G03GA30 Фоллитропин альфа и Лутропин альфа (Follitropin alfa and Lutropin alfa)
Қолдану көрсеткіштері
Лютеиндеуші және фолликулостимуляциялаушы гормондар секрециясының (гипогонадотроптық гипогонадизм) ауыр жеткіліксіздігі бар әйелдерде фолликулалардың дамуын стимуляциялауда
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді затқа немесе препараттың кез келген басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық; гипоталамус немесе гипофиз ісіктері; аналық бездің, жатырдың немесе сүт бездерінің карциномасы; этиологиясы белгісіз гинекологиялық қан кетулер; этиологиясы белгісіз аналық бездердің немесе кистаның ұлғаюы Емдеуге тиімді реакцияларға қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайларда қолдануға болмайды, мысалы, мыналарда: аналық бездер функциясының алғашқы жеткіліксіздігінде; жүктілікпен үйлеспейтін жыныс мүшелерінің даму кемістіктерінде; жүктілікпен үйлеспейтін жатырдың фиброидты ісіктерінде.
Қауіпсіздік шаралары
*Фолликулдардың өсуіне стимуляция жүргізгенде пациенттерде ықтимал шамадан тыс эстрогендер секрециясына және көптеген фолликулдардың дамуына негізделген гиперстимуляцияның даму қаупі жоғарылайды.*Қауіпсіз және тиімді қолдану аналық бездердің реакциясына ультрадыбыстық зерттеулердің жәрдемімен ұдайы мониторинг жүргізуді көздейді, бір мезгілде эстрадиолдың сарысулық деңгейін анықтаған да дұрысырақ. Әйелдерде емдеу мақсатына сәйкес, препараттың тиімді өте аз дозасын қолдану керек. *Порфириясы және отбасында порфирия жағдайлары бар пациенттерде мұқият медициналық бақылаумен қолданылуы тиіс. Осы аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда немесе ол нашарлағанда емдеуді тоқтату қажет болуы мүмкін. АГСС даму қаупінің тәуелсіз факторлары: жасының жастау болуы, дене бітімінің арық болуы, поликистозды аналық бездер синдромы, экзогендік гонадотропиндердің жоғары дозалары, эстрадиолдың жоғары абсолюттік немесе тез өсетін сарысулық деңгейлері, АГСС бұның алдындағы көріністері және жетіле бастаған овариальді фолликулалар санының көптігі.Пациенттерде овуляцияға индукциялау жүргізгенде, табиғи ұрықтандыруға қарағанда, көп ұрықтық жүктілік пен туу жиі кездеседі. Овуляция индукциясын жүргізу үшін фолликулалық жетілуді стимуляциялағанда, түсік тастаудың немесе өздігінен болатын аборттың нәтижесінде жүктіліктен айырылу жағдайлары, табиғи ұрықтануға қарағанда, жоғары болады.Анамнезінде жатыр түтігі аурулары бар әйелдер жатырдан тыс жүктілік дамуының жоғары қаупіне ұшырайды. Қосымша ұрпақ өрбіту технологияларын жүргізген кезде дамудың туа біткен кемістіктерінің таралуы табиғи ұрықтануға қарағанда едәуір жоғары болуы мүмкін. Гонадотропиндермен емдеу тромбоэмболиялық аурулары бар немесе оны жақын арада бастан кешкен әйелдерде, сондай-ақ дамудың қауіп факторлары, жекелей немесе отбасылық тромбоэмболиялық асқынулар жағдайлары, тромбоэмболия немесе семіздіктің ауыр түрі анықталған әйелдерде мұндай қауіптердің әрі қарай ұлғаюына әкеп соғуы мүмкін.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Фоллитропин альфасын қоспағанда, оны басқа препараттармен араластыруға болмайды.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: бас ауыру; аналық бездердің кистасы; инъекция жасаған жерде ауырлығы жеңілден ауыр дәрежеге дейінгі реакциялар (мысалы, ауыру, эритема, гематома, ісіну, тітіркену).Жиі: абдоминальді ауыру, құрсақ қуысының созылуы және жайсыздық сезімі, жүректің айнуы, құсу, диарея; ауырлығы жеңілден орташа дәрежеге дейінгі аналық бездердің гиперстимуляциясы синдромы (АБГС) (олармен байланысты. симптомдарды қоса), кеуденің ауыруы, жамбас аймағының ауыруы.Жиі емес: АГСС ауыр түрі (олармен байланысты симптомдарды қоса).Сирек: АГСС ауыр түрінің асқынулары.Өте сирек: анафилаксиялық реакцияларды және шокты қоса, ауырлығы жеңілден ауыр дәрежеге дейінгі аса жоғары сезімталдық реакциялары; тромбоэмболия, әдетте ауыр АГСС-пен байланысты; демікпенің өршуі немесе нашарлауы.
Балаларда қолданылуы
Қарсы көрсетілген.