G03HA01 Ципротерон¹ (Cyproterone)

Қолдану көрсеткіштері

Операция жасауға келмейтін қуықасты безінің обыры, либидо бақылау.
    Клинические протоколы:
  1. Дисфункция яичников
  2. Рак предстательной железы

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың кез-келген компонентіне аса жоғары сезімталдық; Дубин-Джонсон синдромы, Ротор синдромы; тромбоэмболия; ангиопатиямен қант диабетінің ауыр түрі; орақ-жасушалы анемия; қатерлі ісіктер; менингиомалар; кахексия; депрессиялар.

Қауіпсіздік шаралары

Жыныстық әуестігі жоғары пациенттерде алкоголь қабылдағанда емдік әсері төмендейді. Препаратты қабылдау аясында сперматогенездің басылуы бірнеше апталық емнен кейін пайда болады және емдеу тоқтатылғаннан кейін қалпына келеді. Бүйрек үсті безі қыртысының функциясын, перифериялық қан көрінісін бақылау қажет. Осы ерлерде жиі байқалатын гинекомастия емді тоқтатқаннан кейін немесе препараттың дозасын төмендеткенде жойылады. Препаратты 25 мг және одан жоғары дозаларда ұзақ (бірнеше жыл) қолдану аясында менингиомалардың (жалғыз немесе көптеген) дамуы мүмкін. Менингиома анықталса, препарат қабылдауды тоқтату қажет. Жоғары дозаларда қолдану кейде ентігу сезімімен жүреді. Қуықасты безінің қатерлі ісігіне операция жасауға келмейтін анамнезінде тромбоэмболиялық үдерістері, ангиопатиямен қант диабетінің ауыр түрі, орақ-жасушалы анемиясы бар пациенттерде пайда мен қауіп қатынасын бағалаудан кейін тағайындау. Қант диабеті бар пациенттерде инсулин мен диабетке қарсы дәрілік заттардың дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Көлік құралын немесе қозғалыстағы механизмдерді басқарудан бас тарту.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Инсулин және пероральді диабетке қарсы препараттар - инсулиннің және диабетке қарсы препараттардың дозаларын түзету қажет етілуі мүмкін.Кетоконазол, итраконазол, клотримазол, ритонавир және басқа күшті ферменттер тежегіштері - ципротерон ацетаты метаболизмінің төмендеуі.Рифампицин, фенитоин және құрамында шәйқурай бар препараттар - қан плазмасында ципротерон ацетаты деңгейінің төмендеуі.Статиндер - миопатия немесе рабдомиолиз қаупі.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек қызметінің бұзылысы бар пациенттерде препарат зерттелмеген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Емдеу барысында бауыр қызметін үнемі бақылау қажет. Гепатоуыттылық дозаға тәуелді, және бірнеше ай емдегеннен кейін дамиды. Бауыр аурулары кезінде қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: либидоның төмендеуі, эректильді дисфункция, сперматогенездің басылуы, дене салмағының төмендеуі немесе жоғарылауы, гинекомастия; көңіл-күйдің түсуі, мазасыздық, ентігу, шаршағыштық, құйылулар, ысыну, тершеңдік; сарғаю, гепатит және бауыр жеткіліксіздігі.Сирек: бөртпе, аса жоғары сезімталдық реакциялары; бауырдың қатерсіз және қатерлі ісігі, менингиомалар, анемия, тромбоэмболиялық үрдістер, интраабдоминальді қан кету, остеопороз.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.