G03FB09 Левоноргестрел және Эстрaдиол (Levonorgestrel and Estradiol)
Қолдану көрсеткіштері
- Әйелдерде менопаузадан кейінгі кезеңдегі эстроген тапшылығының симптомдары
кезінде орын басушы гормондық емде (ОБГЕ) (егер менопауза 6 айдан астам
уақытқа жалғасқан жағдайда); Препаратты 65 жастан асқан әйелдерде қолдану тәжірибесі шектеулі. |
-
Клинические протоколы:
- Менопауза и климактерическое состояние у женщины
- Нарушения менопаузы и другие нарушения в околоменопаузальном периоде
Қарсы көрсеткіштері
-
Белсенді заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары
сезімталдық; - Анамнезінде сүт безі обырының расталған немесе болжамды диагнозы немесе сүт безі обыры; - Гормонға тәуелді қатерлі ісіктің расталған немесе болжамды диагнозы (мысалы, эндометрий обыры); - Диагностикаланбаған қынаптық қан кету; - Эндометрийдің емделмеген гиперплазиясы; - Қазіргі уақыттағы немесе анамнездегі идиопатиялық веналық тромбоэмболия (терең веналар тромбозы, өкпе эмболиясы); - Анықталған тромбофилиялық бұзылулар (мысалы, С ақуызы, S ақуызы немесе антитромбин тапшылығы); - Қазіргі уақыттағы немесе анамнездегі артериялық тромбоэмболиялық бұзылулар (мысалы, стенокардия, миокард инфарктісі); - Бауырдың жедел немесе ауыр аурулары немесе анамнездегі бауыр аурулары, биохимиялық талдаулар көрсеткіштері қалпына келгенше; - Порфирия. |
Қауіпсіздік шаралары
ОБГЕ
менопаузадан кейінгі симптомдарын емдеу үшін тек өмір сапасына жағымсыз ықпал
ететін симптомдар болғанда ғана бастаған жөн. Барлық жағдайларда, кем дегенде, жыл сайын қауіп/артықшылық арақатынасын мұқият бағалау керек және ОБГЕ артықшылықтар қауіптен жоғары болған жағдайда ғана жалғасуы керек Мерзімінен бұрын басталған менопаузаны емдеу кезінде ОБГЕ байланысты қауіптер туралы деректер шектеулі. Жас әйелдерде төмен абсолюттік қауіпті ескере отырып, осы әйелдердегі артықшылығы мен қауіптерінің арақатынасы жасы үлкендеу әйелдерге қарағанда жағымдырақ болуы мүмкін. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Дәрілік
затпен бір мезгілде тағайындалатын дәрілік препараттар туралы ақпаратты,
ықтимал өзара әрекеттесу мәніне тексеру керек. Жыныстық гормондардың клиренсін арттыратын заттар (ферменттердің индукциясы нәтижесінде тиімділігінің төмендеуі): Эстрогендер мен прогестагендердің метаболизмін дәрілік препараттарды, әсіресе P450 цитохром ферменттерін метаболиздейтін белгілі ферменттерді индукциялайтын белсенді ингредиенттерді бір мезгілде қабылдау арқылы арттыруға болады. Бұл белсенді ингредиенттерге конвульсияға қарсы дәрілер (мысалы, барбитураттар, фенитоин, карбамазепин, примидон) және инфекцияға қарсы дәрілер (мысалы, рифампицин, рифабутин, невирапин, эфавиренз) және сондай-ақ фелбамат, гризеофульвин, окскарбазепин, топирамат және құрамында шайқурай (Hypericum perforatum) бар өсімдік тектес препараттар кіреді. Эстрогендер мен прогестагендердің клиникалық жоғары метаболизмі осы гормондардың белсенділігінің төмендеуіне және жатырдан қан кету сипатының өзгеруіне әкелуі мүмкін. Ферменттің индукциясы бірнеше күн емдеуден кейін-ақ байқалады. Ферменттің ең жоғары индукциясы, әдетте, бірнеше апта ішінде байқалады. Дәрі-дәрмектік емді тоқтатқаннан кейін ферменттің индукциясы шамамен 4 апта бойы сақталуы мүмкін. Жыныстық гормондардың клиренсіне әсері өзгермелі заттар: Жыныстық гормондармен бір мезгілде қабылдаған кезде АИТВ протеаза тежегіштері мен кері транскриптаза нуклеозидті емес тежегіштерінің, оның ішінде СВГ тежегіштерімен біріктірілімдер плазмадағы эстроген немесе прогестиндер концентрациясын арттыруы немесе төмендетуі мүмкін. Кейбір жағдайларда мұндай өзгерістердің жалпы әсері клиникалық тұрғыдан елеулі болуы мүмкін. Жыныс гормондарының клиренсін төмендететін заттар (фермент тежегіштері): Азолдар тобының антимикотиктері (мысалы, флуконазол, итраконазол, кетоконазол, вориконазол), верапамил, макролидтер (мысалы, кларитромицин, эритромицин), дилтиазем және грейпфрут шырыны сияқты күшті және