H01BA02 Десмопрессин¹ (Desmopressin)
Қолдану көрсеткіштері
Көрсеткіштері препараттың дәрілік түріне байланысты.
-
Клинические протоколы:
- Болезнь Виллебранда
- Гистиоцитоз из клеток Лангерганса
- Наследственный дефицит факторов VIII или IX (Гемофилия)
- Несахарный диабет у взрослых
- Оптиконевромиелит. Болезнь Девика
- Прогрессирующая сосудистая лейкоэнцефалопатия. Болезнь Бинсвангера
Қарсы көрсеткіштері
Десмопрессинге немесе препараттың басқа да компоненттеріне аса жоғары сезімталдық; конституциональді немесе психогенді полидипсия; жүрек жеткіліксіздігі, оның ішінде анамнезінде немесе оған күдік болғанда, және несеп айдайтын препараттарды тағайындауды қажет ететін басқа да жай-күйлер; гипонатриемия немесе гипонатриемияға бейімділік; антидиуретикалық гормонның талапқа сай емес өндірілу синдромы; тұқым қуалайтын лактоза/галактозаны көтере алмаушылық, лактаза тапшылығы, глюкоза/галактоза мальабсорбциясы.
Қауіпсіздік шаралары
Десмопрессинді қабылдауда сұйықтықты шектеместен қолдану гипонатриемиямен, дене салмағының артуы, және ауыр жағдайда, құрысумен бірге жүретін ағзада сұйықтықтың ұсталуына әкеледі. Түнгі энурезді және никтурияны емдеген жағдайда сұйықтықты қабылдау ең төменгіге дейін шектелуі керек - тек шөлді басу үшін: келесі режим белгіленеді - десмопрессинді қабылдағаннан кейін 8 сағат бойы және қабылдауға дейін 1 сағат бұрын. Препарат жасы ұлғайған адамдарға ұсынылмайды (65 жас және одан жоғары). Егер емдеу тағайындалса, емдеуді бастар алдында, 3 қабылдаудан кейін және дозаны ұлғайтқаннан кейін қандағы натрий деңгейін бақылау керек. Сұйықтықтың ұсталуы және/ немесе гипонатриемия сипмтомдарының дамуы жағдайында (бас ауыруы, жүрек айну/құсу, дене салмағының артуы және ауыр жағдайда құрысулар) емдеуді пациент толығымен жазылып кеткенше жылдам тоқтату.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Үшциклді антидепрессанттар, серотониннің кері ұсталуының таңдамалы тежегіштері, хлорпромазин, карбамазепин, индометацин - десмопрессиннің диуретиктерге қарсы әсерінің күшеюі, ағзадағы сұйықтықтың ұсталуы және гипонатриемияның дамуы. Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар - ағзада сұйықтықтың ұсталуын индуцирлеуі мүмкін/гипонатриемия. Лоперамид - қан плазмасындағы десмопрессин концентрациясының 3 есеге артуы, ағзадағы сұйықтықтың ұсталуы және гипонатриемияның дамуы.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Креатинин клиренсі 50 мл/мин төмен болғанда қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: бас ауыруы, жүрек айнуы, іштің ауыруы, ауыздың құрғауы, несеп шығару кезіндегі ауырсынулар, шеткергі ісінулер, дене салмағының артуы.Сирек: терінің аллергиялық реакциялары, эмоционалдық бұзылулар, құрысулар.
Балаларда қолданылуы
Тері астына немесе көктамыр ішіне. Дене салмағы 15 кг жоғары балаларға. А типті гемофилияның жеңіл түрі және Виллебранд фоны ауыруы: сақтықпен қолдану! Препарат дозасын дене салмағына байланысты есептейді нұсқаулықты қараңыз, егер оң әсер алса, енгізуді 6-12 сағат аралығымен 1-2 рет қайталауға болады. Ішке, тамақтанудан кейін қандай да бір уақыт аралығында. 5 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. 5 жастан асқан балаларға. Шығу тегі орталықтық қантсыз диабетте: таблеткада күніне 3 рет 0,1 мг немесе 0,2 мг. Тәуліктік доза 0,2 мг-нан 1,2 мг дейін. Пероральді лиофилизат: бастапқы доза тәулігіне 3 рет 60 мкг; оңтайлы демеуші доза тәулігіне 3 рет 60-120 мкг құрайды. Бастапқы түнгі энурез: таблеткада 0,2 мг ұйықтар алдында, дозаны 0,4 мг дейін арттыруға болады; пероральді лиофилизат: бастапқы доза ұйықтар алдында 120 мкг; тәулігіне 3 рет 240 мкг дейін арттыруға болады. Емдеу курсы 3 ай.