G04BD04 Оксибутинин (Oxybutynin)

Қолдану көрсеткіштері

Қуық қызметінің тұрақсыздығында немесе шашыранды склероз және spina bifida сияқты ауруларда қуықтың нейрогенді дифункциясы салдарынан (детрузордың гиперрефлексиясы), немесе  детрузордың идиопатиялық тұрақсыздығында  (несепті моторлы ургентті ұстай алмаушылық)  несепті ұстап тұра алмаушылық, императивтік несепке қысылу немесе несеп жиі шығару. Препарат 5 жастан асқан балаларда мынадай жағдайларда қолданылуы мүмкін: қуықтың идиопатиялық белсенділігі аса жоғары болуы салдарынан қуық қызметі тұрақсызданғанда немесе қуықтың нейрогендік функциясы бұзылғанда (детрузор белсенділігінің аса жоғары болуы)   несепті ұстап тұра алмаушылық, императивтік несепке қысылу немесе несептің  жиі шығарылуында; басқа ем тиімсіз болғанда, детрузор белсенділігінің аса жоғары болуымен байланысты түнгі энурезде дәрі-дәрмексіз әдістермен біріктіріп.
    Клинические протоколы:
  1. Нейрогенная дисфункция мочевого пузыря у детей

Қарсы көрсеткіштері

Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; миастения; жабық бұрышты глаукома немесе көздің алдыңғы камерасының шағындығы; гиперпирексияның пайда болу қаупіне байланысты, дене температурасы жоғарылаған науқастарға немесе қоршаған орта температурасы жоғары болғанда препаратты тағайындамаған жөн; өңеш функциясының бұзылуы, соның ішінде өңеш саңылауының жарығы; асқазан-ішек жолының (АІЖ) функционалдық немесе органикалық обструкциясы, оның ішінде пилоростеноз, салданған ішек бітелісі, ішек атониясы; илеостоманың, колостоманың, уытты мегаколонның, ауыр ойық жара колитінің болуы; іштен туа болған галактоземия, глюкозаның және галактозаның мальабсорбция синдромы, лактаза тапшылығы (өйткені препараттың құрамында лактоза бар); қуықтың инфравезикальді обструкциясы, ондайда несептің іркілуі, мысалы, қуық асты безінің ұлғаюы туындауы мүмкін.

Қауіпсіздік шаралары

  •  Егде жастағы науқастарға абайлап қолданған жөн, өйткені олар (дозаны төмендету қажет болуы мүмкін, сондай-ақ  вегетативтік нейропатиясы, АІЖ ауыр сырқаты, бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздіктері, цереброваскулярлы аурулары бар науқастар) препараттың әсеріне сезімталдау болуы мүмкін. • Емдеу аясында гипертиреоз, іркілген жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипертензия, жүрек ырғағының бұзылу, қуықасты безінің гипертрофиясы, тахикардияның арту синдромдары өршуі мүмкін.  Егер ОЖЖ-ге антихолинергиялық ықпал ете бастаса, емдеуді тоқтату немесе препараттың дозасын төмендету жөніндегі мәселені қайта қарастыру қажет. • Препарат жабық бұрышты глаукоманың себебі болуы мүмкін болғандықтан, егер пациенттер көру жітілігін кенеттен жоғалта бастаса немесе көздері ауыра бастаса, олардың дереу дәрігерге қаралуына кеңес берген жөн.• Порфириясы бар науқастарға қолдану қауіпсіз емес, препарат порфириногендер синтезін арттырды.• Ұзақ уақыт қолдану сілекейдің бөлініп шығуының азаюы немесе бәсеңдеуі есебінен тісжегінің пайда болуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан препаратты ұзақ уақыт қолданғанда үнемі стоматологтың бақылауында болу қажет.• Препарат эзофагитті туындатуы немесе өршітуі мүмкін дәрілік заттарды (мысалы, биофосфонаттарды) бір мезгілде қолданатын пациенттерге сақтықпен пайдаланған жөн.   • 5 жастан асқан балаларға препаратты абайлап тағайындалғаны жөн, өйткені олар препараттың әсеріне, әсіресе орталық жүйке жүйесі тарапынан болатын жағымсыз реакциялардың және психикалық бұзылулардың пайда болуына қатысты сезімталдау болуы мүмкін. Сирек тұқым қуалайтын бұзылулары (галактозаның жақпаушылығы, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза сіңуінің бұзылу синдромы) бар науқастарға, препаратты қолдану ұсынылмайды.Препарат ұйқышылдықты және көрудің бұлыңғырлануын тудыруы мүмкін. Пациенттер, олардың психикалық жағдайы және ойлау қабілеті өзгермеген жағдайдан басқасында, көлік құралдарын жүргізуді немесе механизмдерді басқаруды тоқтата тұрғандары дұрыс.   Пациенттерді алкоголь қабылдау препараттың ұйқышылдықты күшейтуі мүмкін екендігінен хабардар ету қажет.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

 • Басқа да антихолинергиялық дәрілер- антихолинергиялық әсердің жоғарылауы, сақтықпен.• CYP3A4 тежегіштері- осы препараттың метаболизмін тежейді және бір мезгілде қолданғанда оның экспозициясын арттырады.  • Холинэстераза тежегіштері-бір мезгілде қолданғанда тиімділігінің төмендеуі. Қолданар алдында қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысу керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану.

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: іш қату, жүректің айнуы, ауыздың құрғауы; бас ауыруы, бас айналу, ұйқышылдық; терінің құрғауыЖиі: диарея, құсу; сананың шатасуы; құрғақ көз синдромы; несептің іркілуі; гиперемия (ересектерге қарағанда балаларда айқынырақ)Жиі емес: іштегі жайсыздық, анорексия, тәбеттің төмендеуі, дисфагия.

Балаларда қолданылуы

Ішке. 5 жастан асқан балаларға.Қуықтың нейрогендік тұрақсыздығы: күніне 2 рет 2,5 мг-ден.    Клиникалық әсерге қол жеткізу үшін, көтерімділігі жақсы болған жағдайда, дозаны күніне 2-3 рет  5 мг-ге дейін біртіндеп арттыруға болады.  Түнгі энурез: күніне 2 рет 2,5 мг-ден. Көтерімділігі жақсы болған жағдайда клиникалық нәтиже алынғанға дейін дозаны күніне 2 немесе 3 рет 5 мг-ге дейін титрлеуге болады. Препараттың соңғы дозасын ұйқыға жатар алдында қабылдаған жөн.Балалар 5  жасқа дейінгі юалаларға қарсы көрсетілген.