантация костного мозга
  15. Гаплоидентичная трансплантация костного мозга
  16. Гаплоидентичная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток у детей
  17. Первичные иммунодефициты с преимущественным дефектом в системе комплемента
  18. Системные васкулиты
  19. Врожденная дисфункция коры надпочечников
  20. Кортикостерома
  21. Острая надпочечниковая недостаточность у детей
  22. Тиреотоксикоз у взрослых
  23. Хроническая надпочечниковая недостаточность у детей
  24. Адгезивный средний отит
  25. Поражение уха и сосцевидного отростка после оперативного лечения на среднем ухе
  26. Ведение пациентов после трансплантации сердца у взрослых
  27. Полип голосовой складки и гортани
  28. Стеноз гортани
  29. Стеноз трахеи
  30. Хронический ринит
  31. Крапивница
  32. Лекарственная гиперчувствительность с различными клиническими проявлениями
  33. Псориаз
  34. Болезнь Бехчета
  35. Васкулиты, ассоциированные с антинейтрофильными цитоплазматическими антителами. Гранулематоз с полиангиитом (Вегенера). Микроскопический полиангиит.
  36. Болезнь Крона
  37. Перфоративная язва желудка и двенадцатиперстной кишки
  38. Язвенный колит
  39. Орхит и эпидидимит у детей
  40. Рак предстательной железы
  41. Диабетическая фетопатия
  42. Крайняя незрелость
  43. Реанимация недоношенных детей
  44. Респираторный дистресс-синдром (неонатология)
  45. Стойкое фетальное кровообращение / Персистирующая легочная гипертензия у новорожденного
  46. Эмболия околоплодными водами
  47. Абдоминальная травма
  48. Анафилактический шок
  49. Менингококковая инфекция
  50. Ущемленная грыжа
  51. Острый аппендицит
  52. Рак предстательной железы
  53. Эпилепсия у детей

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық, жүйелі зеңдік инфекциялар, асқазан және он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы, тромбофлебиттер және тромбоэмболиялық құбылыстар, эпилепсия, психикалық аурулар, артериялық гипертензияның ауыр түрлері, жүрек қызметінің декомпенсациясы, жедел эндокардит, остеопороз, ахилл сіңірлерінің аурулары, қант диабеті, Иценко- Кушинг синдромы.

Қауіпсіздік шаралары

Жоғары дозаларын 48-72 сағаттан ұзағырақ кезеңде қабылдағанда гипернатриемия дамуы мүмкін. Бас жарақатынан кейін 2 аптадан немесе 6 айдан соң өлімнің ұлғаюына байланысты бас жарақатымен негізделген, бас миының ісінуі кезінде жоғары дозаларын қолдануға болмайды. Артериялық қысым жоғарылауы мүмкін (АҚ мониторинг қажет). Инфекцияларға төзімділік төмендеуі, сондай-ақ организмнің инфекциялық үдерісті оқшаулау қабілеті де төмендеуі мүмкін. Әртүрлі психикалық бұзылыстар: эйфориядан, ұйқысыздықтан, көңіл-күйдің тұрақсыздығынан, жеке бастың өзгеруінен және ауыр депрессиядан жедел психикалық реакцияларға дейін дамуы мүмкін. Емдеу кезеңінде вакцинация қарсы көрсетілген. Буынішілік енгізу кезінде буын тіндерінің қабынулық жауабының қаупі жоғарылайды. Көлік құралдарын басқаруда және жоғары зейін мен психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін қауіпті қызмет түрлерімен айналысқанда сақтық танытқан жөн.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Ацетилсалицил қышқылы - бірге сақтықпен қолдану, сарысуда салицилаттар концентрациясының төмендеуіне әкелуі немесе ГКС-ті тоқтатқан кезде салицилаттардың уыттылық қаупін арттыруы мүмкін. СЕҚҚП, этанол және құрамында этанол бар препараттар- АІЖ эрозиялық-ойық жаралы зақымдарының пайда болу жиілігі немесе қарқындылығы жоғарылауы мүмкін. Эстрогендер - бірге қолданғанда препараттар дозасын түзету қажет болуы мүмкін (олардың артық дозалану қаупіне байланысты). Калий шығаратын диуретиктер, амфотерицин-В - гипокалиемия даму қаупі. Жүрек гликозидтері- аритмияның немесе дигиталисті уыттанудың пайда болу қаупінің артуы (гипокалиемияға байланысты). Фенобарбитал, фенитоин, карбамазепин және рифампицин - гидрокортизон клиренсінің артуы, ГКС дозасын түзету қажет. Тролеандомицин, кетоконазол, макролидтер және эритромицин - гидрокортизон метаболизмінің тежелуі және ГКС клиренсінің төмендеуі. Гипогликемиялық заттар- ГКС байланысты қандағы глюкоза концентрациясының артуы есебінен дозасын түзету қажет.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Қарсы көрсетілген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану, дозасын азайту қажет.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген. Препарат плацента арқылы өтеді.

