G03DC05 Тиболон (Tibolon)

Қолдану көрсеткіштері

Менопауза басталғаннан кейін 1 жылдан соң әйелдерде эстроген  жеткіліксіздігінің симптомдарын емдеуде; әйелдерде сынулар туындауының жоғары қаупі бар климакстен кейінгі кезеңде остеопороздың  профилактикасында қолданылатын басқа да дәрілік заттар жақпағанда немесе қарсы көрсетілімдері болған жағдайда остеопороздың және сүйектердің сынуының профилактикасында. 

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық; сүт безінің айғақталған немесе жорамалданған  обыры; эстрогенге тәуелді, айғақталған немесе жорамалданған қатерлі ісік (мысалы, эндометрия обыры); этиологиясы түсініксіз қынаптық қан кету; емделмеген эндометрия гиперплазиясы; сыртартқыдағы идиопатиялық тромбоэмболия немесе қазіргі көктамырлық тромбоэмболия (терең көктамырлық тромбоз, өкпе артериясының эмболиясы); диагностикаланатын тромбофилиялық  жай-күй (мысалы, протеин С, протеин  S немесе антитромбин тапшылығы); жедел, немесе жуырда өткерген артериялық тромбоэмболиялық ауру (мысалы, стенокардия, миокард инфарктісі, инсульт, транзиторлық ишемиялық шабуыл); порфирия.

Қауіпсіздік шаралары

Бақылауды қажет ететін жағдайларӘйелдер төменде келтірілген факторлардың кез келгені пайда болған жағдайда, немесе олар жүктілік кезінде болған жағдайда, немесе бұдан бұрын гормондармен ем қабылдаған болса, мұқият тексерілуі тиіс.  Бұл  факторлар  препаратпен ем жүргізу кезінде пайда болуы немесе нашарлауы мүмкін: - жатырлық лейомиома немесе эндометриоз- тромбоэмболиялық аурудың қауіпті факторларының болуы немесе оның сыртартқыда болуы   - эстрогенге тәуелді ісіктердің қауіпті факторлары (мысалы, ең жақын туысқандарында сүт безінің   қатерлі обыры болуы)  - гипертония - бауыр аурулары   (мысалы, бауыр аденомасы)- қантамырларын қамтыған немесе онсыз қант диабеті  - өт-тас аурулары- бас сақинасы немесе бастың қатты ауыруы  - жүйелік қызыл жегі  - сыртартқыда  көрсетілген эндометрий гиперплазиясы  - эпилепсия- демікпе- отосклерозЕмдеуді келесі жағдайларда дереу тоқтатқан жөн:  - сарғаю дамығанда немесе бауыр функциясы нашарлағанда - артериялық қысым едәуір жоғарылағанда  - бас сақинасына ұқсас бас ауырудың туындауында.- жүктілік

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Варфарин - бір мезгілде қабылдау кезінде белсенділігі артады,  сақтық шараларын қолдануы тиіс.  

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану, зертханалық деректерді бақылауда қолданыңыз.

Бауыр жеткіліксіздігі

Сарғаю дамығанда немесе бауыр функциясы нашарлағанда емдеуді  дереу тоқтатқан жөн:  Бауырдың қазіргі таңдағы жедел ағымды ауруында немесе сыртарқысында бауыр ауруы көрсетілгенде, егер бауырдың функционалдық сынамасы қалыпқа келмесе  қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: іштің немесе сүт бездерінің ауыруы; дене салмағының артуы; жатыр мойны жағындысы нәтижелерінің ауытқуы; қынаптан бөлінділер болуы; эндометрияның қалыңдауы; менопаузадан кейінгі қынаптан қан бөлінділері, гениталдық қышыну, гениталдық кандидоз,  қынаптан қан кету, жатыр мойны дисплазиясы, вульвовагинит; жамбас аумағы ауыруы; шаш өсуінің артуы.Жиі емес: кеуденің орташа ауыруы; кандидоз; қынаптық  микоз; емшек ұшының ауыруы; акне.Жиілігі белгісіз: бас айналу, бас ауыру, бас сақинасы; тері бөртпесі, қышыну,  себореялы дерматит; көрудің нашарлауы (көрудің көмескіленуін қоса); асқазан-ішек бұзылулары; депрессия; ісінулер; буындардың, бұлшықеттердің ауыруы; бауыр функциясының бұзылуы.

Балаларда қолданылуы

Қарсы көрсетілген.