G04BD09 Троспий хлориді (Trospium chloride)

Қолдану көрсеткіштері

Поллакиурия, несеп шығаруға және несеп ұстай алмауға императивті қысылу симптомдарымен қатар жүретін детрузор тұрақсыздығын немесе детрузор аса жоғары белсенділігін емдеу үшін.

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затына немесе кез келген қосалқы затқа  жоғары сезімталдық; асқазан-ішек жолының механикалық стенозы; ішектің созылмалы қабыну аурулары (ойық жаралы колит, Крон ауруы); уытты мегаколон; қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы немесе уретра стенозы әсерінен несеп іркілуі; жабық бұрышты глаукома; аритмия, тахиаритмия; миастения;тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактоза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.

Қауіпсіздік шаралары

  • Емді бастар алдында поллакиурия мен несеп ұстай алмаудың жүрек немесе бүйрек жеткіліксіздігі, полидипсия, несеп шығару жолдарының ісігі сияқты органикалық себептерді жоққа шығару қажет.   • Детрузор немесе уретра сфинктері функциясының бұзылуында катетер енгізу жолымен қуық толық босатылуы тиіс.   • Препаратты сақтықпен қолдану керек: тиреотоксикозда, жүректің ишемиялық ауруында, созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде, аритмияда, артериялық гипертензияда, қуық асты безі гиперплазиясында, диафрагманың өңеш тесігіндегі жарығы, қақпа тарылуында, ішектің толық емес тарылуымен бірге жүретін диареяда (әсіресе илео- немесе колостомасы бар пациенттерде), егде жастағыларда.   • Емделу кезеңінде көлік жүргізуден және аса қауіпті қызмет түрлерімен айналысудан бас тарта тұру қажет. 

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

  • Амантадин, хинидин трициклді антидепрессанттар, гистаминді H1-рецепторлар блокаторлары, дизопирамид - бір мезгілде қолданғанда антихолинергиялық әсері күшейеді.   • Бета адреномиметиктер - бірге қолданғанда тахикардияның күшеюі.    • Метоклопрамид - бірге қолданғанда емдік әсері әлсірейді.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігінде сақтықпен қолдану керек.Диализді қажет ететін бүйрек жеткіліксіздігінде (креатинин клиренсі < 10 мл/мин/1,73 м2) қарсы көрсетілген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр жеткіліксіздігінде сақтықпен қолдану керек. Жеңіл немесе орташа дәрежедегі бауыр дисфункциясы жағдайында (Child-Pugh 5–6 немесе 7–9) дозаны түзету қажет етілмейді.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: ауыздың құрғауы, диспепсия, іш қатуы, іштің ауыруы, жүрек айнуы.Жиі емес: тахикардия; аккомодация парезі; демікпе; диарея, іштің кебуі; кіші дәрет бұзылыстары; тері бөртпесі;  әлсіздік, кеуде қуысының ауыруы.Сирек: трансаминазалар белсенділігінің аздап немесе орташа жоғарылауы; несептің іркілуі; ангионевроздық ісіну, анафилаксиялық реакция..

Балаларда қолданылуы

12 жасқа дейінгі балаларға  аурудың клиникалық сипаты мен ауырлығына байланысты жеке тағайындайды. Ішке 10 мг-ден тәулігіне 3 рет (45 мг/тәулік) немесе 15 мг-ден тәулігіне 2–3 рет (30–45 мг/тәулік) ішке қабылдауға тағайындайды. Тәуліктік дозасы 45 мг болғанда таңертең 30 мг және кешке 15 мг қабылдау мүмкіндігі бар.Емдеу ұзақтығы орташа алғанда 2–3 айды құрайды. Симптомдары жоғалғаннан кейін 2–4 апта бойы қайталануға қарсы ем жүргізу ұсынылады. Ұзағырақ ем жасау қажет болғанда емді жалғастыру мәселесін дәрігер әрбір 3 айда қайта қарап отырады.12 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.