орташа CYP3A4 тежегіштері қан плазмасындағы прогестин немесе эстроген концентрациясын немесе оны да басқасында арттыруы мүмкін. Эстрогендер имипраминнің жағымсыз әсерлерін күшейтуі мүмкін. Циклоспоринді бір мезгілде қолданғанда циклоспориннің бауыр арқылы экскрециясының төмендеуі қандағы циклоспорин, креатинин және трансаминазалар деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Эстрогендер құрамында кортикостероидтар бар препараттардың тиімділігін арттыруы мүмкін. Қалқанша без гормондарын бір мезгілде алмастырған кезде левотироксин қажеттілігі артуы мүмкін. Белсендірілген көмірді және/немесе антибиотиктерді, мысалы ампициллинді немесе тетрациклинді бір мезгілде қабылдаудың нәтижесінде ішек микрофлорасы өзгереді, белсенді ингредиенттер деңгейінің төмендеуі байқалады, сондықтан дәрілік заттың әсері әлсіреуі мүмкін. Етеккір аралық қан кетулер жиілігінің артуы туралы хабарланды. Эстрогеннің глюкозаға толеранттылыққа (төмендейді) және инсулинге жауапқа ықпалының нәтижесінде пероральді диабетке қарсы дәрілермен немесе инсулинмен емдеу қажеттілігі немесе дозалануы өзгеруі мүмкін. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер ОБГЕ қолданудың барлық кезеңі ішінде мұқият бақылауда болуы тиіс. |
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштері қалыпқа келгенше, Климонормды бауыр аурулары бар әйелдерге қолданбаған жөн. |
Жүктілік
Жүктілік
және лактация кезінде тағайындалмайды. Егер емдеу кезінде жүктілік анықталса, емдеуді тоқтату керек. Эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижелері жүктіліктің ерте кезеңінде препаратты кездейсоқ қабылдаған кезде эстрогендерді прогестагендермен біріктірудің тератогендік және фетоуытты әсерін анықтаған жоқ. |
Емізу
Бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды. |
Жағымсыз әсерлері
Жиі - Бас ауыруы, бас сақинасы - Гипертония - Сүт бездерінің неоплазиясы (қатерсіз мастопатия), сүт безінің ауырсынуы / сүт безінің ауыруы Жиі емес - Респираторлық инфекциялар / бронхит - Аса жоғары сезімталдық реакциялары/ аллергия - Үрей мен депрессиялық көңіл-күйді қоса, көңіл-күйдің құбылмалылығы - Жады бұзылуы*, ұйқышылдық/ бас айналуы - Көрудің бұзылуы - Тахикардия / жүрек қағуы, веналардың варикозды кеңеюі, геморрой, жүрек-қантамыр аурулары - Жүрек айнуы / құсу, метеоризм, іш ауыруы, іш қату*, диспепсиялық бұзылыстар - Холангит, холецистит, бауыр функциясының бұзылуы - Акне / себорея, терінің қышынуы - Етеккір арасындағы қан кету / қан ұюының бұзылулары, мастит*, вагинит*, жатыр мойнының гиперплазиясы* / дисплазия*, эндометрий гипертрофиясы, эндометрий гиперплазиясы*, вульвовагиналық шағымдар, сүт безі обыры - Қан кернеулері, астения, ісінулер / аяқтағы ауырлық, жамбас аймағының ауыруы - Қандағы қант деңгейінің жоғарылауы, анемия, дене салмағының өзгеруі, билирубинемия Сирек - Либидо өзгерістері - Ұйқы бұзылуы - Тромбоз#, беткейлік тромбофлебит, гипотензия - Шаштың түсуі * Препаратпен себептік байланысты болжайтын жалғыз тіркелген жағымсыз құбылыс «кейде» санатына жатады. # Веналық тромбоэмболия. Аяқтың терең веналарының немесе жамбас веналарының тромбозы, сондай-ақ, өкпе артериясының тромбоэмболиясы орын басушы гормондық емді қабылдап жүрмеген адамдардағыға қарағанда, оны қабылдап жүрген адамдарда жиірек кездеседі. |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Дозалау режимі Әр қаптамасы 21 күндік қабылдауға есептелген. Алғашқы 9 күн бойы күнделікті бір сары дражеден, содан соң 12 күн бойы – күнделікті бір қоңыр дражеден қабылдайды. Дражені 3 апта қабылдағаннан кейін препаратты қабылдауда 7 күндік үзіліс жасау керек, сол кезде препаратты тоқтатудан туындаған етеккір тәрізді қан кетудің басталуын күтуге болады. Препаратты қабылдаудағы 7 күндік үзілістен соң, етеккір тәрізді қан кетудің басталған-басталмағанына немесе жалғасып жатқанына қарамастан, Климонорм жаңа қаптамасын бастайды. Енгізу жолы Пероральді |
Балаларда қолданылуы
Балаларға қолдануға арналмаған. |