G03XB02 Улипристал (Ulipristal)

Қолдану көрсеткіштері

Бала тууға қабілетті 18 жастан асқан әйелдерде жатыр миомасының орташа және айқын симптомдарының операцияға дейінгі емі. 18 жастан асқан репродуктивті жастағы әйелдерде жатыр миомасының ауыр және орташа симптомдарының курстық емі.

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық; этиологиясы анық емес немесе туындау себебі жатыр миомасына байланысты емес қынаптан қан кету; жатыр, жатыр мойнының, аналық бездердің немесе сүт безінің обыры.

Қауіпсіздік шаралары

Тексерілуден кейін тағайындалады, жүктілік болдырылмайды. Пероральді глюкокортикостероидтармен түзетуге келмейтін бронх демікпесінің ауыр түрі бар әйелдерге препаратты қолдануға болмайды. Пациенттерді препаратпен емдеудің алғашқы 10 күні аралығында әдетте етеккірлік қан жоғалтудың едәуір азаюы немесе аменореяға әкеп соғатындығы туралы хабардар ету керек. Шамадан тыс қан кетулер сақталған кезде пациент дәрігерге қаралуы керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

CYP3A4 изофермент индукторлары (рифампицин, фенитоин, фенобарбитал, карбамазепин, эфавиренз, фосфенитоин, невирапин) - қан плазмасында улипристал концентрациясының азаюы, препарат тиімділігінің төмендеуі.Ритонавир - қан плазмасында улипристал концентрациясының төмендеуі. Прогестагеннен тұратын препараттар (КОК-тер; тек прогестагеннен тұратын контрацептивтер; левоноргестрелден тұратын шұғыл контрацепция заттары) - улипристал берілген препараттардың контрацептивтік әсерін төмендетеді.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Тұрақты қадағалау мүмкін болмаған ауыр бүйрек жеткіліксіздігі кезінде қолдану ұсынылмайды.

Бауыр жеткіліксіздігі

Тұрақты қадағалау мүмкін болмаған ауыр немесе орташа бауыр жеткіліксіздігі кезінде қолдану ұсынылмайды.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: аменорея, эндометрия қалыңдауы.Жиі: бас ауыруы, бас айналуы, жүрек айнуы, іштегі ауырсыну, бөртпе, сүйек пен бұлшықеттегі ауырсыну, «құйылулар», аналық без кистасы, сүт бездерінің ширығуы/ауыруы, жамбас аймағының ауыруы, жоғары шаршағыштық, дене салмағының артуы.Жиі емес: эмоционалдық бұзылыстар, бас айналуы, алаңдаушылық, ауыз құрғауы, іш қатуы, алопеция, тері құрғақтығы, жоғары тершеңдік, бел ауыруы, несепті ұстай алмау, жатырдан қан кетулер, метроррагия, қынаптан бөліндінің бөлінуі, сүт безі аймағында жағымсыз сезінулер, ісінулер, астения, қандағы триглицерид концентрациясының жоғарылауы, қандағы холестерин концентрациясының жоғарылауы.Сирек: мұрыннан қан кету, диспепсия, аналық без кистасының жарылуы, сүт безінің ісінуі.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.