G03DB01 Дидрогестерон (Dydrogesterone)

Қарсы көрсеткіштері

Біріктірілген терапия кезінде эстрогендерге қарсы көрсетілімдердің болуы; этиологиясы анықталмаған қынаптық қан кетулер; дидрогестеронға немесе препараттың басқа да компоненттеріне аса жоғары сезімталдық; анықталған немесе күдік тудыратын прогестаген немесе эстрогенге тәуелді қатерлі жаңа түзілімдер.

Қауіпсіздік шаралары

Жатырлық қан кетулерді емдеуді бастар алдында органикалық себептері бар-жоқтығын анықтап алу қажет. Әдетте емдеудің алғашқы айларында қатты қан кету және жағынды қан бөлінділері туындауы мүмкін, егер жағынды қан бөлінділері емдеу ортасында немесе емдеу курсынан кейін туындайтын болса, оның себебін анықтап, малигнизацияны жоққа шығару мақсатында эндометрий биопсиясын жасау керек. Қолдануды тоқтату, егер: ерекше қатты бас ауыруы, бас сақинасы немесе мидың ишемиясын көрсететін симптомдар; артериялық қысымның едәуір жоғарылауы; көктамырлық тромбоэмболия белгілері, депрессия кезінде. Холестаздық сарғаю, жүкті әйелдер герпесі, қатты қышыну, отосклероз және порфирия кезінде сақтықпен қолдану. Эстрогендермен (мысалы, ОГЕ үшін) біріктіріп тағайындаған жағдайда эстрогендерді қолданумен байланысты қарсы көрсетілімдермен және ескертулермен мұқият танысып шыққан жөн. Жылына кем дегенде бір рет, ОГЕ-нің қаупіне және пайдасына баға беріп отыру және пайдасы қаупінен басым болған жағдайда емдеуді жалғастыру керек. Қатты қан кетуді препарат дозасын арттыру арқылы жояды. Менопауза симптомдарын емдеу үшін орын басатын гормональді ем ретінде менопауза симптомдары әйелдің өмір сүру сапасын едәуір нашарлатқан жағдайда ғана қолданады. Сүт безі ісігі, көктамырлық тромбоэмболия даму қаупі жоғары. Автокөлік немесе қозғалыстағы механизмдерді басқарудан бас тарту.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Фенобарбитал, фенитоин, карбамазепин, рифампицин, рифабутин, невирапин, эфавиренз, ритонавир, нелфинавир - дидрогестерон метаболизмінің жоғарылауы және оның тиімділігінің төмендеуі.Құрамында шайқурай, сәлбен немесе гинкго билоба өсімдігінің экстракттары бар препараттар - дидрогестерон тиімділігінің төмендеуі.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметі бұзылыстары мүмкін. Белсенді фазада немесе анамнезінде бауыр аурулары бар пациенттерде бауыр тесттері қалыпқа келгенше сақтықпен қолдану. Бауыр қызметінің ауыр бұзылыстарының белгілерінде емдеуді тоқтату.

Жүктілік

Жүктілік кезінде нақты көрсетілімдері болған жағдайда тағайындауға болады. Қатер төндіретін түсікте немесе дағдыға айналған жүктіліктің аяғына дейін жетпеуінде жүктіліктің дамуы мен ұрықтың өмірге қабілеттілігін бақылаған жөн.   

Емізу

Прогестагендер мен олардың метаболиттері аз мөлшерде ана сүтінде анықталады. Емшектегі нәресте үшін қаупі белгісіз, сондықтан бала емізу кезеңінде қолдану ұсынылмайды. 

Жағымсыз әсерлері

Жиі: бас сақинасы, бас ауыруы; жүрек айнуы; метроррагия, меноррагия, олиго/аменорея, дисменорея және жүйесіз етеккірді қоса, етеккірдің бұзылуы.Сирек: депрессия; бас айналуы; құсу; сарғаю және іш ауыруымен бауыр қызметінің бұзылуы; аллергиялық реакциялар: тері бөртпесі, қышыну, есекжем, Квинке ісінуі; дене салмағының артуы; прогестагенге тәуелді жаңа түзілімдер өлшемінің артуы (менингиома); гемолитикалық анемия.

Балаларда қолданылуы

12-18 жас аралығындағы балаларда қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Менархе жасына толмағандарға дидрогестеронды қолдануға көрсеткіштер жоқ.