Емізу

Қарсы көрсетілген. Препарат емшек сүтіне өтеді, қолдану қажет болған жағдайда емдеу кезеңінде бала емізуді тоқтату керек.

Жағымсыз әсерлері

ОЖЖ тарапынан бұзылыстар: көру жүйкесінің дискісі ісінетін бас сүйекішілік қысымның жоғарылауы, құрысулар, бас айналуы, бас ауыруы, ұйқысыздық, психикалық бұзылыстар.Эндокриндік жүйе тарапынан бұзылыстар: бүйрекүсті безі қыртысының тежелуі (жоғары дозаларда тағайындағанда және/немесе ұзақ уақыт қолданған кезде), глюкозаға төзімділік.Жүрек- қантамыр жүйесі тарапынан бұзылыстар: шеткері вазодилятация және жүрекішілік өткізгіштік бұзылыстарының дамуы, гипертензия, жүрек жеткіліксіздігі, тромбоэмболия.АІЖ тарапынан бұзылыстар: тәбеттің жоғарылауы, жүрек айнуы, жалпы әлсіздік, пептикалық ойық жаралар дамуы (кейбір жағдайларда тесілу және қан кетумен), асқазаннан қан кету, панкреатит, эзофагит.Көру мүшесі тарапынан бұзылыстар: мөлдір қабықтың жаралануы, көзішілік қысымның жоғарылауы, глаукома, экзофтальм, балаларда катарактаның дамуы.Тері тарапынан бұзылыстар: жаралардың баяу жазылуы, тері атрофиясы, стрийлер, тері бөртпесі, тері құрғауы, фолликулит, гирсутизм, гипопигментация, тітіркену, құрғақтық, терінің жұқаруы және сезімталдығының жоғарылауы, телеангиоэктазиялар.Басқалар: натрий және судың ұсталуы, калий концентрациясының төмендеуі, гипокалиемиялық алкалоз, лейкоцитоз, тамақтану және зат алмасуының бұзылысы, остеопороз, балаларда өсудің кідіруі, стероидтық миопатия және асептикалық остеонекроз дамуы.

Балаларда қолданылуы

Балаларға. Көктамырға, бұлшықетке немесе көктамырлық инфузиялар ретінде. Шұғыл жағдайларда к/і инъекциялардан бастаған жөн. Төмен дозаларын енгізу керек, бірақ тәулігіне кем дегенде 25 мг. Дозаны таңдағанда пациенттің жасы мен дене салмағы емес, бірінші кезекте жағдайдың ауырлығын және пациенттің емге реакциясын ескереді.Буынішілік немесе периартикулярлы. 3 жастан асқан балалар: бір реттік доза- 5-30 мг; 14 жастан асқан балалар: бір реттік доза- 5-50 мг. Бір реттік доза буын өлшеміне және аурудың ауырлығына байланысты.