G04CA02 Тамсулозин (Tamsulosin)

Қолдану көрсеткіштері

Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы кезіндегі дизуриялық бұзылыстарды емдеу.
    Клинические протоколы:
  1. Воспалительные заболевания предстательной железы
  2. Дивертикул мочевого пузыря
  3. Доброкачественная гиперплазия предстательной железы
  4. Нейрогенная дисфункция мочевого пузыря

Қарсы көрсеткіштері

Тамсулозинге, оның ішінде ангионевроздық ісінуге (Квинке ісінуіне) немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық;
ортостатикалық гипотензия (оның ішінде анамнезінде);
бауыр жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесі;
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер;
лактаза тапшылығы, галактозаны көтере алмаушылық, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы.

Қауіпсіздік шаралары

Ортостатикалық гипотензияның алғашқы белгілері пайда болған кезде пациент симптомдар жоғалғанға дейін отыру немесе жату қалпына ауысуы керек;
тамсулозинмен емдеуді бастар алдында пациентті қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясының симптомдарына ұқсас симптомдармен қатар жүретін басқа да жағдайларды жоққа шығару мақсатында тексеру қажет. Емдеуді бастар алдында және кейіннен тұрақты аралықтарда тік ішек арқылы саусақпен зерттеу жүргізу және қажет болған жағдайда простатаға тән спецификалық антигенді (ПСА) анықтау керек;
бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесі бар пациенттерге (креатинин клиренсі минутына 10 мл-ден төмен) препаратты сақтықпен қолдану керек, өйткені пациенттердің осы санатында клиникалық зерттеулер жүргізілмеген;
катаракта немесе глаукомаға байланысты хирургиялық емдеу кезінде асқынулардың даму мүмкіндігіне байланысты офтальмологқа тамсулозинді қолданып жүргені немесе бұрын қолданғаны туралы хабарлау қажет. Офтальмологиялық операция жоспарланған жағдайда көздің атониялық нұрлы қабығының интраоперациялық синдромының (ИСАР) даму қаупін ескеру қажет.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Циметидин — қан плазмасындағы тамсулозин концентрациясының жоғарылауы;
фуросемид — қан плазмасындағы тамсулозин концентрациясының төмендеуі;
диклофенак, варфарин — тамсулозиннің шығарылу жылдамдығының жоғарылауы;
басқа α1-адреноблокаторлар — гипотензиялық әсердің күшеюі;
CYP3A4 күшті және орташа тежегіштері — қан плазмасындағы тамсулозин концентрациясының жоғарылауы; CYP3A4 күшті тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда сақтық таныту керек;
CYP3A4 күшті тежегіштерін CYP2D6 фенотипі «баяу метаболизаторлар» болып табылатын пациенттерде тамсулозинмен бір мезгілде қолдануға болмайды;
пароксетин — тамсулозиннің Cmax және AUC көрсеткіштерінің жоғарылауы, алайда бұл өзгерістер клиникалық тұрғыдан маңызды болып саналмайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде дозаны түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесінде препаратты сақтықпен қолдану керек.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр жеткіліксіздігінің жеңіл және орташа дәрежесінде дозаны түзету қажет емес. Бауыр функциясының ауыр бұзылыстарында препаратты қолданудан аулақ болу керек.

Жүктілік

Әйелдерге қолдануға көрсетілмеген

Емізу

Әйелдерге қолдануға көрсетілмеген

Жағымсыз әсерлері

Жиі: бас айналуы; эякуляцияның бұзылыстары, оның ішінде ретроградтық эякуляция және анэякуляция.
Жиі емес: бас ауыруы; пальпитация, тахикардия, ортостатикалық гипотензия; кеуде қуысының ауыруы; ринит, ентігу; іш қату, диарея, жүрек айнуы, құсу; бөртпе, қышыну, есекжем; астения; арқаның ауыруы.
Сирек: естен тану; ұйқының бұзылыстары; ангионевроздық ісіну; жүрекшелер фибрилляциясы.
Өте сирек: приапизм; либидоның төмендеуі; Стивенс–Джонсон синдромы.
Тіркеуден кейінгі кезеңде көрудің бұзылуы, көрудің анық болмауы, мұрыннан қан кету, ауыздың құрғауы, көпформалы эритема, эксфолиативті дерматит, сондай-ақ катаракта және глаукомаға байланысты операциялар кезінде нұрлы қабықтың интраоперациялық тұрақсыздығы (тар қарашық синдромы) жағдайлары туралы хабарланды. Осы реакциялардың туындау жиілігін және олардың тамсулозинді қолданумен себеп-салдарлық байланысын нақты анықтау мүмкін емес.

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Ересек пациенттер мен егде жастағы пациенттерге ұсынылатын доза тәулігіне 1 рет 1 капсуланы құрайды.
Капсуланы тамақ қабылдауға қарамастан, бүтіндей жұту керек. Капсуланы шайнауға немесе ұсақтауға болмайды.

Балаларда қолданылуы

Балаларда тамсулозинді қолдануға тиісті көрсетілімдер жоқ. Тамсулозиннің 18 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдердегі қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.